О переименовании некоторых административно-территориальных единиц Бескарагайского, Кокпектинского и Катон-Карагайского районов Восточно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании некоторых административно-территориальных единиц Бескарагайского, Кокпектинского и Катон-Карагайского районов Восточно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай, Көкпекті және Катонқарағай аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 162
- Қабылданған күні
- 24.06.2013
- Көрсетілген редакция
- 24.06.2013 73449_159589.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.06.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13V0002993
- ЭКБ идентификаторы
- 73449
- Редакция идентификаторы
- 73449_159589
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:54
0 Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай, Көкпекті және Катонқарағай аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, «Семияр ауылдық округінің, Семияр ауылының және Ново-Николаевка ауылының атауларын қайта атау туралы» Бесқарағай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 қарашадағы № 8/6-V шешімі және Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 466 қаулысы, «Казнаковка селолық округінің және Казнаковка ауылының атауларын қайта атау туралы» Көкпекті аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 маусымдағы № 31-5/12 шешімі және Көкпекті аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 1118 қаулысы, «Мариногорка селолық округінің және Мариногорка, Московка, Малороссийка ауылдарының атауларын қайта атау туралы» Көкпекті аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 12 шілдедегі № 5-3/3) шешімі және Көкпекті аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 235 қаулысы, «Катонқарағай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» Катонқарағай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 6/48-V шешімі және Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1068 қаулысы негізінде және облыстық ономастика комиссиясының 2011 жылғы 30 қарашадағы № 3, 2012 жылғы 17 қазандағы № 3, 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 4, 2013 жылғы 15 наурыздағы № 1 қорытындыларын ескере отырып Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай, Көкпекті және Катонқарағай аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктері:
Бесқарағай ауданы бойынша:
Семияр ауылдық округі Жетіжар ауылдық округі;
Семияр ауылы Жетіжар ауылы;
Ново-Николаевка ауылы Қарағайлы ауылы;
Көкпекті ауданы бойынша:
Казнаковка ауылдық округі Құлынжон ауылдық округі;
Казнаковка ауылы Құлынжон ауылы;
Малороссийка ауылы Жұмба ауылы;
Московка ауылы Мойылды ауылы;
Катонқарағай ауданы бойынша:
Новоберезовка ауылдық округі Алтынбел ауылдық округі;
Новоберезовка ауылы Алтынбел ауылы;
Огнево ауылы Қаражал ауылы;
Юбилейное ауылы Көкбастау ауылы;
Яры ауылы Егінді ауылы болып қайта аталсын.