Отдельные вопросы Республиканского государственного казенного предприятия "Актюбинская государственная медицинская академия" Агентства Республики Казахстан по делам здравоохранения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Отдельные вопросы Республиканского государственного казенного предприятия "Актюбинская государственная медицинская академия" Агентства Республики Казахстан по делам здравоохранения
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегі агенттiгінiң "Ақтөбе мемлекеттiк медицина академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының жекелеген мәселелерi
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1708
- Қабылданған күні
- 14.11.2000
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2013 AI7340_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P000001708_
- ЭКБ идентификаторы
- 7340
- Редакция идентификаторы
- AI7340_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:10
0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегі агенттiгінiң "Ақтөбе мемлекеттiк медицина академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының жекелеген мәселелерi
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Қазақстан Республикасының кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртiбiн бекiту туралы" 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 және "М.Т. Оспановтың есiмiн мәңгi есте қалдыру туралы" 2000 жылғы 24 шiлдедегi N 1099 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң "Ақтөбе мемлекеттiк медицина академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына Марат Оспановтың есiмi берілсiн.
2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң "Ақтөбе мемлекеттiк медицина академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттiк медицина академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын.
3 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1 1) Кәсiпорынның әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4 4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2 2) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 527-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Мемлекеттiк кәсiпорындар" 2-бөлiмiндегi реттiк нөмiрi 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттiк медицина академиясы".
📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.