Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и помещения для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы города Мамлютка и сельских округов на территории Мамлютского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и помещения для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы города Мамлютка и сельских округов на территории Мамлютского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында үгiттiк баспа материалдарын орналастыру орындарын және Мамлютка қаласы және селолық округтердің әкімдеріне үмiткерлердiң таңдаушылармен кездесулерiн өткiзу үшiн үй-жайларды белгiлеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 206
- Қабылданған күні
- 09.07.2013
- Көрсетілген редакция
- 08.08.2013 73438_168808.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13SJ002310
- ЭКБ идентификаторы
- 73438
- Редакция идентификаторы
- 73438_168808
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:47
0 Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында үгiттiк баспа
материалдарын орналастыру орындарын және Мамлютка қаласы және селолық
округтердің әкімдеріне үмiткерлердiң таңдаушылармен кездесулерiн өткiзу үшiн үй-жайларды белгiлеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағына, 28-бабы 4, 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiнiң сайлауын өткiзудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 24 сәуiрдегi № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiн қызметке сайлау, өкiлеттiгiн тоқтату және қызметтен босату қағидаларының 29-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. Мамлют аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірге (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлютка қаласы және селолық округтері әкімдеріне барлық үміткерлер үшін Мамлют ауданының аумағында үгiттiк баспа материалдарын орналастыру орны болып, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласы Сәбит Мұқанов көшесі, 11 мекенжайы бойынша орналасқан Мамлют № 1 мектеп-гимназиясының акт залында орналасқан стенд белгiленсiн.
2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлютка қаласы және селолық округтері әкімдеріне барлық үмiткерлердiң таңдаушылармен Мамлют ауданының аумағында кездесулерді өткiзу үшiн шартты негізде Сәбит Мұқанов көшесі, 11 мекенжайы бойынша орналасқан Мамлют № 1 мектеп-гимназиясының акт залы берілсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын Мамлют ауданы әкiмiнiң аппарат басшысы міндетін атқарушы Н.Н. Шаренковаға жүктелсiн.
4 4. Осы қаулы бiрiншi ресми жарияланған күннен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Мамлют аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
В. Целуйко
9 шілде 2013 жыл