Об утверждении формы ежеквартальной информации субъекта регулируемого рынка об исполнении либо неисполнении инвестиционной программы (проекта), учтенной в предельной цене
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы ежеквартальной информации субъекта регулируемого рынка об исполнении либо неисполнении инвестиционной программы (проекта), учтенной в предельной цене
- Атауы (қаз.)
- Реттелетін нарық субъектісінің шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындауы не орындамауы туралы тоқсан сайынғы ақпаратының нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 148-ОД
- Қабылданған күні
- 14.05.2013
- Көрсетілген редакция
- 21.07.2015 AI73320_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008517
- ЭКБ идентификаторы
- 73320
- Редакция идентификаторы
- AI73320_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:05
0 Реттелетін нарық субъектісінің шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындауы не орындамауы туралы тоқсан сайынғы ақпаратының нысанын бекіту туралы
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-3-бабының 1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған реттелетін нарық субъектісінің шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындауы не орындамауы туралы тоқсан сайынғы ақпаратының нысаны бекітілсін.
2
2. «Реттелетін нарық субъектісінің шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындауы не орындамауы туралы тоқсан сайынғы ақпаратының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 180-НҚ бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде 7863 нөмірімен тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 10 қазандағы № 659-664 нөмірімен жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті (А.В. Мартыненко):
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
4 4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1 1) оны белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.
6 6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ:»
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігінің
төрағасы
__________ Ә. Смайылов
2013 жылғы 21 мамыр
0 ___________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2013 жылғы 14 мамырдағы
№ 148-НҚ бұйрығымен бекітілген
нысан
___________________________________________________________
(реттелетін нарық субъектісінің атауы, БСН/ЖСН)
шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны)
орындауы не орындамауы туралы тоқсан сайынғы ақпарат
___________________________________
(ЭҚТЖ бойынша қызмет түрі)
201_ жылғы _________
(тоқсан)
р/с №
Инвестициялық бағдарлама (жоба) көрсеткiштерінің атауы (қолданылу кезеңін көрсете отырып)
Кiм бекiттi (бұйрықтың күнi, нөмiрi)
Iс-шараның атауы
Iс-шараларды iске асыру жылдары
Шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарлама iс-шарасының, объектiсінiң жоспарланған өлшемдері (көрсеткiштерi)
I тоқсан
II тоқсан
III тоқсан
IV тоқсан
Өлшем бiрлiгi
Техникалық өлшемдер
Өлшем бiрлiгi
Инвестициялардың сомасы
Өлшем бiрлiгi
Инвестициялардың көзi
кестенің жалғысы
Шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарлама iс-шарасының, объектiсінiң орындалуы, нақты өлшемдері (көрсеткiштерi) (тоқсан сайын, өспелі қорытындымен)*
Ауытқуы
Ауытқудың себептері
Өлшем бiрлiгi
Техникалық өлшемдер
Өлшем бiрлiгi
Инвестициялардың сомасы
Өлшем бiрлiгi
Инвестициялардың көзi
1
1) *инвестициялық бағдарламаларды іске асыру бойынша растайтын құжаттарды қоса беріліп отырып (тиісті шарттардың көшірмелері, келісімшарттар, орындалған жұмыстарды қабылдау туралы актілер (№ 2 нысан) орындалған жұмыстардың және шығыстардың құны туралы анықтама (№ КС-3 нысаны), шот-фактуралар, мемлекеттік қабылдаушы комиссияларды пайдалануға актілер-қабылдаулар, ішкі жүкқұжат, ішкі реттелетін нарық субъектілерінің пайдалануға енгізу және теңгерімге алу бұйрықтары;
2 2) осы нысан мұнай өнімдерін өндіруші субъектілерге қолданылмайды;
Қысқартылған сөздер:
БСН – Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi;
ЖСН – Жеке сәйкестендіру нөмiрi;
ЭҚТЖ – Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші.
Қолы _____________________
(ұйым басшысы)
М.О.