Құжат мәтініне өту

Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории города Петропавловска

Қаулы · № 1151 · қабылданған 25.06.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-73334/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории города Петропавловска Күшін жойған Қаулы ·№ 1151 ·25.06.2013
13.04.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории города Петропавловска

Күшін жойған Қаулы ·№ 1151 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории города Петропавловска
Атауы (қаз.)
Петропавл қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1151
Қабылданған күні
25.06.2013
Көрсетілген редакция
13.04.2016 73334_79380.kaz
Соңғы өзгеріс
13.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13SA002304
ЭКБ идентификаторы
73334
Редакция идентификаторы
73334_79380
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:54

0 Петропавл қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы

бөлінген орындарды белгілеу туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27-бабына, «Ішкі сауда ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 қаулысымен бекітілген Ішкі сауда ережесінің 120-тармағына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Петропавл қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындар белгіленсін, қосымшаға сәйкес.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Б. Байбақтиновқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 25 маусымдағы № 1151
қаулысына қосымша
Петропавл қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған арнайы бөлінген орындар
р/к №
Автодүкендерді және (немесе) шатырларды орналастыру орындары
1.
Пушкин және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысы, «Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар жасөспірімдер кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағы
2.
Мағжан Жұмабаев және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысы, «Сердечная» дәріханасының жаны
3.
Казахстанская правда және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысы. «Полиграфия» акционерлік қоғамы аумағы
4.
Ыбырай Алтынсарин және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысы, Орталық алаң ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігі ғимаратының алдында
5.
Қалалық мәдениет және демалыс саябағының аумағында:
1) «Дельфин» фонтаны ауданы
2) «Даниал» дәмханасының жаны
3) «Медведи» мүсінінің жаны
6.
Қазақстан Конституциясы к., «Рахат» сауда үйі ауданы
7.
Ыбырай Алтынсарин және Интернациональная көшелерінің қиылысы, «Алаугаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі гүлбағының ауданы
8.
М. Әуезов көшесі, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының жаны
9.
Мағжан Жұмабаев көшесі, Мағжан Жұмабаев гүлбағы ауданы
10.
Жеңіс саябағы – Орталық кіре беріс есік
11.
Жеңіс саябағы – «Бақыт» автожанармай құю станциясы ауданы
12.
Есіл өзеніндегі қалалық жағажай
13.
«Северная звезда» стелласы (Пестрое көлі)
14.
Абай және Ыбырай Алтынсарин көшелерінің қиылысы, «Elle» дүкені ауданы
15.
Мир және Кеңес Одағының батыры Андрей Максимович Хименко атындағы көшелердің қиылысы, «Славянка» дүкені ауданы
16.
Мир көшесі, «Экспресс» дүкені ауданы
17.
Мир көшесі, «Северный» тұрмыстық үйі мен № 23 орта мектептің арасындағы аудан
18.
Интернациональная көшесі, «Черемушки» дүкені ауданы
19.
Қаныш Сәтбаев көшесі, «Янтарь» дүкені ауданы
20.
Юбилейная көшесі, № 2 үй ауданы
21.
Шоқан Уәлиханов көшесі, «Изюминка» дүкені ауданы
22.
Евней Бөкетов және Александр Пушкин көшелерінің қиылысы, «Продукты» дүкені ауданы
23.
Рижская көшесі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы «3-ші қалалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауданы

Қолданыстағы