О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в городе Атырау
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в городе Атырау
- Атауы (қаз.)
- Атырау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртiбiн қосымша реттеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 125
- Қабылданған күні
- 21.06.2013
- Көрсетілген редакция
- 28.03.2016 73560_78336.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.03.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13TA002750
- ЭКБ идентификаторы
- 73560
- Редакция идентификаторы
- 73560_78336
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:55
0 Атырау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртiбiн қосымша реттеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Атырау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында, Атырау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізетін орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және жастар ісі, әйелдер істері және отбасылық–демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4 Қалалық мәслихаттың
2013 жылғы 21 маусымдағы
№ 125 шешіміне қосымша
Атырау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізетін орындар
№
Орындар
1
Абай Құнанбаев көшесінде орналасқан № 28 үйдің алдындағы алаң
2
Геолог ауылдық округі, Геолог ауылы, № 29 үйдің алдындағы алаң
3
Дамбы ауылдық округі, Амангелді ауылында орналасқан "Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына қарасты Дамбы ауылдық Мәдениет үйі алдындағы алаң
4
Еркінқала ауылдық округі, Еркінқала ауылы, Жеңіс саябағындағы алаң
5
Балықшы ауылдық округі, Водниково ауылында орналасқан "Герман" дүкені маңындағы алаң