Құжат мәтініне өту

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов

Қаулы · № 59 · қабылданған 24.06.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-73297/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов Күшін жойған Қаулы ·№ 59 ·24.06.2013
17.05.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.05.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов

Күшін жойған Қаулы ·№ 59 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов
Атауы (қаз.)
Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
59
Қабылданған күні
24.06.2013
Көрсетілген редакция
17.05.2017 73297_194833.kaz
Соңғы өзгеріс
17.05.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13MC002258
ЭКБ идентификаторы
73297
Редакция идентификаторы
73297_194833
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:54

0 Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 - бабының 6 - тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29 - тармағының 2) тармақшасына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулыға қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес Бейнеу ауданының ауыл, селолары, селолық округтері әкімдігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын тегін орналастыруға арналған орындар белгіленсін.

2 2. Аудан әкімінің орынбасары К. Машырықовқа Бейнеу ауданының ауыл, селолары, селолық округтері әкімдігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын тегін орналастыруға арналған орындарды қажетті мөлшерде стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыру тапсырылсын.

3 3. Осы қаулының орындалысын бақылау және оның аудандық әкімдіктің веб - сайтында міндетті түрде жариялануын қамтамасыз ету «Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ү.Әмірхановаға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Бейнеу аудандық сайлау
комиссиясының төрайымы
К.Аймағамбет
24 маусым 2013 жыл

5 Аудандық әкімдіктің 2013 жылғы

24 маусымдағы № 59 қаулысына
қосымша
Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
Бейнеу селосы - халықтық банк филиалы мен орталық
аудандық аурухана ғимараттарының жанында
Боранқұл селосы - орталық базардың және селолық мәдениет
үйінің ғимаратының жанында
Есет селосы - селолық клуб ғимаратының жанында
Ақжігіт селосы - селолық округ әкімі аппараты
орналасқан ғимараттың жанында
Сарға селосы - селолық мәдениет үйінің
ғимаратының жанында
Тұрыш селосы - селолық клуб ғимаратының жанында
Сыңғырлау селосы - селолық клуб ғимаратының жанында
Сам селосы - селолық пошта бөлімшесінің ғимаратының жанында
Төлеп селосы - селолық клуб ғимаратының жанында
Ноғайты селосы - селолық медициналық пункт ғимаратының жанында
Тәжен ауылы - ауылдық медициналық пункт ғимаратының жанында

Қолданыстағы