Об утверждении Правил формирования и представления отчета деятельности центральных государственных органов, местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимов районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов по вопросам оказания государственных услуг и его типовой формы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил формирования и представления отчета деятельности центральных государственных органов, местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимов районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов по вопросам оказания государственных услуг и его типовой формы
- Атауы (қаз.)
- Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 193
- Қабылданған күні
- 25.06.2013
- Көрсетілген редакция
- 16.07.2024 73362_712155.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008549
- ЭКБ идентификаторы
- 73362
- Редакция идентификаторы
- 73362_712155
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:53
0
Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 211) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар бекітілсін:
1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидалары;
2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебінің үлгі нысаны.
2 2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті (А.А. Құдайбергеноваға) бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жолдануын;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің вице-министрі М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
1 Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына
1-қосымша
Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалар жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалар жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есепті (бұдан әрі – есеп) қалыптастыру мен ұсыну тәртібін регламенттейді.
2
3 3. Есеп мемлекеттік органдардың қызметінің анықтығын және есептілігін арттыру, мемлекеттік қызметті көрсету процесін жетілдіру мақсатында қалыптастырады.
4 4. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланады:
1
1) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
2
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
3
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
4 4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қоғамдық мониторингілеу – жеке тұлғалардың, коммерциялық емес ұйымдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының деңгейі туралы ақпарат жинау, талдау және ұсынымдар әзірлеу жөніндегі қызметі;
5
5) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау – көрсетілетін қызметті алушыларды орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсететін қолжетімді және сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету бойынша шаралардың тиімділігін айқындау жөніндегі қызмет;
6 6) мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру – электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін көрсетілетін қызметті берушінің әкімшілік процестерін түрлендіру рәсімі;
7
8
8) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
2 2. Есепті қалыптастыру тәртібі
5 5. Есеп:
орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі негізгі бағыттары туралы;
көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны туралы;
мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін жетілдіру, автоматтандыру бойынша орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің қызметінің нәтижелері туралы;
көрсетілетін қызметті алушылармен кері байланыс тетігі туралы (соның ішінде, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес өткізілген тыңдалымдар саны);
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың жүгінуі бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
6 6. Есеп үшін ақпараттар көзі:
1 1) статистикалық деректер;
2 2) уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізген «Мемлекеттік қызметтер көрсету» бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері;
3 3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері;
4 4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері;
5 5) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері;
6 6) көрсетілетін қызметті алушылар сұрауларының нәтижелері болуы мүмкін.
7 7. Есепті әзірлеу кезінде қолданылған ақпарат мынадай өлшемдерге сәйкес болуы тиіс:
1 1) шынайылық (мониторинг процесінде алынған деректердің нақтылығын тексеру мүмкіндігімен деректерді жинау тәсілі және өңдеу қолданылады);
2 2) салыстырмалылық (әртүрлі мерзімдегі кезеңдегі салыстырмалы деректер қолданылады);
3 3) объективтілік (бірнеше тәуелсіз көздерден алынған деректер қолданылады);
4 4) экономикалық (деректерді алу ақпаратты жинаудың қолданыстағы әдістерін қолдана отырып минималды мүмкін болатын шығындармен жүргізіледі);
5 5) болжамдылық (стратегиялық жоспарларда, бағдарламаларда, іс-шаралар жоспарларында және тағы басқаларында бар индикаторлар, көрсеткіштер қолданылады);
6 6) толықтылық (есепке деректерді тексеру және талдау дайындау үшін қолданылатын барлық ақпараттар көздерінің тізбесі қоса беріледі).
8
8. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері есепті қалыптастыру кезінде таблицаларды, диаграммаларды, таныстырылымдарды, фотоларды, слайдтарды қолданады.
9
9. Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері «электрондық үкімет» веб-порталында, интернет-ресурстарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей осы бұйрықпен бекітілген үлгі нысанға сәйкес алдыңғы жылға есебін орналастыру қажет.
2 Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебінің үлгі нысаны
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына
2-қосымша
Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебінің үлгі нысаны
1 1. Жалпы ережелер
1 1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
2 2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны;
тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны;
қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны;
мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны.