Об определении мест размещения агитационных печатных материалов по Курмангазинскому району для кандидатов в акимы сельских округов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест размещения агитационных печатных материалов по Курмангазинскому району для кандидатов в акимы сельских округов
- Атауы (қаз.)
- Құрманғазы ауданы бойынша ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 326
- Қабылданған күні
- 05.07.2013
- Көрсетілген редакция
- 13.08.2013 73464_177937.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13TH002746
- ЭКБ идентификаторы
- 73464
- Редакция идентификаторы
- 73464_177937
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:48
0 Құрманғазы ауданы бойынша ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабы 6 тармағы негізінде және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып, Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Құрманғазы ауданы бойынша ауылдық округ әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары белгіленсін.
2 2. "Құрманғазы ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Құрманғазы ауданы әкімідігінің интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Құрманғазы аудан әкімі аппаратының басшысы Н. Қалиевке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы А. Изжанов
05 шілде 2013 ж.
5 Аудан әкімдігінің 2013 жылғы
5 шілде № 326 қаулысына
қосымша
Құрманғазы ауданы бойынша ауылдық округ әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
Р/с
Орналасқан жері
1
"Смағұл Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны" мемлекеттік кәсіпорынының алдыңғы алаңындағы стенд, Ганюшкин селосы, Абай көшесі, 50 үй
2
"М. Әуезов атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің алдыңғы алаңындағы стенд, Ганюшкин селосы, Школьная көшесі 1 үй
3
"Б. Бегалиев атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің алдыңғы алаңындағы стенд, Ганюшкин селосы, Атырау көшесі, 10 үй