Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики определения стоимости государственной услуги

Бұйрық · № 197 · қабылданған 28.06.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-73401/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Методики определения стоимости государственной услуги Күшін жойған 12.09.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Методики определения стоимости государственной услуги

Күшін жойған Бұйрық № 197 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики определения стоимости государственной услуги
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
197
Қабылданған күні
28.06.2013
Көрсетілген редакция
12.09.2022 73401_593894.kaz
Соңғы өзгеріс
12.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008568
ЭКБ идентификаторы
73401
Редакция идентификаторы
73401_593894
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:52
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті

(А.А. Құдайбергеноваға) бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жолдануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің вице-министрі М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

8 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын анықтау әдістемесі

Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
міндетін атқарушының
2013 жылғы 28 маусымдағы
№ 197 бұйрығымен бекітілді
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын анықтау әдістемесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын анықтау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) қызмет көрсетушілер көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау үшін қолданылады.

2. Осы Әдістемеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) мемлекеттік қызмет құны – қызмет алушылардың жолданымы бойынша дара тәртіпте жүзеге асырылатын бөлек мемлекеттік функциялардың орындалуына бағытталатын қызмет алушының шығыс сомасы және негізгі көрсеткіші, бюджеттік бағдарламаның құнын есептеудің құрамды бөлігі болып табылады.

2) қаржылық жыл – мемлекеттік қызметтерді көрсету жүзеге асыратын күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт аралығы.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын есептеу кезіндегі шығыстардың құрылымы

3. Шығыстардың жалпы сомасы тікелей және жанама шығыстарды қамтиды.

4. Тікелей шығыстарға қызметі тікелей мемлекеттік қызметті көрсетуге бағытталған қызметкерлердің еңбекақылары бойынша шығындар жатады, атап айтқанда:

1) жалақыға, оның ішінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес айқындалатын қызметкерлері тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін заңды және жеке тұлғалардың еңбек ақысын төлеу шығыстары;

2) еңбек ақы қорының аударымдары, оның ішінде жеке табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарнасы;

3) ынталандырушы, көтермелеуші сипаттағы, сондай-ақ қосымша жұмыстар үшін ақшалай төлемдер;

4) өтемақы төлемдері.

5. Жанама шығыстарға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесін қамтамасыз етуге бағытталған шығындар жатады, атап айтқанда:

1) коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстар;

2) байланыс қызметін төлеуге жұмсалатын шығыстар;

3) көлік қызметін төлеуге жұмсалатын шығыстар;

4) үй-жайды жалға алуға жұмсалатын шығыстар;

5) материалдық қорлар сатып алуға жұмсалатын шығыстар (шаруашылық материалдар, кеңсе керек-жарақтары);

6) материалдық емес активтер сатып алуға жұмсалатын шығыстар;

7) өзге де қызметтер мен жұмыстарға төлеуге жұмсалатын шығыстар (ғимараттар мен үй жайларды, жабдықтары, көліктік және басқа негізгі құралдарды ұстауға, қызмет көрсетуге);

8) өзге де ағымдағы шығыстар (6-тармақтың 1)-7) тармақшаларында көзделмеген өзге де ағымдағы шығыстар мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнына олардың қызметті көрсету үшін жұмсалған мөлшерінде ғана қосылады).

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын есептеу

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің құны Бір рет көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын есептеу кестесі (бұдан әрі – Кесте) бойынша бір рет көрсетілген әрбір мемлекеттік көрсетілетін қызметке осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептеледі.

Кестенің 1-бағанында Кесте жолдарының реттік саны көрсетіледі.
Кестенің 2-бағанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетіледі.
Кестенің 3-бағанында 1 жыл (қаржы жылы) көрсетілген мемлекеттік қызметтің саны мемлекеттік көрсетілетін қызметтің әрбір атауы бойынша бөлінісінде (бір қаржы жылы ішінде көрсетілген жекелеп алған атаудың бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет саны);
Кестенің 4-бағанында әрбір мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы бойынша бөлінісінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет саны көрсетіледі.
Толық автоматтандырылған нысанда (адамның қатысуынсыз) мемлекеттік көрсетілетін қызмет құны есептелген жағдайда, «қызметкерлер саны» жолында 1 саны көрсетіледі.
Ішінара автоматтандырылған нысанда (адамның қатысуымен ақпараттық жүйенің көмегімен) көрсетілетін мемлекеттік қызмет құны есептелген жағдайда, «қызметкерлер саны» бағанында тікелей мемлекеттік қызметті көрсеткен қызметкерлер саны мен 1+қосындысы көрсетіледі;
Кестенің 5-бағанында Әдістеменің 5-тармағының 1)–4) тармақшасында көрсетілген тікелей шығыстарды қосу жолымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің әрбір атауы бойынша жеке мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлер санында жұмсалатын тікелей шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі;
Кестенің 6-бағанында қызмет көрсетуші қызметкерлерінің жалпы саны көрсетіледі;
Кестенің 7-бағанында мемлекеттік қызмет көрсетуге жұмсалатын жанама шығыстардың жалпы саны көрсетіледі.
Кестенің 8-бағанында тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлер санына қызмет көрсетуші қызметкерлерінің жалпы санына арақатынасымен айқындалатын жанама шығыстардың үлесі (кестенің
4–бағанының мәні мен кестенің 6–бағанындағы мәніне арақатынасы түрінде айқындалады).
Кестенің 9-бағанында 8-бағанда айқындалған мәніне сәйкес мемлекеттік қызметтің әрбір атауы бойынша жанама шығыстардың жалпы сомасының бөлінуі көрсетіледі (кестенің 7-бағанының мәнін кестенің 8 бағанының мәніне көбейтумен айқындалады).
Кестенің 10-бағанында әрбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы бойынша жеке сызықтық үлестер бойынша бөлінген жанама шығыстардың қосындысы жинақталады (кестенің 5–бағанының мәні мен
кестенің 9-бағанының мәнінің арақатынасымен айқындалады).
Кестенің 11-бағанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің әрбір атауы бойынша жеке мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсетілген санына тікелей және бөліктерге бөлінген жанама шығыстардың сомасын бөлу жолымен әрбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы бойынша айқындалатын көрсетілген мемлекеттік қызметтің құны көрсетіледі
(10-бағанның 3-бағанға арақатынасы арқылы анықталады).

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын қолдану

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны қызмет көрсетушілерге мемлекеттік қызметтер көрсетудің экономикалық тиімділігін айқындау мақсатында есептеледі.

Қызмет көрсетушілерге мемлекеттік қызметтер көрсетудің экономикалық тиімділігі ағымдағы кезеңдегі мемлекеттік қызмет құнының алдыңғы кезеңдегі мемлекеттік қызмет құнына ара қатынасы жолымен айқындалады:
Қн= Ақ (ағымдағы кезеңдегі) / Қн (алдыңғы кезеңдегі)
мұнда:
Қн (ағым.кезең.) – ағымдағы кезеңдегі мемлекеттік қызмет құны,
Қн (алдың.кезең) – алдыңғы кезеңдегі мемлекеттік қызмет құны.

8. Егер мемлекеттік қызметтер көрсетудің экономикалық тиімділігі 1-ге тең коэффициенттен артық болса, онда шығындарды оңтайландыру жөніндегі басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қызмет көрсетуші шығындарының құрылымына талдау жасалады.

9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны, сондай-ақ ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді әкімшілендірудің тиімділігін (рентабельділігін) айқындау үшін де қолданылады.

Ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді әкімшілендірудің тиімділігі (рентабельділігі) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюджет кірісіне алынған соманың мемлекеттік қызмет құнына ара қатынасы жолымен есептеледі:
Әт = Қн / Бк
мұнда:
Эт – ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді әкімшілендірудің тиімділігі (рентабельділігі),
Қн – мемлекеттік қызмет құны,
Бк – көрсетілген мемлекеттік қызметтен бюджетке түсетін кіріс сомасы.

10. Егер ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді әкімшілендіру тиімділігі (рентабельділігі) 1 коэффициентінен артық болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлем (алым) мөлшерлемелерінің мөлшерін қайта қарау туралы шешім қабылданады, не мемлекеттік қызметті бәсекелестік ортаға беру туралы мәселе қарауға шығарылады.

37 Бір рет көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнының есептеу кестесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
құнын айқындау Әдістемесіне
қосымша
нысан
Бір рет көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнының есептеу кестесі
Кезең

п/п
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
1 жы­л­ға көр­се­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет са­ны (рет)
Бе­рі­л­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ті­ке­лей көр­се­те­тін қыз­мет­кер­лер са­ны (адам)
Бе­рі­л­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ті­ке­лей көр­се­те­тін қыз­мет­кер­лер са­ны­на ар­нал­ған ті­ке­лей шы­ғы­стар (мың тең­ге)
Қыз­мет көр­се­ту­ші­нің жал­пы қыз­мет­кер­лер са­ны (адам)
Жа­на­ма шы­ғы­стар­дың жал­пы со­ма­сы (мың тең­ге)
Жа­на­ма шы­ғы­стар­дың тұ­ты­ну үле­сі % (6 / 4 ба­ға­на)
Жа­на­ма шы­ғы­стар жал­пы со­ма­сын тұ­ты­ну­шы­лар үле­сіне бө­лу (мың тең­ге) (7 * 8 ба­ға­на)
Жа­на­ма шы­ғы­стар үле­сі бой­ын­ша үле­сті­рі­ле­тін ті­ке­лей шы­ғы­стар со­ма­сы (мың тең­ге) (5 + 9 ба­ға­на)
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің құ­ны, (мың тең­ге) (10 / 3 ба­ға­на)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
1.
А
2.
Б
3.
С
4.
Д
Жиы­ны
0
Х
0
0
0
0
0
0
0