Құжат мәтініне өту

Об определений мест для размещения агитационных печатных материалов кандидатов на территории Мунайлинского района

Қаулы · № 141-қ · қабылданған 02.07.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-73302/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об определений мест для размещения агитационных печатных материалов кандидатов на территории Мунайлинского района Күшін жойған Қаулы ·№ 141-қ ·02.07.2013
27.05.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определений мест для размещения агитационных печатных материалов кандидатов на территории Мунайлинского района

Күшін жойған Қаулы ·№ 141-қ · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определений мест для размещения агитационных печатных материалов кандидатов на территории Мунайлинского района
Атауы (қаз.)
Мұнайлы ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
141-қ
Қабылданған күні
02.07.2013
Көрсетілген редакция
27.05.2019 73302_407070.kaz
Соңғы өзгеріс
27.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13MG002263
ЭКБ идентификаторы
73302
Редакция идентификаторы
73302_407070
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:51

0 Мұнайлы ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 6 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп Мұнайлы ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

2 2. Село және селолық округ әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.

3 3. «Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Б.Біләлов) Маңғыстау облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы қаулыны аудан әкімдігінің ресми сайтында жариялауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Біләловке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Мұнайлы аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
Е.Овезов
02 шілде 2013 жыл

6 2013 жылғы 02 шілдедегі № 141-қ

Мұнайлы ауданы әкімдігінің қаулысына
қосымша
Мұнайлы ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Ауыл және ауылдық округтің атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Маңғыстау ауылы
1) «Маңғыстау» темір жол вокзалы аумағында ақпараттық стенд
2) Қоғамдық ұйымдар ғимараты аумағындағы ақпараттық стенд
Қызылтөбе ауылдық округі
«Қазпошта» акционерлік қоғамы Маңғыстау облыстық филиалы Қызылтөбе ауылдық округіндегі бөлімшесінің аумағындағы ақпараттық стенд
Баянды ауылы
№3 орта мектептің аумағындағы ақпараттық стенд
Басқұдық ауылдық округі
Басқұдық ауылдық округіндегі бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының аумағындағы ақпараттық стенд
Атамекен ауылдық округі
Атамекен ауылдық округіндегі бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының аумағындағы ақпараттық стенд
Дәулет ауылдық округі
Дәулет ауылдық округіндегі бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының аумағындағы ақпараттық стенд
Батыр ауылдық округі
Батыр ауылдық округіндегі фельдшерлік акушерлік пунктінің аумағындағы ақпараттық стенд

Қолданыстағы