Құжат мәтініне өту

Об утверждении Регламента оказания государственной услуги "Выдача документов о прохождении подготовки, повышения квалификации и переподготовки кадров отрасли здравоохранения"

Қаулы · № 106-899 · қабылданған 31.05.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-73257/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении Регламента оказания государственной услуги "Выдача документов о прохождении подготовки, повышения квалификации и переподготовки кадров отрасли здравоохранения" Күшін жойған Қаулы ·№ 106-899 ·31.05.2013
29.08.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Регламента оказания государственной услуги "Выдача документов о прохождении подготовки, повышения квалификации и переподготовки кадров отрасли здравоохранения"

Күшін жойған Қаулы ·№ 106-899 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Регламента оказания государственной услуги "Выдача документов о прохождении подготовки, повышения квалификации и переподготовки кадров отрасли здравоохранения"
Атауы (қаз.)
"Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
106-899
Қабылданған күні
31.05.2013
Көрсетілген редакция
29.08.2014 AI73257_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.08.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13A0000782
ЭКБ идентификаторы
73257
Редакция идентификаторы
AI73257_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:00

0 "Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына, «Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту және «Жеке және занды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 11 желтоқсандағы  № 1575 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. «Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялануын және Астана қаласы әкімдігінің интернет-қорларына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.

4 «Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

4. Осы қаулы ресми түрде алғашқы рет жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн аяқталғанда күшіне енеді.
Әкім                                       И. Тасмағамбетов
Астана қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 31 мамырдағы
№ 106-899 қаулысына
қосымша
«Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Астана қаласы, Ш.Құдайбердіұлы даңғылы, № 16 мекенжай бойынша орналасқан Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – колледж) көрсетеді.

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы 9-1-бабының 1-тармағының және «Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту және «Жеке және занды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 1575 қаулысымен бекітілген стандарттың негізінде көрсетіледі.

4 4. Мемлекеттік қызмет колледжде оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан өткен жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

5 5. Мыналар:

1 1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша – диплом;

2 2) қосымша кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша, қайта даярлауды, біліктілігін жоғарылатуды аяқтағаннан кейін – куәлік беру көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері қорытынды аттестаттау комиссиясы (біліктілік комиссиясы) немесе колледж директоры шешім қабылдаған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспауы тиіс.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, колледждің байланыс телефондары, жұмыс кестесі туралы ақпарат www.astanamed.kz интернет-сайтында орналастырылады.

8 8. Колледждің оқу бөлімі даярлаудан өту мәселелері бойынша, колледждің біліктілік жоғарылату бөлімшесінің меңгерушісі (бұдан әрі – БЖБ меңгерушісі) біліктілік жоғарылатудан және қайта даярлаудан өту туралы ақпарат береді.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сипаттау

9 9. Даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжатты алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар мынадай құжаттарды көрсетуі тиіс:

1 1) жеке куәлік;

2 2) кету қағазы немесе мемлекеттік қызмет алушының колледж алдында берешегінің жоқтығын растайтын өзге құжат.

10 10. Кету қағазы немесе мемлекеттік қызмет алушының колледж алдында берешегінің жоқтығын растайтын өзге құжат осы регламенттің 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.

11 11. Осы регламенттің 9-тармағында көрсетілген құжаттар колледждің аталған құжаттарды тіркеуге жауапты құрылымдық бөлімшелеріне беріледі.

Мемлекеттік қызмет алушының құжаттарды ұсынуын растау оны осы Регламенттің 9-тармағында көрсетілген құжаттардың тапсырылатын күні көрсетілетін есепке алу журналына тіркеу болып табылады.

12 12. Мемлекеттік қызметті ұсынуды тоқтату үшін мемлекеттік қызмет алушының колледждің алдындағы қаржылай немесе өзге де берешектері негіз болып табылады. Қаржылық немесе өзге де берешектерді жойған жағдайда мемлекеттік қызмет алушыға осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген құжат беріледі.

13 13. Даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттарға колледж директоры немесе оның орынбасары қолын қояды және колледждің елтаңбалық мөрімен куәландырылады.

14 14. Даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжат мемлекеттік қызмет алушыға салтанатты түрде жеке беріледі.

Құжатты жеке алуға мүмкіндік болмаған жағдайда ол өзге тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ресімделген сенімхат бойынша беріледі.

15 15. Мамандықтар бойынша даярлықтан өткендігі туралы құжаттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 қаулысымен бекітілген Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру ережесінде белгіленген нысан бойынша беріледі.

16

16. Қайта даярлау, біліктілігін жоғарлату туралы құжаттар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығымен бекітілген Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау ережелерінде белгіленген нысан бойынша беріледі.

17

17. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес немесе коммерциялық негізде көрсетіледі, осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген құжаттардың телнұсқаларын беру колледждің бекітілген баға анықтамалығы бойынша қолма-қол және/немесе қолма-қол емес есеп айырысу бойынша ақылы түрде көрсетіледі.

18 18. Құжаттар мен олардың телнұсқаларын беру кезінде құрылымдық-қызметтік бірліктер (бұдан әрі – ҚҚБ) әрекеттерінің тізбегі осы регламентке 1-қосымша көрсетілген.

19 19. Құжаттар мен олардың телнұсқаларын беру кезінде құрылымдық-қызметтік бірліктердің қызметтік өзара әрекеттестігі осы регламентке 2-қосымша көрсетілген.

20 20. Құжаттардың телнұсқалары мен оларға қоса берілетін қосымшалар жоғалтып алған құжаттардың орнына беріледі. Телнұсқаны беру үшін құжатты жоғалтқан азаматтың колледж директоры атына оны жоғалту жағдайы жазылған өтініші негіз болып табылады.

Құжаттың жоғалғандығы туралы ақпарат мерзімді баспасөз басылымында жарияланғаннан кейін колледж директоры немесе оны алмастыратын тұлға құжаттын телнұсқаларын беру туралы шешімді қабылдайды.
Құжат телнұсқасы өтініш келіп түскен күннен бастап бір айдан кешіктермей беріледі.
Құжаттардың телнұсқалары құжаттың түпнұсқасы берілген тегіне, атына, және әкесінің атына беріледі.
Құжаттардың телнұсқалары телнұсқа беру туралы шешім қабылданған сәтте қолданыстағы үлгі бланкілерінде беріледі және колледж директоры және оның оқу жұмысы жөніндегі орынбасары қол қояды.
Берілетін құжаттың бланкісінде оң жақ жоғарғы бұрышында «Түпнұсқаның орнына берілген №_____ телнұсқа» деген мөртабан қойылады.

21

21. Өзінің тегін (есімін, әкесінің атын) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзгерткен мемлекеттік қызмет алушы қолында бар құжаттарды тегі (есімі, әкесінің аты) өзгертілген құжаттарға ауыстыра алады. Ауыстыру шаралары колледж директорының немесе оның орынбасарының шешімі бойынша өзінің тегін (есімін, әкесінің атын) өзгерткен мемлекеттік қызмет алушының тегінің (есімін, әкесінің атының) өзгергендігін растайтын құжаттарымен бірге берген өтінішінің негізінде жүргізіледі.

22 22. Берілген құжаттардың, оның ішінде телнұсқалардың көшірмелері бір данада белгіленген тәртіпте колледж мұрағатында мемлекеттік қызмет алушының жеке ісінде сақталады.

3 3. Мемлекеттік қызмет ұсыну барысында жүзеге асырылатын (қабылданған) шешімдер мен әрекет (әрекетсіздікке) шағым жасау тәртібі

23 23. Колледж қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін колледж қабылдау бөлімінің хатшы-іс-жүргізушісі түсіндіреді.

24 24. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым осы регламенттің 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша құжатты беруге жауапты колледж құрылымдық бөлімшесінің басшысына поштамен жазбаша түрде не қолма-қол беріледі.

25 25. Қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайда шағым осы регламенттің 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша колледж директорына поштамен жазбаша түрде не қолма-қол беріледі.

26 26. Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

27 27. Шағым ерікті түрде беріледі.

28 2-кесте. Телнұсқаларды беру кезінде құрылымдық-қызметтік бірліктер әрекеттерінің сипаттамасы

28. Шағым колледж қабылдау бөлімінің кіріс хат-хабарды есепке алу журналында тіркеледі.
Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты колледж интернет-сайтында көрсетілген телефон бойынша алуға болады.
Шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
«Денсаулық сақтау саласы
кадрларының даярлаудан,
біліктілікті жоғарылатудан және
қайта даярлаудан өткені туралы
құжаттар беру» мемлекеттік
қызметін көрсету регламентіне
1-қосымша
1-кесте. Құрылымдық-қызметтік бірліктер әрекеттерінің сипаттамасы
1.Әре­кет № (ба­ры­сы, ағы­мы, жұ­мысы)
1
2
3
4
5
6
7
ҚҚБ ата­уы
Мем­ле­кет­тік қыз­мет алушы­ның құ­жат­та­рын қа­был­дай­тын бө­лім­ше қыз­мет­ке­рі (оқу бө­лі­мі, БЖБ мең­ге­ру­ші­сі)
Құ­жат­тар­ды ре­сім­дей­тін және бұй­рық­ты дай­ын­дай­тын бө­лім­ше қыз­мет­ке­рі (оқу бө­лі­мі, БЖБ мең­ге­ру­ші­сі)
Бө­лім­ше қыз­мет­ке­рі (оқу бө­лі­мі, БЖБ мең­ге­ру­ші­сі)
Кол­ледж ди­рек­то­ры-ның же­тек­ші­лік ете­тін орын­ба­са­ры
Кол­ледж ди­рек­то­ры
Мем­ле­кет­тік қыз­мет алушы­ның құ­жат­та­рын қа­был­дай­тын бө­лім­ше қыз­мет­ке­рі (оқу бө­лі­мі, БЖБ мең­ге­ру­ші­сі)
Мем­ле­кет­тік қыз­мет алушы
Әре­кет (үде­ріс, тәр­тіп­те­ме­лер, опе­ра­ци­я­лар) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Мем­ле­кет­тік қыз­мет алушы­ның же­ке ку­ә­лі­гін қа­был­дау және тір­кеу
Же­ке ку­ә­лік мә­лі­мет­те­рі-мен та­ны­су, мем­ле­кет­тік қыз­мет алушы­ның же­ке іс­ін­де­гі құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын тек­се­ру. Кол­ледж ди­рек­то­ры-ның кадр­ла­ры­ның да­яр­ла­удан, бі­лік­ті­лік­ті жо­ға­ры­ла­ту­дан және қай­та да­яр­ла­удан өт­ке­ні ту­ра­лы құ­жат­тар­ды бе­ру жө­нін­де­гі бұй­ры­ғы­ның жо­ба­сын дай­ын­дау. Бұй­рық­тың жо­ба­сын ти­іс­ті құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер­ге, ди­рек­тор­дың же­тек­ші­лік ете­тін орын­ба­са­ры­на ке­лі­су­ге жол­дау және кол­ледж ди­рек­то­ры­на қол қо­ю­ға бе­ру
Бұй­рық­ты ке­лі­су
Құ­жат­тар­ды орын­дау негіз­ді­лі­гін тек­се­ру
Бұй­рық­қа қол қою
Кол­ледж ди­рек­то­ры қол қой­ған бұй­рық­ты тір­кеу. Кадр­ла­ры­ның да­яр­ла­удан, бі­лік­ті­лік­ті жо­ға­ры­ла­ту­дан және қай­та да­яр­ла­удан өт­ке­ні ту­ра­лы құ­жат­тар­ды ре­сім­деу. Есеп­ке алу жур­на­лы­на оны тір­кеу және мер­зі­мін көр­се­те оты­рып, құ­жат­ты бе­ру
Есеп­ке алу жур­на­лы­на мер­зі­мін көр­се­те оты­рып, құ­жат­ты ал­ға­ны ту­ра­лы қол қою
Аяқ­та­лу ны­са­ны (мә­лі­мет­тер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық – өкім­дік ше­шім)
Құ­жат­тар­ды ре­сім­дей­тін және бұй­рық­ты дай­ын­дай­тын бө­лім­ше қыз­мет­ке­рі (оқу бө­лі­мі, БЖБ мең­ге­ру­ші­сі)
Бұй­рық жо­ба­сы
Бұ­ры­шта­ма қол
Бұ­ры­шта­ма қол
Қол қою
Ре­сім­дел­ген және бе­ру­ге дай­ын құ­жат
Құ­жат­ты бе­ру
Орын­дау мер­зім­де­рі
(1 са­ғат)
(3 жұ­мыс кү­ні)
(3 жұ­мыс кү­ні)
(1 күн)
(1 күн)
(7 жұ­мыс кү­ні)
(1 са­ғат)
2-кесте. Телнұсқаларды беру кезінде құрылымдық-қызметтік бірліктер әрекеттерінің сипаттамасы
1.Әре­кет № (ба­ры­сы, ағы­мы, жұ­мысы)
1
2
3
4
5
6
ҚҚБ ата­уы
Мем­ле­кет­тік қыз­мет алушы­ның құ­жат­та­рын қа­был­дай­тын бө­лім­ше қыз­мет­ке­рі (хат­шы-іс жүр­гі­зу­ші)
Кол­ледж ди­рек­то­ры
Ти­іс­ті құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер­дің қыз­мет­кер­ле­рі (мұ­ра­ғат қыз­мет­ке­рі)
Кол­ледж ди­рек­то­ры
Мем­ле­кет­тік қыз­мет алушы­ның құ­жат­та­рын қа­был­дай­тын бө­лім­ше қыз­мет­ке­рі (хат­шы-іс жүр­гі­зу­ші)
Мем­ле­кет­тік қыз­мет алушы
Әре­кет (үде­ріс, тәр­тіп­те­ме­лер, опе­ра­ци­я­лар) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Мем­ле­кет­тік қыз­мет алушы­ның құ­жат­та­рын қа­был­дау және тір­кеу. Құ­жат­тар­ды кол­ледж ди­рек­то­ры­на бе­ру
Құ­жат­тар­дың маз­мұ­ны­мен та­ны­су және ти­іс­ті құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ге жі­бе­ру
Құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын тек­се­ру және тел­нұс­қа­лар­ды дай­ын­дау. Тел­нұс­қа­лар­ды дай­ын­дау және кол­ледж ди­рек­то­ры­на қол қо­ю­ға бе­ру неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну­да дәй­ек­ті түр­де бас тар­ту
Құ­жат­тар­ды орын­дау негіз­ді­лі­гін тек­се­ру және құ­жат­тар­ға қол қою
Бұй­рық­тар­ды тір­кеу. Тел­нұс­қа­ны есеп­ке алу жур­на­лы­на тір­кеу және мер­зі­мін көр­се­те оты­рып, құ­жат­ты бе­ру
Есеп­ке алу жур­на­лы­на мер­зі­мін көр­се­те оты­рып, құ­жат­ты ал­ға­ны ту­ра­лы қол қою
Аяқ­та­лу ны­са­ны (мә­лі­мет-тер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық – өкім­дік ше­шім)
Құ­жат­тар­ды ал­ғанды­ғы ту­ра­лы қол­хат­ты бе­ру
Қа­рар бел­гі­леу
Тел­нұс­қа­ны дай­ын­дау неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну­да дәй­ек­ті түр­де бас тар­ту
Кол­ледж ди­рек­то­ры
Ре­сім­дел­ген және бе­ру­ге дай­ын құ­жат
Құ­жат­ты бе­ру
Орын­дау мер­зім­де­рі
(1 са­ғат)
(1 са­ғат)
(бір ай­дан ке­шік­тір­мей)
(1 са­ғат)
(1 са­ғат)
(1 са­ғат)
«Денсаулық сақтау саласы
кадрларының даярлаудан,
біліктілікті жоғарылатудан және
қайта даярлаудан өткені туралы
құжаттар беру» мемлекеттік
қызметін көрсету регламентіне
2-қосымша
1-диаграмма. Құрылымдық-қызметтік бірліктердің қызметтік өзара әрекеттесуі
2-диаграмма. Құжат телнұсқасын беру кезіндегі құрылымдық-қызметтік бірліктердің қызметтік өзара әрекеттесуі

Қолданыстағы