Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и помещений для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы сельских округов и города Сергеевка района Шал акына Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и помещений для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы сельских округов и города Сергеевка района Шал акына Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласы және ауылдық округі әкімдеріне кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру және үй-жай орындарды анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 201
- Қабылданған күні
- 09.07.2013
- Көрсетілген редакция
- 26.01.2018 73441_294829.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.01.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13SN002318
- ЭКБ идентификаторы
- 73441
- Редакция идентификаторы
- 73441_294829
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:47
0 Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласы және ауылдық округі әкімдеріне кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру және үй-жай орындарды анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңының 28-бабының 4, 6-тармақтарына, 27-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласындағы Быковский көшесі, 4 үй орталық аудандық кітапханасының ғимаратындағы орталық кіру есігінде ақпараттық стенді орналасқан Шал ақын ауданының аумағында ауылдық округі әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды (келісім бойынша) Шал ақын аудандық сайлау комиссиясымен бірге анықтасын.
2 2. Сергеевка қаласы Быковский көшесі, 4 мекенжайы бойынша орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы орталық аудандық кітапханасының үй-жайы Шал ақын ауданы аумағында ауылдық округі әкімдеріне барлық кандидаттар таңдаушылармен кездесу өткізу үшін келісім шарт негізінде үй-жайды ұсынсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімі аппаратының басшысы Медет Дулатұлы Оспановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 23 шілдеден бастап пайда болған қатынастарға таралады.
«Келісілді»
Шал ақын ауданы
сайлау комиссиясының төрағасы
А. Торсанов
2013 жылғы 9 шілде