Об установлении квоты рабочих мест
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест
- Атауы (қаз.)
- Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 140
- Қабылданған күні
- 10.06.2013
- Көрсетілген редакция
- 06.05.2016 73161_95966.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13LE004467
- ЭКБ идентификаторы
- 73161
- Редакция идентификаторы
- 73161_95966
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:58
0 Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына бес проценті мөлшерінде квотасы белгіленсін.
3. Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарын бір проценті мөлшерінде квотасы белгіленсін.
4. "Қармақшы ауданында мүгедектер мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2011 жылғы 20 маусымдағы N 16 аудан әкімдігі қаулысының (облыстық Әділет департаментінде 2011 жылғы 11 шілдеде N 10-5-161 тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінде 2011 жылы 30 шілдеде N 66 ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.