Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы проверочного листа и критериев оценки степени рисков деятельности организаций, управляющих имущественными правами на коллективной основе

Бұйрық · № 208 · қабылданған 11.06.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-73212/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении формы проверочного листа и критериев оценки степени рисков деятельности организаций, управляющих имущественными правами на коллективной основе Күшін жойған Бұйрық ·№ 208 ·11.06.2013
25.08.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы проверочного листа и критериев оценки степени рисков деятельности организаций, управляющих имущественными правами на коллективной основе

Күшін жойған Бұйрық ·№ 208 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы проверочного листа и критериев оценки степени рисков деятельности организаций, управляющих имущественными правами на коллективной основе
Атауы (қаз.)
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін тексеру парағының нысанын және тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемдерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
208
Қабылданған күні
11.06.2013
Көрсетілген редакция
25.08.2018 73212_350186.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008506
ЭКБ идентификаторы
73212
Редакция идентификаторы
73212_350186
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:57

0 Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін тексеру парағының нысанын және тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13 және 15-баптарына, «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін тексеру парағының нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2 2) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметінің тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемдері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті:

1 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оны ресми жариялауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

1 Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін тексеру парағы

Қазақстан Республикасының
Әділет министрінің
2013 жылғы 11 маусымдағы
№ 208 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін тексеру парағы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Тексеруді тағайындау туралы акті ____________________________________
(№, күні)
Тексеруді жүзеге асырушы лауазымды адамдардың Т.А.Ә. ________________
_____________________________________________________________________
Ұйымның атауы _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
БСН _________________________________________________________________

Та­лап­тар­дың ті­зі­лі­мі
Иә
Жоқ
1
Ұй­ым жар­ғы­сы­ның «Ав­тор­лық құқық және са­бақ­тас құқық­тар ту­ра­лы» Заң­ға сәй­кест­і­лі­гі
2
Мү­лік­тік құқық­тар­ды ұжым­дық негіз­де бас­қа­ра­тын ұй­ым­ға ав­тор­лар­дың, орын­да­у­шы­лар­дың, фо­но­грам­ма жа­са­у­шы­лар­дың құқық­та­рын бас­қа­ру­ға өкі­лет­тік бе­ру ту­ра­лы шар­ттар­дың бо­луы
3
Құқық ие­ле­ну­ші­лер­мен ав­тор­лық құқық және са­бақ­тас құқық­тар объ­ек­ті­ле­рін пай­да­ла­ну­ға ли­цен­зи­я­лық шар­ттар­дың бо­луы
4
Жал­пы жи­на­лы­стың сый­а­қы став­ка­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы ше­ші­мі
5
Жал­пы жи­на­лы­стың пай­да­ла­ну­шы­лар­мен ав­тор­лық құқық және са­бақ­тас құқық­тар объ­ек­ті­ле­рін пай­да­ла­ну­ға шар­ттар­ды жа­са­су та­лап­та­ры ту­ра­лы ше­ші­мі
6
Жал­пы жи­на­лы­стың өзін­дік шы­ғы­стар­ды жа­бу­ға ба­ғыт­тал­ған сый­а­қы со­ма­ла­ры ту­ра­лы ше­ші­мі
7
Сый­а­қы­ны бө­лу және тоқ­сан сай­ын тө­леу
8
«Ав­тор­лық құқық және са­бақ­тас құқық­тар ту­ра­лы» Заң­ның 47-ба­бы­на сәй­кес уәкі­лет­ті ор­ган­ға ақ­па­рат ұсы­ны­л­ға­нын рас­тай­тын құ­жат­тар­дың бо­луы
9
Мү­лік­тік құқық­тар­ды ұжым­дық негіз­де бас­қа­ра­тын ше­тел­дік ұй­ым­дар­мен екі­жақ­ты және кө­п­жақ­ты ке­лі­сім­дер­дің бо­луы
10
Мү­лік­тік құқық­тар­ды ұжым­дық негіз­де бас­қа­ра­тын ше­тел­дік ұй­ым­дар­ға сый­а­қы тө­ле­уді рас­тай­тын құ­жат­тар­дың бо­луы
11
Ұй­ым­ның ав­тор­лық құқық­ты және са­бақ­тас құқық­тар­ды ие­ле­ну­ші­лер­ге олар­дың құқық­та­рын пай­да­ла­ну, со­ның ішін­де жи­нал­ған сый­а­қы­лар кө­ле­мі және одан ұстап қал­ған со­ма­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді қам­ти­тын есеп­тер­дің бо­луы
12
Құқық ие­ле­ну­ші­лер, олар­дың оған бас­қа­ру­ға бер­ген құқық­та­ры, сон­дай-ақ ав­тор­лық құқық және са­бақ­тас құқық­тар объ­ек­ті­ле­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді қам­ти­тын ті­зі­лім­дер­дің бо­луы
13
Мү­лік­тік құқық­тар­ды ұжым­дық негіз­де бас­қа­ра­тын ұй­ым­ның қыз­ме­ті ту­ра­лы пай­да­ла­ну­шы­лар­ды ха­бар­дар ету мақ­са­тын­да Ин­тер­нет-ре­сур­сы­ның бо­луы
14
Ав­тор­лық құқық және са­бақ­тас құқық­тар объ­ек­ті­сі­нің ата­уын, ав­тор­дың неме­се өзге де құқық ие­ле­ну­ші­нің атын қо­са ал­ған­да, өзіне бас­қа­ру­ға бер­ген құқық­тар ту­ра­лы ақ­па­рат­ты Ин­тер­нет-ре­сур­сқа ор­на­ла­сты­ру
15
Жер­гі­лік­ті жер­лер­де ав­тор­лық құқық және са­бақ­тас құқық­тар объ­ек­ті­ле­рін пай­да­лан­ған үшін сый­а­қы­лар­ды жи­нау, бө­лу және тө­леу жө­нін­де­гі функ­ци­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ра­тын өкіл­дер­дің бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты Ин­тер­нет-ре­сур­сқа ор­на­ла­сты­ру
16
Жи­нал­ған сый­а­қы­ны ауда­ру үшін ав­тор­лар­ды, орын­да­у­шы­лар­ды, фо­но­грам­ма жа­са­у­шы­лар­ды із­деу жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­дан­ға­нын рас­тай­тын ма­те­ри­ал­дар­дың бо­луы
17
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкі­ме­ті бе­кіт­кен ең тө­мен­гі став­ка­лар­дан тө­мен емес сый­а­қы став­ка­ла­рын қол­да­ну
Субъектінің тексеру парағын алғаны туралы белгі
20 ___ ж. «___» _________
__________________________ ________________
Т.А.Ә. лауазымы (қолы)

2 Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

Қазақстан Республикасының
Әділет министрінің
2013 жылғы 11 маусымдағы
№ 208 бұйрығына
2-қосымша
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

1 1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - Өлшемдері) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарға (бұдан әрі - субъектілер) жоспарлы тексеріс жүргізу үшін әзірленген.

2 2. Осы өлшемдерде келесі ұғымдар пайдаланылады:

тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде авторлардың, сабақтас құқықтар субъектілеріне немесе құқық иеленушілердің заңды мүдделеріне нұқсан келтіру ықтималдығы;
тәуекелдерді бағалау жүйесі – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды тексеруді жоспарлау мақсатында жүргізетін іс-шаралар кешені;
тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері – бақылау субъектісі қызметімен тікелей байланысты, оны тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
бақылау субъектісі - «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңға сәйкес мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар.

3 3. Субъектілер қызметінің тәуекелдерін бағалау субъектінің салдарлардың ауырлығы тұрғысынан маңыздылығы, авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың салалық статистикасы, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері ескеріле отырып, келесі тәртіпте жүргізіледі:

1

1) субъектілерді тәуекел дәрежесі бойынша бастапқы тиістілігі уәкілетті органда ұжымдық негізде басқару салаларында қызметті жүзеге асыру үшін алған аккредитация туралы және құқықтарын басқару туралы шарттарды жасасқан құқық иеленушілермен бірге осындай шарттар жасалмаған құқық иеленушілер үшін де сыйақы жинауды жүзеге асыруға құқық беретін куәліктің болуы ескеріле отырып, жүзеге асырылады;

2 2) субъектілердің тәуекел дәрежесі бойынша қайталама тиістілігі авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың салалық статистикасы және субъектілер қызметінің сапалық көрсеткіштеріне сәйкес тексерулердің нәтижелері ескеріле отырып, жүзеге асырылады.

4 4. Маңыздылығы бойынша субъектілерді бөлу:

1 1) жоғарғы тәуекел дәрежесіне тексеру нәтижелері бойынша 15-тен 19-ға дейін бал алған субъектілер жатады;

2 2) орташа тәуекел дәрежесіне тексеру нәтижелері бойынша 5-тен 15-ке дейін бал алған субъектілер жатады;

3 3) маңызды емес тәуекел дәрежесіне тексеру нәтижелері бойынша 0-ден 5-ке дейін бал алған субъектілер жатады.

5 5. Субъектілердің тәуекел дәрежесі бойынша қайталама тиістілігі кезінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалаудың сапалық өлшемдеріне байланысты субъектілер қайта бөлінеді.

6 6. Тәуекелдер дәрежесін бағалаудың сапалық өлшемдерін қолдану мақсатында, авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың салалық статистикасы деректері, тексерулердің нәтижелері пайдаланылады.

7 7. Тәуекелдер дәрежесін бағалаудың сапалық өлшемдеріне байланысты субъектілер жоғарғы, орташа немесе маңызды емес тәуекел дәрежесіне өтеді.

Сапалық өлшемдер балдармен бағаланады:

1 1) авторлық құқық және сабақтас құқықтар иеленушілеріне жиналған сыйақыларды бөлмеу - 3 балл;

2 2) Ұйым жарғысының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңға сәйкес болмауы - 3 балл;

3 3) лицензиялық шарттарды жасау талаптары туралы жалпы жиналыс шешімінің, сыйақы ставкаларының болмауы - 3 балл;

4 4) авторлық құқық және сабақтас құқықтар иеленушілеріне сыйақыларды бөлмеу және төлемеу - 3 балл;

5 5) уәкілетті органға есеп бермеу - 1 балл;

6 6) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ең төменгі ставкалардан төмен сыйақы ставкаларын қолдану - 3 балл;

7 7) Жиналған сыйақыны аудару үшін авторларды, орындаушыларды, фонограмма жасаушыларды іздеу жөнінде шаралар қабылдамау - 2 балл;

8 8) Құқық иеленушілер, олардың оған басқаруға берген құқықтары, сондай-ақ авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілері туралы мәліметтерді қамтитын тізілімдердің болмауы - 2 балл;

9 9) Ұйымның авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды иеленушілерге олардың құқықтарын пайдалану, соның ішінде жиналған сыйақылар көлемі және одан ұстап қалған сомалар туралы мәліметтерді қамтитын есептердің болмауы - 2 балл;

10 10) Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның қызметі туралы пайдаланушыларды хабардар ету мақсатында Интернет-ресурсының болмауы - 2 балл;

11 11) Ұйымның Интернет-ресурсында авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектісінің атауын, автордың немесе өзге де құқық иеленушінің атын қоса алғанда, өзіне басқаруға берген құқықтар туралы ақпараттың болмауы - 2 балл;

12 12) Интернет-ресурста жергілікті жерлерде авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланғаны үшін сыйақыларды жинау, бөлу және төлеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын өкілдердің болуы туралы ақпараттың болмауы - 1 балл.

Қайталама жоспарлы тексерулердің мерзімділігі мына тәртіпте белгіленеді:

1 1) жылына бір рет – тәуекел дәрежесі жоғары болғанда;

2 2) үш жылда бір рет – тәуекел дәрежесі орташа болғанда;

3 3) бес жылда бір рет - тәуекел дәрежесі маңызды емес болғанда.

Қолданыстағы