ИМПОРТ: Об установлении единых ставок фиксированного налога по городу Талдыкорган
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- ИМПОРТ: Об установлении единых ставок фиксированного налога по городу Талдыкорган
- Атауы (қаз.)
- ИМПОРТ: Талдықорған қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 134
- Қабылданған күні
- 05.06.2013
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2014
- Көрсетілген редакция
- 27.05.2015 73533_17737.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13DA002415
- ЭКБ идентификаторы
- 73533
- Редакция идентификаторы
- 73533_17737
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:59
0 Талдықорған қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 422-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талдықорған қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Талдықорған қалалық мәслихатының 2009 жылғы 09 қазандағы "Талдықорған қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" N 136 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2009 жылы 12 қарашада N 2-1-105 нөмірімен тіркелген, "Талдықорған" газетінің 2009 жылғы 20 қарашадағы 47 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау қалалық мәслихаттың "Экономика, қаржы мәселелері және бюджет жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
05 маусым 2013 жыл
05 маусым 2013 жыл
5 Талдықорған қалалық мәслихатының
2013 жылғы 5 маусымдағы "Талдықорған
қаласы бойынша бірыңғай тіркелген
салық ставкаларын белгілеу туралы"
N 133 шешіміне қосымша
Талдықорған қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық
ставкаларының мөлшері
Рет N
Салық салу объектісінің атауы
Талдықорған қаласы бойынша айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
1
2
3
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
4
2.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
5
3.
Ойын өткізу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
3
4.
Ойын жолы
10
5.
Карт
4
6.
Бильярд үстелі
8