Құжат мәтініне өту

ИМПОРТ: Об установлении квоты рабочих мест

Қаулы · № 144 · қабылданған 31.05.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-73166/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
ИМПОРТ: Об установлении квоты рабочих мест Күшін жойған Қаулы ·№ 144 ·31.05.2013
24.03.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.03.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

ИМПОРТ: Об установлении квоты рабочих мест

Күшін жойған Қаулы ·№ 144 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
ИМПОРТ: Об установлении квоты рабочих мест
Атауы (қаз.)
ИМПОРТ: Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
144
Қабылданған күні
31.05.2013
Көрсетілген редакция
24.03.2016 73166_200432.kaz
Соңғы өзгеріс
24.03.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13LD004466
ЭКБ идентификаторы
73166
Редакция идентификаторы
73166_200432
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:00

0 Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

"Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Кодексінің 21-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін бес процент мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2 2. Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына бес процент мөлшерінде квота белгіленсін.

3 3. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

4

4. Қазалы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қарашадағы "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4376 болып тіркелген, 2013 жылғы 9 қаңтарда "Тұран-Қазалы" газетінде жарияланған) N 368 қаулысының және 2011 жылғы 14 наурыздағы "ауданда мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10-4-145 болып тіркелген, 2011 жылғы 13 сәуірде "Тұран-Қазалы" газетінде жарияланған) N 81 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары А. Алдажаровқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы