Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и помещений для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы сельских округов на территории Есильского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и помещений для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы сельских округов на территории Есильского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында селолық округ әкімдеріне кандидаттардың таңдаушыларымен кездесулерін өткізу үшін үй-жайларды және үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орындарды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 245
- Қабылданған күні
- 05.07.2013
- Көрсетілген редакция
- 22.10.2013 73418_168810.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.10.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13SF002313
- ЭКБ идентификаторы
- 73418
- Редакция идентификаторы
- 73418_168810
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:48
0 Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында селолық округ әкімдеріне кандидаттардың таңдаушыларымен кездесулерін өткізу үшін үй-жайларды және үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орындарды белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 27-бабы 3-тармағына, 28-бабы 4, 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiн қызметке сайлау, өкiлеттiгiн тоқтату және қызметтен босату қағидаларының 29-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Есіл аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында селолық округ әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орындар 1-қосымшаға сәйкес анықталсын.
2 2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында селолық округ әкімдеріне барлық кандидаттарға таңдаушыларымен кездесу өткізу үшін 2-қосымшаға сәйкес шартты түрде үй-жайлар ұсынылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Жангүл Жанұзаққызы Нұрмұқановаға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 23 шілдеден бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Есіл аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
Қ.Б. Рахиев
5 шілде 2013 жыл
5 Есіл ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 5 шілдедегі
№ 245 қаулысына
1-қосымша
Үгіттік баспа материалдарына орындар
№
Селолық окурігтің атауы
Үгіттеу сайлауы алдында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін конструкция орны және мекенжайы
1
Явленка
Ақпараттық жайма тақта: Явленка селосы, Ыбыраев көшесі, орталық алаң, трибуна ауданында
6 Есіл ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 5 шілдедегі
№ 245 қаулысына
2-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында селолық округ әкімдеріне кандидаттардың таңдаушыларымен кездесулерін өткізу үшін шартты түрде ұсынылатын үй-жайлардың тізбесі
№
Ауылдық (селолық), елді мекеннің атауы
Таңдаушылармен кездесулер үшін үй–жай
1
Явленка
Явленка селосы: Мәдениет үйі, Ленин көшесі 1