Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий в селе Жарсу Кенсайского сельского округа Зайсанского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий в селе Жарсу Кенсайского сельского округа Зайсанского района
- Атауы (қаз.)
- Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округінің Жарсу ауылына шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1647
- Қабылданған күні
- 13.06.2013
- Көрсетілген редакция
- 16.09.2013 AI73450_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.09.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13VK002994
- ЭКБ идентификаторы
- 73450
- Редакция идентификаторы
- AI73450_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:57
0 Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округінің Жарсу ауылына шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасын, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасын басшылыққа ала отырып және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 176 ұсынысы негiзiнде, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округінің Жарсу ауылында ұсақ мүйізді малдар арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлiгi ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысына (С.З. Қожекенов), «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң Зайсан ауданы бойынша мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына (А. Комчибаева) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу ұсынылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Д. Тожыбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылық министрлiгi ветеринарлық
бақылау және қадағалау комитетінің
Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы С. Қожекенов
2013 жылғы « 14 » маусым
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлiгi мемлекеттiк
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетiнiң Шығыс
Қазақстан облысы бойынша
департаментiнiң Зайсан ауданы
бойынша мемлекеттiк санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Комчибаева
2013 жылғы « 14 » маусым