Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и помещений для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы сельских округов на территории Уалихановского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и помещений для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы сельских округов на территории Уалихановского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарының үгіттік баспа материалдарын орналастыру және таңдаушылармен кездесуі үшін үй-жай белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 227
- Қабылданған күні
- 05.07.2013
- Көрсетілген редакция
- 22.10.2013 73615_168952.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.10.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13SM002327
- ЭКБ идентификаторы
- 73615
- Редакция идентификаторы
- 73615_168952
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:48
0 Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарының үгіттік баспа материалдарын орналастыру және
таңдаушылармен кездесуі үшін үй-жай белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңы 27 бабының 3-тармағына, 28 бабының 4, 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында ауылдық округтері әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін № 1-қосымшаға сәйкес орындар белгіленсін.
2 2. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында ауылдық округтері әкімдеріне барлық кандидаттарының таңдаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде № 2-қосымшаға сәйкес үй-жай тізімі берілсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушысы Балтабек Әділханұлы Мендинге жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 23 шілдедегі пайда болған қатынастарға таралады.
Келісілді
Уәлиханов аудандық сайлау
комиссияның төрайымы
Г. Жәкенқызы
2013 жылы 05 шілдеде
5 Аудан әкімдігінің
2013 ж. 5 шілдедегі
№ 227 қаулысына № 1-қосымша
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
№ р/р
Ауылдық округінің атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
1
Кішкенекөл
Тақталар: Кішкенекөл ауылы, Уәлиханов көшесі, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Уәлиханов аудандық бөлімі ғимаратының алдында
6 Аудан әкімдігінің
2013 ж. 5 шілдедегі
№ 227 қаулысына № 2-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарының таңдаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жай тізімі
№
Ауылдық округінің атауы
Таңдаушылармен кездесуі үшін үй-жай
1
Кішкенекөл
Кішкенекөл ауылы, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің «Уәлиханов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шыңықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залы, Гагарин көшесі, 79