Об установлении ограничительных мероприятий на улице Ленина села Енбекши Енбекшинского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий на улице Ленина села Енбекши Енбекшинского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Еңбекші селолық округінің Еңбекші селосы Ленин көшесінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 01
- Қабылданған күні
- 12.01.2022
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2021 73457_555203.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13PFE03568
- ЭКБ идентификаторы
- 73457
- Редакция идентификаторы
- 73457_555203
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:46
0 Еңбекші селолық округінің Еңбекші селосы Ленин көшесінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7)-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Железин аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитарлық инспекторының 2013 жылғы 24 мамырдағы N 2-02/204 ұсынысы негізінде селолық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Железин ауданы Еңбекші селолық округі Еңбекші селосы Ленин көшесінің аумағында ауыл шаруашылығы жануарларының құтыру ауруымен ауыру фактісі бойынша шектеу белгіленсін.
2
2. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Железин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті Железин ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ветеринарлық-санитарлық амандыққа жеткізу үшін анықталған эпизоотикалық ошақта қажетті іс-шараларды өткізу ұсынылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Железин
аудандық аумақтық инспекциясы"
10 маусым 2013 жыл М. Балина
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
Комитетінің Павлодар облысы бойынша
департаменті Железин ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасы"
10 маусым 2013 жыл Г. Жолдыбаева