Об установлении квоты рабочих мест для отдельных категорий граждан на территории Есильского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для отдельных категорий граждан на территории Есильского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 219
- Қабылданған күні
- 10.06.2013
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2015 73332_161296.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13SF002301
- ЭКБ идентификаторы
- 73332
- Редакция идентификаторы
- 73332_161296
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:58
0 Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14), 14-3) тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы аумағында жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілері үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде.
2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілерін жұмысқа жіберуді қамтамасыз етсін.