Об определении мест размещения агитационных печатных материалов по Исатайскому району для кандидатов в акимы сельских округов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест размещения агитационных печатных материалов по Исатайскому району для кандидатов в акимы сельских округов
- Атауы (қаз.)
- Исатай ауданы бойынша селолық округтер әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 136
- Қабылданған күні
- 22.07.2013
- Көрсетілген редакция
- 15.08.2013 73621_180679.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13TD002752
- ЭКБ идентификаторы
- 73621
- Редакция идентификаторы
- 73621_180679
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:39
0 Исатай ауданы бойынша селолық округтер әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып және 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 бабының 6 тармағы негізінде, Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Исатай ауданы бойынша селолық округтер әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары белгіленсін.
2 2. "Исатай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Исатай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы Н. Мусинге жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Исатай аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Б. Қарабаев
2013 жылғы 22 шілде
5 Исатай ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 22 шілдедегі
№ 136 қаулысына қосымша
Исатай ауданы бойынша селолық округтер әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
№
Селолық округ атауы
Орналасқан жері
1
Аққыстау
Е. Қазақстан көшесінде орналасқан ақпараттық тақта
2
Қамысқала
Бақсай көшесі мен И. Шөкетаев көшесінің қиылысындағы ақпараттық тақта
3
Тұщықұдық
Ғ. Рамазанов көшесінің бойында орналасқан ақпараттық тақта
4
Жанбай
З. Құрасұлы көшесінің бойында орналасқан ақпараттық тақта
5
Нарын
Болат жол көшесінің бойында орналасқан ақпараттық тақта
6
Забурын
Жастар көшесінің бойында орналасқан ақпараттық тақта
7
Исатай
И. Тайманов көшесінің бойында орналасқан ақпараттық тақта