Құжат мәтініне өту

О реорганизации некоторых республиканских государственных предприятий Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан

Қаулы · № 736 · қабылданған 23.07.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-73628/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О реорганизации некоторых республиканских государственных предприятий Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 736 ·23.07.2013
28.08.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реорганизации некоторых республиканских государственных предприятий Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 736 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации некоторых республиканских государственных предприятий Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
736
Қабылданған күні
23.07.2013
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI73628_8.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000736
ЭКБ идентификаторы
73628
Редакция идентификаторы
AI73628_8
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:38

0 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» әуе қозғалысын басқару, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудің жер үсті құралдары мен электр байланысын техникалық пайдалану бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бірігу жолымен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

3

3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні әуе қозғалысына қызмет көрсетуге, радиотехникалық құралдарды және байланыс құралдарын пайдалануға, ұшуды метеорологиялық және іздестіру-құтқару қызметімен қамтамасыз етуге, аэронавигациялық ақпаратты ұсынуға байланысты кешенді қызмет көрсетуді көздейтін аэронавигациялық қызмет көрсету болып табылады.

4 4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;

2 2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

10 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 23 шілдедегі
№ 736 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген бөлімінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 52-11 жолмен толықтырылсын:
«52-11
«Қа­заэро­на­ви­га­ция» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны
Аста­на қ.»;
реттік нөмірі 53-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 55-1-жол алынып тасталсын.

2 2. «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 28, 377-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 58-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».

3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

5 5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1434 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қолданыстағы