Құжат мәтініне өту

О ратификации Протокола между Республикой Казахстан и Чешской Республикой о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Республикой Казахстан и Чешской Республикой о поощрении и взаимной защите инвестиций

Заң · № 118-V · қабылданған 02.07.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-73229/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Протокола между Республикой Казахстан и Чешской Республикой о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Республикой Казахстан и Чешской Республикой о поощрении и взаимной защите инвестиций Қолданыста Заң ·№ 118-V ·02.07.2013
02.07.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Протокола между Республикой Казахстан и Чешской Республикой о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Республикой Казахстан и Чешской Республикой о поощрении и взаимной защите инвестиций

Қолданыста Заң ·№ 118-V · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Протокола между Республикой Казахстан и Чешской Республикой о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Республикой Казахстан и Чешской Республикой о поощрении и взаимной защите инвестиций
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
118-V
Қабылданған күні
02.07.2013
Көрсетілген редакция
02.07.2013 AI73229_0.kaz
Соңғы өзгеріс
02.07.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z1300000118
ЭКБ идентификаторы
73229
Редакция идентификаторы
AI73229_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:50

0 Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы

2010 жылғы 25 қарашада Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы Kелісімгe өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы
ХАТТАМА
Бұдан әрі «Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы Прага қаласында 1996 жылғы 8 қазанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге (бұдан әpi - Келісім) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы келісті:

1 1-бап

Кeлiciмнің 3-бабында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұлттық режим және неғұрлым қолайлы режим туралы ереже осы бапқа сәйкес кеден, экономикалық немесе валюталық одағына, ортақ нарыққа немесе еркін сауда аймағына мүшеліктен туындайтын өз міндеттемелеріне орай Уағдаласушы Тарап ұсынатын пайдаға қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 4, 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы кеден, экономикалық немесе валюталық одағына, ортақ нарыққа немесе еркін сауда аймағына мүше екінші Уағдаласушы Тараптың міндеттемелеріне осы кеден, экономикалық немесе валюталық одағына, ортақ нарыққа немесе еркін сауда аймағына қатысты халықаралық шарттан туындайтын міндеттемелердің кіретіндігімен келіседі.
5. Осы Келісімнің ережелері Уағдаласушы Тараптардың бірінің екінші Уағдаласушы Тараптың инвесторларына, олардың инвестицияларына немесе кірістеріне бip Уағдаласушы Тарап Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы келісім немесе салық салуға байланысты басқа да халықаралық келісімдер негізінде ұсынуға құқылы осындай пайданы, басымдықтарды немесе артықшылықтарды ұсыну міндеттемесі ретінде түсіндірілмеуі тиіс.».

2 2-бап

Келісімнің 6-бабының 1-тармағының бipiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Еуропалық Одақ қабылдаған шараларды қозғамастан, аумағында екінші Уағдаласушы Тараптың инвесторлары инвестициялар салған әрбір Уағдаласушы Тарап инвесторлар барлық салықтық міндеттемелерді орындағаннан кейін осы инвесторларға осы инвестициялармен байланысты еркін айналымдағы валютада, кедергісіз және артық кідіріссіз, атап айтқанда, бipaқ айрықша емес төлемдердің еркін аударымын ұсынады:».

3 3-бап

Келісімнің 8-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер бip Уағдаласушы Тараптың инвесторы мен екінші Уағдаласушы Тарап арасындағы дау осындай жолмен даудың туындағаны туралы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап алты ай ішінде осындай түрде шешілмесе, онда инвестор өз қалауы бойынша оны:
а) аумағында инвестициялар жүзеге асырылған Уағдаласушы Тарап мемлекеттің құзыретті соттарының, немесе
б) 1965 жылғы 18 наурыздағы Мемлекеттер мен басқа мемлекеттердің азаматтары арасындағы инвестициялық дауларды реттеу туралы конвенцияның қолданылып жүрген ережелерін ескере отырып, егер Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы осы Конвенцияның қатысушысы болған жағдайда, Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың (ICSID), немесе
в) төрешіге немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясының (ЮНСИТРАЛ) Төрелік регламентіне сәйкес халықаралық «ad hoc» төрелік сотының қарауына ұсына алады. Дау тараптары осы ережелерде өзгерту туралы жазбаша уағдаласуы мүмкін. Егер тиісті төрелік ережелерде немесе екі Уағдаласушы Тарап қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген болса, аралық соттың шешімі дауда екі тарап үшін де түпкілікті және міндетті болуы тиіс.».

4 4-бап

1 1. Keлісім мынадай мазмұндағы 11-баппен толықтырылсын:

«11-бап Қауіпсіздіктің негізгі мүдделері
1. Осы Келісімнің ешқандай ережелері кез келген Уағдаласушы Тараптың өзінің:
а) қылмыстарға қатысты;
б) қару-жарақ, оқ-дәрі және әскери техника саудасына және әскери немесе басқа да әлеуетті құрылымдарды жабдықтау мақсатында жүзеге асырылатын өзге де тауарлармен, материалдармен, қызметтермен және технологиялармен жасалатын операцияларға қатысты;
в) соғыс уақытында немесе халықаралық қатынастардағы төтенше жағдайлар жүзеге асырылған;
г) ядролық қаруды немесе басқа да ядролық жарылғыш қондырғыларды таратуға тыйым салуға қатысты ұлттық саясатты немесе халықаралық шарттарды icкe асыруға байланысты, немесе
д) халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес келетін өзінің міндеттемелеріне байланысты негізгі қауіпсіздік мүдделерін қорғау үшін қажет деп есептейтін шараларды қолдануына кедергі ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
2. Уағдаласушы Тарап қауіпсіздігінің негізгі мүдделері оның кеден, экономикалық немесе валюталық одағына, ортақ, нарыққа немесе еркін сауда аймағына мүшелігінен туындайтын мүдделерді қамтуы мүмкін.».

3 3. Келісімнің 11 және 12-баптары 12 және 13-баптар болып саналсын.

5 5-бап

Келісімнің 12-бабында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Қорытынды ережелер»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Уағдаласушы Тараптардың өзара келісiмі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген хаттамалармен рәсімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.».

6 6-бап

Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және Уағдаласушы Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап 60 (алпыс) күн өткен соң күшіне енеді.
Осы Хаттама Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде күшінде қалады.
2010 жылғы 25 қарашада Астана қаласында әрқайсысы қазақ, чех және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әpi барлық мәтіндер бірдей дәлме-дәл болып табылады.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
2010 жылғы 25 қарашада Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы хаттаманың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

Қолданыстағы