Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи пропусков на въезд в пограничную зону иностранцам и лицам без гражданства и изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 734 · қабылданған 23.07.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-73578/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи пропусков на въезд в пограничную зону иностранцам и лицам без гражданства и изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 734 ·23.07.2013
14.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи пропусков на въезд в пограничную зону иностранцам и лицам без гражданства и изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 734 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи пропусков на въезд в пограничную зону иностранцам и лицам без гражданства и изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру қағидаларын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
734
Қабылданған күні
23.07.2013
Көрсетілген редакция
14.10.2020 73578_486823.kaz
Соңғы өзгеріс
14.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000734
ЭКБ идентификаторы
73578
Редакция идентификаторы
73578_486823
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:38

0 Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру қағидаларын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру қағидалары;

2 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 23 шілдедегі
№ 734 қаулысымен
бекітілген
Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес әзірленді және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру тәртібін айқындайды.

2 2. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне осы Қағидаларға 1-қосымшадағы нысанға сәйкес ішкі істер органдары беретін рұқсаттамалар бойынша рұқсат етіледі.

3 3. Рұқсаттамалардың бланкілерін дайындауды облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ішкі істер департаменттері (бұдан әрі – ІІД) жүзеге асырады.

2 2. Шетелдіктердің азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру тәртібі

4 4. Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға шекаралық аймаққа кіру құқығына рұқсаттамаларды Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты болатын жері бойынша ІІД көші-қон полициясы басқармалары береді.

5 5. Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға рұқсаттамалар:

1 1) тұрақты тұру үшін келетіндерге – ішкі істер органдары беретін тұрақты тұруға арналған рұқсаттың немесе тиісті санаттағы визаның негізінде;

2 2) туризм мақсатында келетіндерге – тиісті санаттағы виза немесе туроператорлық немесе турагенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымның растауы болған кезде қолдаухат негізінде;

3 3) оқу мақсатында келетіндерге – Қазақстан Республикасы оқу орнының немесе Қазақстан Республикасының білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органының қолдаухаты болған кезде;

4

4) жұмыс мақсатында келетіндерге – қолданыстағы заңнамаға сәйкес алынған шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат болған кезде жұмыс берушінің қолдаухаты негізінде, ал Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) азаматтары мен олардың отбасы мүшелері үшін мүше мемлекеттің еңбекшісі жұмыс берушімен немесе жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) тапсырыс берушімен жасаған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт негізінде;

5 5) емделуге келетіндерге – медициналық ұйымдар куәландырған растау құжаттарының немесе шекаралық аймақта орналасқан санаторий-курорт ұйымдарының жолдамалары негізінде;

6 6) жеке істері бойынша келетіндерге – шекаралық аймақта тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының шақыруы негізінде беріледі.

Жақын туыстары қайтыс болған (ауырған) жағдайда, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар шекаралық аймаққа (қолданыстағы заңнамаға сәйкес) рұқсаттама ресімдемей, өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттары және медициналық ұйымдар куәландырған тиісті жеделхаттар (анықтамалар) бойынша, ал туысқандары жерленген жерлерге барған кезде – жерленген жерін растайтын мәліметтер бойынша кіреді.

6 6. Рұқсаттама 1 айға дейінгі мерзімге беріледі және қажет болған жағдайда дәл осындай мерзімге ұзартылады.

Шекаралық аймақта екі айдан астам болу қажет болған жағдайда жаңа рұқсаттама ресімделеді.
Оқу мақсатында келген кезде рұқсаттама бір оқу жылы мерзіміне беріледі.
Тұрақты тұру мақсатында келген кезде рұқсаттама шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты және шекаралық аймақ тұрғынының куәлігін ресімдеу үшін қажетті мерзімге беріледі.
Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында кірген кезде рұқсаттама рұқсаттың қолданылу мерзіміне, ал мүше мемлекеттердің азаматтары мен олардың отбасы мүшелері үшін мүше мемлекеттің еңбекшісі жұмыс берушімен немесе жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) тапсырыс берушімен жасаған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзіміне беріледі.

7 7. Рұқсаттамалар бір адамға беріледі. Шекаралық аймаққа ата-аналарымен немесе өздерімен ілесіп жүретін адамдармен келетін 16 жасқа дейінгі балалар туралы мәліметтер осы адамдардың рұқсаттамасына енгізіледі.

8 8. Шекаралық аймаққа кіретін адамдар межеленген жерге келген соң Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, тұрақты немесе уақытша тұратын жеріндегі ішкі істер органдарында күнтізбелік бес күн ішінде тіркеледі.

9 9. Шекаралық аймаққа кіруге рұқсаттамалар белгілі бір елді мекенге беріледі. Бірнеше аудандардың немесе облыстардың аумағына кіру қажеттілігіне байланысты жұмыстарды жүзеге асыру туралы қолдаухат болған кезде рұқсаттамалар шекаралық аймақтың бірнеше елді мекеніне беріледі.

10 10. Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар жоғалтқан рұқсаттамалардың орнына жаңасы тек олардың берілгенін тиісті ішкі істер органы растағаннан кейін берілуі мүмкін.

11 11. Шекаралық аймаққа кіруге рұқсаттамалар алу үшін шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар кіргенге дейін күнтізбелік 7 күн бұрын тұрғылықты жеріндегі ІІД көші-қон полициясы басқармасына мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) жеке тұлғалардан – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш және осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген, кіру мақсатын растайтын құжаттар;

2 2) заңды тұлғалардан – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпорын немесе ұйым әкімшілігінің атынан қолдаухат.

Егер азаматтар тобы шекаралық аймақта жұмыстар жүргізуге жіберілсе, тізімдер қолдаухатқа қоса беріледі және үш данада ұсынылады. Тізімнің бірінші данасы көші-қон полициясы басқармасы бастығының немесе оның орынбасарының қолымен расталады, визалық мөрмен бекітіледі, топ жетекшісіне беріледі, екінші данасы ішкі істер органында қалады, үшінші данасы адамдарды тексеру үшін жолданады және ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелерінде қалады.

12 12. Шекаралық аймаққа кіретін шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің есептері бойынша тексеріледі.

Шекаралық аймаққа өз бетінше, сондай-ақ ата-аналарымен немесе өздерімен ілесіп жүретін адамдармен бірге келетін 16 жасқа толмаған балалар жедел есептер бойынша тексерілмейді.

13

13. Өтініштер немесе қолдаухаттар оң қаралған кезде жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне шекаралық аймаққа кіруге рұқсаттама беріледі. Рұқсаттамалар жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын немесе заңды тұлға өкілінің өкілеттілігін растайтын құжаттарды тексергеннен кейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шекаралық аймаққа кіруге берілген рұқсаттамаларды есепке алу кітабында қол қоя отырып беріледі.
Рұқсаттаманы берген кезде көші-қон полициясының қызметкерлері алушыны рұқсаттаманың сыртқы жағында жазылған ережелермен қолын қойғыза отырып таныстырады.

14 14. Шекаралық аймаққа кіру және онда болу үшін қажетті құжаттар тізбесін толық ұсынбау шекаралық аймаққа кіруге рұқсаттаманы беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.

Рұқсаттаманы беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды бұл туралы уәкілетті орган хабардар етеді.

15 15. Қажетті құжаттарды тапсыру сәтінен бастап шекаралық аймаққа кіруге рұқсаттаманы беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімді қабылдау мерзімі 7 жұмыс күнін құрайды.

Шекаралық аймаққа кіруге рұқсаттама беру немесе оны беруден бас тарту, сондай-ақ рұқсаттаманың жарамдылық мерзімін ұзарту туралы шешімдерді ІІД көші-қон полициясы бөлімшелерінің бастықтары растайды.

31 РҰҚСАТТАМА

Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ
адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне
рұқсаттама беру қағидаларына
1-қосымша
НЫСАН
РҰҚСАТТАМА
ІШ­КІ ІС­ТЕР МИ­НИ­СТР­ЛІ­ГІ
____________________
(об­лыс)
____________________
(іш­кі іс­тер ор­га­ны­ның
ата­уы)
20 ж «___» ______.
М.О.
Аза­мат (ша) ______________________________________________
__________________________________________________________
(те­гі, аты, әке­сі­нің аты және ту­ған кү­ні)
__________________________________________________________
__________________________________________________________
(қа­ла­ның, қо­ны­стың нақ­ты ата­уы және құ­ра­мы көр­се­ті­ле­ді)
__________________________________________________________
осы пункт қай об­лы­сқа кі­ре­ді)
кі­ру­ге рұқ­сат еті­ле­ді.
Жол жү­ру мақ­са­ты _________________________________________
Өзі­мен бір­ге 16 жас­қа тол­ма­ған ба­ла­лар бар _______________
__________________________________________________________
(әр­бір ба­ла­ның аты, жа­сы көр­се­ті­ле­ді)
Мы­на­дай құ­жат­ты ұсын­ған­да жа­рам­ды ________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
(құ­жат­тың се­ри­я­сы, нө­мі­рі, кім және қа­шан бер­ді)
Рұқ­сат­та­ма­ның жа­рам­ды­лық мер­зі­мі _________________________
Ба­стық ___________________________________________________
(сыртқы жағы)
ҚАҒИДАЛАР
1. Рұқ­сат­та­ма он­да көр­се­ті­л­ген ел­ді ме­кен­ге кі­ру құқы­ғын бе­ре­ді.
2. Рұқ­сат­та­ма­да көр­се­ті­л­ген жер­ге кел­ген адам кел­ген­нен кей­ін өзі­нің рұқ­сат­та­ма­сы мен пас­пор­тын іш­кі іс­тер ор­ган­да­рын­да тір­ке­у­ге бе­ру үшін тір­ке­у­ге жа­у­ап­ты үй бас­қа­ру­шы­сы­на, жа­тақ­ха­на ко­мен­дан­ты­на, қо­нақ үй, са­на­то­рий, де­ма­лыс үйі әкім­ші­лі­гіне неме­се осы­ған ар­найы уәкі­лет­ті адам­ға тап­сы­ра­ды.
3. Рұқ­сат­та­ма жо­ғал­ған жағ­дай­да, бұл ту­ра­лы бо­ла­тын же­рі бой­ын­ша жа­қын жер­де­гі іш­кі іс­тер ор­га­ны­на де­реу ха­бар­ла­нуы ти­іс.
4. Рұқ­сат­та­ма ал­ған, бі­рақ қан­дай да бір се­беп­тер­мен он­да көр­се­ті­л­ген ел­ді ме­кен­ге шық­па­ған адам оны іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­на тап­сы­ру­ға мін­дет­ті.
Қа­ғи­да­лар­мен та­ны­стым ____________________________
(қо­лы)

32 ӨТІНІШ

Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ
адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне
рұқсаттама беру қағидаларына
2-қосымша
НЫСАН
ӨТІНІШ
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                       (елді мекен, аудан, облыс)
кіруге рұқсаттама беруіңізді сұраймын.
Онда ________________________________________________________________
                             (жол жүру мақсаты)
___________________________________________________ мерзімге шығамын.
            Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
Тегі ________________________________________________________________
Аты _________________________________________________________________
Әкесінің аты ________________________________________________________
Туған жылы мен жері _________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жұмыс орны __________________________________________________________
                         (ұйымның атауы және лауазымы)
Тұрғылықты жері _____________________________________________________
Өзіммен бірге балаларым бар: ________________________________________
                                         (аты және жасы)
Паспорт сериясы ____ № _____________________ «___» __________ 20__ ж.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
             (күні және паспортты берген органның атауы)
Бастықтың қолы ______________________________
               ______________________________
                   (күні, айы және жылы)

33 ҚОЛДАУХАТ

Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ
адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне
рұқсаттама беру қағидаларына
3-қосымша
НЫСАН
ҚОЛДАУХАТ
__________________________________ кіруге рұқсат беруіңізді сұраймын.
    (елді мекен, аудан, облыс)
Жол жүру мақсаты _______________ мерзімі ____________________________
Мынадай адамдарға:
1. Тегі ______________________ Аты __________________________________
Әкесінің аты _______________________, Туған күні мен жері ___________
_____________________________________________________________________
Жұмыс орны __________________________________________________________
                          (қайда және кім ретінде)
Тұрғылықты жері _____________________________________________________
Паспорт сериясы _______ № _______________ «___» _____________ 20__ ж.
_____________________________________________________________________
                  (паспортты берген органның атауы)
2. Тегі ______________________ Аты __________________________________

Паспорт сериясы _____ № _____________________ «___» _________ 20__ ж.
_____________________________________________________________________
                  (паспортты берген органның атауы)
_____________________________________________________________________
М.О.
Бастықтың қолы __________________________
               __________________________
                 (күні, айы және жылы)

34 Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне берілген рұқсаттамаларды есепке алу КІТАБЫ

Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ
адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне
рұқсаттама беру қағидаларына
4-қосымша
НЫСАН
Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне берілген рұқсаттамаларды есепке алу КІТАБЫ
Р/с

Рұқ­сат­та­ма
Рұқ­сат­та­ма­ның бе­рі­л­ген кү­ні
Рұқ­сат­та­ма­ның жа­рам­ды­лық мер­зі­мі
Т.А.Ә.
Іс­са­пар ку­ә­лі­гін қа­шан және кім бер­ді
Рұқ­сат­та­ма қай­да бе­ріл­ді
Ал­ға­ны ту­ра­лы қол­хат
се­ри­я­сы
нө­мі­рі

35 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 23 шілдедегі
№ 734 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 113 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 113 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 113 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

40 РҰҚСАТТАМА

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 23 шілдедегі
№ 734 қаулысына
1-қосымша
«Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ
адамдардың шекаралық аймаққа
кіруіне рұқсаттама беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
НЫСАН
РҰҚСАТТАМА
ІШ­КІ ІС­ТЕР МИ­НИ­СТР­ЛІ­ГІ
____________________
(об­лыс)
____________________
(іш­кі іс­тер ор­га­ны­ның
ата­уы)
20 ж «___» _______.
М.О.
Аза­мат (ша) _____________________________________________
_________________________________________________________
(те­гі, аты, әке­сі­нің аты және ту­ған кү­ні)
_________________________________________________________
_________________________________________________________
(қа­ла­ның, қо­ны­стың нақ­ты ата­уы және құ­ра­мы көр­се­ті­ле­ді)
_________________________________________________________
осы пункт қай об­лы­сқа кі­ре­ді)
кі­ру­ге рұқ­сат еті­ле­ді.
Жол жү­ру мақ­са­ты ________________________________________
Өзі­мен бір­ге 16 жас­қа тол­ма­ған ба­ла­ла­ры бар _____________
_________________________________________________________
(әр­бір ба­ла­ның аты, жа­сы көр­се­ті­ле­ді)
Мы­на­дай құ­жат­ты ұсын­ған­да жа­рам­ды _______________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
(құ­жат­тың се­ри­я­сы, нө­мі­рі, кім және қа­шан бер­ді)
Рұқ­сат­та­ма­ның жа­рам­ды­лық мер­зі­мі ________________________
Ба­стық __________________________________________________
(сыртқы жағы)
ҚАҒИДАЛАР
1. Рұқ­сат­та­ма он­да көр­се­ті­л­ген ел­ді ме­кен­ге кі­ру құқы­ғын бе­ре­ді.
2. Рұқ­сат­та­ма­да көр­се­ті­л­ген жер­ге кел­ген адам кел­ген­нен кей­ін өзі­нің рұқ­сат­та­ма­сы мен пас­пор­тын іш­кі іс­тер ор­ган­да­рын­да тір­ке­у­ге бе­ру үшін тір­ке­у­ге жа­у­ап­ты үй бас­қа­ру­шы­сы­на, жа­тақ­ха­на ко­мен­дан­ты­на, қо­нақ үй, са­на­то­рий, де­ма­лыс үйі әкім­ші­лі­гіне неме­се осы­ған ар­найы уәкі­лет­ті адам­ға тап­сы­ра­ды.
3. Рұқ­сат­та­ма жо­ғал­ған жағ­дай­да, бұл ту­ра­лы бо­ла­тын же­рі бой­ын­ша жа­қын жер­де­гі іш­кі іс­тер ор­га­ны­на де­реу ха­бар­ла­нуы ти­іс.
4. Рұқ­сат­та­ма ал­ған, бі­рақ қан­дай да бір се­беп­тер­мен он­да көр­се­ті­л­ген ел­ді ме­кен­ге шық­па­ған адам оны іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­на тап­сы­ру­ға мін­дет­ті.
Қа­ғи­да­лар­мен та­ны­стым _______________________________________
(қо­лы)

41 ӨТІНІШ

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 23 шілдедегі
№ 734 қаулысына
2-қосымша
«Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ
адамдардың шекаралық аймаққа
кіруіне рұқсаттама беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша
НЫСАН
ӨТІНІШ
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                     (елді мекен, аудан, облыс)
кіруге рұқсаттама беруіңізді сұраймын.
Онда ________________________________________________________________
                          (жол жүру мақсаты)
___________________________________________________ мерзімге шығамын.
            Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
Тегі ________________________________________________________________
Аты _________________________________________________________________
Әкесінің аты ________________________________________________________
Туған жылы мен жері _________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жұмыс орны __________________________________________________________
                        (ұйымның атауы және лауазымы)
Тұрғылықты жері _____________________________________________________
Өзіммен бірге балаларым бар: ________________________________________
                                         (аты және жасы)
Паспорт сериясы ____ № ______________________ «___» _________ 20__ ж.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
             (күні және паспортты берген органның атауы)
Бастықтың қолы _________________________
               _________________________
                 (күні, айы және жылы)

42 ҚОЛДАУХАТ

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 23 шілдедегі
№ 734 қаулысына
3-қосымша
«Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ
адамдардың шекаралық аймаққа
кіруіне рұқсаттама беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша
НЫСАН
ҚОЛДАУХАТ
__________________________________ кіруге рұқсат беруіңізді сұраймын.
    (елді мекен, аудан, облыс)
Жол жүру мақсаты _______________ мерзімі ____________________________
Мынадай адамдарға:
1. Тегі ______________________ Аты __________________________________
Әкесінің аты _______________________, Туған күні мен жері ___________
_____________________________________________________________________
Жұмыс орны __________________________________________________________
                            (қайда және кім ретінде)
Тұрғылықты жері _____________________________________________________
Паспорт сериясы _______ № _______________ «___» _____________ 20__ ж.
_____________________________________________________________________
                 (паспортты берген органның атауы)
2. Тегі ______________________ Аты __________________________________
Әкесінің аты _______________________, Туған күні мен жері ___________
_____________________________________________________________________
Жұмыс орны __________________________________________________________
                         (ұйымның атауы және лауазымы)
Тұрғылықты жері _____________________________________________________
Паспорттың сериясы _____ № ____________________ «___» _______ 20__ ж.
_____________________________________________________________________
                  (паспортты берген органның атауы)
_____________________________________________________________________
М.О.
Бастықтың қолы ________________________
               ________________________
                 (күні, айы және жылы)

43 Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне берілген рұқсаттамаларды есепке алу КІТАБЫ

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 23 шілдедегі
№ 734 қаулысына
4-қосымша
«Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ
адамдардың шекаралық аймаққа
кіруіне рұқсаттама беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
6-қосымша
НЫСАН
Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне берілген рұқсаттамаларды есепке алу КІТАБЫ
Р/с

Рұқ­сат­та­ма
Рұқ­сат­та­ма­ның бе­рі­л­ген кү­ні
Рұқ­сат­та­ма­ның әре­кет мер­зі­мі
Т.А.Ә.
Іс­са­пар ку­ә­лі­гін қа­шан және кім бер­ді
Рұқ­сат­та­ма қай­да бе­ріл­ді
Ал­ға­ны ту­ра­лы қол­хат
се­ри­я­сы
нө­мі­рі

Қолданыстағы