Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно- исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Мунайлинском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно- исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Мунайлинском районе
- Атауы (қаз.)
- Мұнайлы ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 123-қ
- Қабылданған күні
- 12.06.2013
- Көрсетілген редакция
- 20.05.2016 73300_282083.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13MG002261
- ЭКБ идентификаторы
- 73300
- Редакция идентификаторы
- 73300_282083
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:57
0 Мұнайлы ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14-1) және 14-3) тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмыс іздеуде қиыншылық тартып жүрген, қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Мұнайлы ауданында жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2
2. «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленген квотаға сәйкес, қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін бос жұмыс орындарына орналасу бағытын қамтамасыз етсін.
3 3. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы қаулыны аудан әкімдігінің ресми сайтында жариялауды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қаржы және экономика салаларына басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына (Қ.Оңдабаев) жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
Г.Ақниязова
12 мамыр 2013 ж.