ИМПОРТ: Об установлении единых ставок фиксированного налога по городу Талдыкорган
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- ИМПОРТ: Об установлении единых ставок фиксированного налога по городу Талдыкорган
- Атауы (қаз.)
- ИМПОРТ: Талдықорған қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 134
- Қабылданған күні
- 05.06.2013
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2014
- Көрсетілген редакция
- 27.05.2015 73533_17737.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13DA002415
- ЭКБ идентификаторы
- 73533
- Редакция идентификаторы
- 73533_17737
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:59
0 Талдықорған қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 422-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Талдықорған қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. Талдықорған қалалық мәслихатының 2009 жылғы 09 қазандағы "Талдықорған қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" N 136 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2009 жылы 12 қарашада N 2-1-105 нөмірімен тіркелген, "Талдықорған" газетінің 2009 жылғы 20 қарашадағы 47 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуына бақылау қалалық мәслихаттың "Экономика, қаржы мәселелері және бюджет жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4 4. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
05 маусым 2013 жыл
05 маусым 2013 жыл
5 Талдықорған қалалық мәслихатының
2013 жылғы 5 маусымдағы "Талдықорған
қаласы бойынша бірыңғай тіркелген
салық ставкаларын белгілеу туралы"
N 133 шешіміне қосымша
Талдықорған қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық
ставкаларының мөлшері
Рет N
Салық салу объектісінің атауы
Талдықорған қаласы бойынша айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
1
2
3
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
4
2.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
5
3.
Ойын өткізу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
3
4.
Ойын жолы
10
5.
Карт
4
6.
Бильярд үстелі
8