Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением карантинного режима и ограничительных мероприятий на территории Тасшагильского аульного округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением карантинного режима и ограничительных мероприятий на территории Тасшагильского аульного округа
- Атауы (қаз.)
- Тасшағыл ауылдық округінің аумағында карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 15.07.2013
- Көрсетілген редакция
- 05.05.2014 73619_147560.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.05.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13TE002748
- ЭКБ идентификаторы
- 73619
- Редакция идентификаторы
- 73619_147560
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:42
0 Тасшағыл ауылдық округінің аумағында карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2013 жылғы 24 мамырдағы № 118 ұсынысына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Тасшағыл ауылдық округінің аумағында ұсақ мүйізді малдар арасында бруцеллез ауруы ошағының анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2
2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Қызылқоға ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалысын қадағалауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының
"Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорынының бас дәрігері С. Тайшыбай
15 шілде 2013 жыл
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
Атырау облысы бойынша департаменті
Қызылқоға ауданы бойынша Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
басшысы А. Аймұратова
15 шілде 2013 жыл