Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и помещений для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы сельских округов на территории района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и помещений для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы сельских округов на территории района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы аумағында ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың сайлаушылармен кездесу үшін үй-жай беру және үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындарды анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 232
- Қабылданған күні
- 09.07.2013
- Көрсетілген редакция
- 05.06.2014 73440_159916.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13SE002317
- ЭКБ идентификаторы
- 73440
- Редакция идентификаторы
- 73440_159916
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:47
0 Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы аумағында ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың сайлаушылармен кездесу үшін үй-жай беру және үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындарды анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 27-бабы 3-тармағына, 28-бабы 4, 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидаларының 29-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 1-қосымшаға сәйкес Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында ауылдық округтер әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгіттік басылым материалдарды орналастыру орны анықталсын.
2 2. 2-қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың сайлаушылармен кездесу үшін үй-жай шарт негізінде берілсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысы Ерлан Естайұлы Әділбековке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 23 шілдеде туындайтын қатынасқа таратылады.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
сайлау комиссиясының төрағасы
Н.Қ. Барақаев
2013 жылғы 9 шілде
5 Аудан әкімдігінің
2013 жылғы 9 шілдедегі № 232
қаулысына 1-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында ауылдық округтер әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгіттік басылым материалдарды орналастыру орны
р/
с
№
Ауылдық округ атауы
Сайлау алдындағы насихаттың үгіттік басылым материалдарын орналастыру үшін конструкцияның орны және мекенжайы
1
Новоишим
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Новоишим селосының Мәдениет үйі ғимаратына іргелес аумақта орналасқан ақпараттық стенд
6 Аудан әкімдігінің
2013 жылғы 9 шілдедегі № 232
қаулысына 2-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың сайлаушылармен кездесу үшін шарт негізінде берілген үй-жай
р/с
№
Ауылдық округтің, елді мекеннің атауы
Сайлаушылармен кездесу үшін үй-жай
1
Новоишим
Новоишим селосы: Мәдениет үйі, Абылай-хан көшесі, № 19