Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и помещений для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы сельских округов на территории Тимирязевского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и помещений для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы сельских округов на территории Тимирязевского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы аумағындағы ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру және үй-жай орындарды анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 167
- Қабылданған күні
- 09.07.2013
- Көрсетілген редакция
- 06.09.2013 73506_168822.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.09.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13SL002323
- ЭКБ идентификаторы
- 73506
- Редакция идентификаторы
- 73506_168822
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:47
0 Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы аумағындағы ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру және үй-жай орындарды анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңның 28-бабының 4, 6-тармақтарына, 27-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы аумағындағы ауылдық округтер әкімдеріне барлық кандидаттар үшін Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын ретінде Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Тимирязев селосындағы Мәдениет үйі алдындағы алаңдағы стенд: Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев селосы, Жеңіс көшесі, № 11 үй мекенжайы бойынша белгіленсін.
2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы аумағындағы ауылдық округтер әкімдеріне барлық кандидаттар таңдаушылармен кездесу өткізу үшін келісім шарт негізінде үй-жай ретінде: Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев селосы, Жеңіс көшесі, № 11 үй, екінші қабат мекенжайы бойынша орналасқан орталық аудандық кітапхананың оқу бөлмесі ұсынылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Ә.К. Мырзалинаға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 23 шілдеден бастап пайда болған қатынастарға таралады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Тимирязев аудандық сайлау
комиссиясының төрайымы
Ж. Макенова
2013 жылғы 9 шілде