Құжат мәтініне өту

О создании республиканского государственного учреждения "Национальный музей Республики Казахстан" Комитета по культуре Министерства культуры и информации Республики Казахстан

Қаулы · № 675 · қабылданған 02.07.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-73241/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О создании республиканского государственного учреждения "Национальный музей Республики Казахстан" Комитета по культуре Министерства культуры и информации Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 675 ·02.07.2013
31.12.2015 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании республиканского государственного учреждения "Национальный музей Республики Казахстан" Комитета по культуре Министерства культуры и информации Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 675 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании республиканского государственного учреждения "Национальный музей Республики Казахстан" Комитета по культуре Министерства культуры и информации Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
675
Қабылданған күні
02.07.2013
Көрсетілген редакция
31.12.2015 AI73241_6.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000675
ЭКБ идентификаторы
73241
Редакция идентификаторы
AI73241_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:50

0 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы

1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі мекемеге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

3 3. Мекемені қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

4 4. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының мемлекеттік қабылдау комиссиясы объектіні қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының ғимаратын жер учаскесімен қоса сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысына келісім берілсін.

5

5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен мүлiктi қабылдау-беру актiсiне қол қойылғаннан кейiн Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының ғимаратын жер учаскесімен қоса мекеменің теңгеріміне берсiн.

6 6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1 1) мекеме жарғысының бекітілуін және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуін;

2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсiн.

7 7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен;

2 2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

3 3) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
1-бөлімде:
мына:
«
1.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лi­гi, оған ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­с­та­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тiк ме­ке­ме­лер­дi ес­ке­ре оты­рып, оның iшiн­де:
1190,5
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лi­гiне ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­с­та­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тiк ме­ке­ме­лер, оның iшiн­де:
1021,5
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лi­гi, оған ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­с­та­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тiк ме­ке­ме­лер­дi ес­ке­ре оты­рып, оның iшiн­де:
1219,5
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лi­гiне ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­с­та­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тiк ме­ке­ме­лер, оның iшiн­де:
1050,5
»;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық мұ­ра­жайы
29
».

8 8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы