Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и помещений для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы сельских округов на территории Кызылжарского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и помещений для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы сельских округов на территории Кызылжарского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында селолық округ әкімдеріне кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерін өткізу үшін баспа үгіт материалдарын және үй-жайларды орналастыру үшін орындарды анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 254
- Қабылданған күні
- 04.07.2013
- Көрсетілген редакция
- 05.11.2013 AI73420_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.11.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13SH002315
- ЭКБ идентификаторы
- 73420
- Редакция идентификаторы
- AI73420_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:49
0 Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында селолық округ әкімдеріне кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерін өткізу үшін баспа үгіт материалдарын және үй-жайларды орналастыру үшін орындарды анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 4, 6-тармақтарына, 27-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттілігін тоқтату және қызметтен босату қағидасының 29-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қызылжар аудандық сайлау комиссиясымен (келісімімен) бірлесе 1-қосымшаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында селолық округ әкімдеріне барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерін өткізу үшін баспа үгіт материалдарын орналастыру үшін орындар анықталсын.
2 2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында селолық округ әкімдеріне барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерін өткізу үшін 2-қосымшаға сәйкес шарт негізінде үй-жайлар ұсынылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппарат басшысы Ж.Х. Ақылбековаға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 23 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынасқа таралады.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қызылжар аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
4 шілде 2013 жыл
В. Геншель
5 Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 4 шілдедегі № 254
қаулысына 1 қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында селолық округ әкімдеріне барлық кандидаттарының баспа үгіт материалдарын орналастыру үшін орындар
Бескөл ауылы
Бескөл орта мектеп-гимназиясы ғимараты маңындағы орталық алаң аумағындағы ақпараттық стенд
6 Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 4 шілдедегі № 254
қаулысына 2-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында селолық округ әкімдеріне барлық кандидаттарының сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлар тізбесі
Бескөл ауылы
Бескөл «Парасат» мектеп-лицейі