Құжат мәтініне өту

Об утверждении Типового положения об экспертной комиссии по временному вывозу культурных ценностей

Бұйрық · № 135 · қабылданған 20.06.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-73680/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Типового положения об экспертной комиссии по временному вывозу культурных ценностей Қолданыста Бұйрық ·№ 135 ·20.06.2013
20.06.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Типового положения об экспертной комиссии по временному вывозу культурных ценностей

Қолданыста Бұйрық ·№ 135 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Типового положения об экспертной комиссии по временному вывозу культурных ценностей
Атауы (қаз.)
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясы туралы үлгі ережені бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
135
Қабылданған күні
20.06.2013
Көрсетілген редакция
20.06.2013 AI73680_0.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008575
ЭКБ идентификаторы
73680
Редакция идентификаторы
AI73680_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:55

0 Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясы туралы үлгі ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясы туралы үлгi ережесi бекiтiлсiн.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитетi:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2 2) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен ресми жариялауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының назарына жеткiзудi қамтамасыз етсiн.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

8 Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптамалық комиссиясы туралы үлгi ереже

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2013 жылғы 20 маусымдағы
№ 135 бұйрығымен
бекітілген
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптамалық комиссиясы туралы үлгi ереже

1

1. Осы Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптамалық комиссиясы туралы үлгі ереже (бұдан әрі – Үлгі ереже) Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және сараптама комиссиясының мәртебесі мен өкілеттігін белгілейді.

2

2. Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 8-бабы 6) тармақшасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптамалық комиссияны (бұдан әрі – сараптамалық комиссия) құрады және ол туралы Ережені бекітеді.
Сараптамалық комиссияның құрамына археология, палеонтология, этнография, халықтық-қолданбалы өнер, филателия, нумизматика, геральдика, музыкалық аспаптар, кітап және баспа істері (қолжазбалар), бейнелеу өнері салаларының ғалымдары және жоғары білікті мамандары енгізіледі.
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптамалық комиссияның Ережесі (бұдан әрі - Ереже) осы Үлгі ереже негізінде әзірленеді.

3 3. Ережеде:

1 1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге ұсынылған және Қазақстан Республикасынан уақытша әкетілген заттардың мәдени құндылығын, түпнұсқалығын және жай-күйін анықтау бойынша сараптамалық комиссияның негізгі міндеттерін;

2 2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге ұсынылған және Қазақстан Республикасынан уақытша әкетілген заттарға сараптама жүргізу бойынша сараптамалық комиссияның функциясын;

3 3) сараптамалық комиссияның мәртебесін және өкілеттігін белгілейді.

4 4. Ережеде сараптаманың әдісі, мерзімі және нәтижесі туралы нұсқау берілген сараптамалық комиссияның қызметін ұйымдастыру көрсетіледі.

5 5. Ережеде сараптамалық қорытындының үлгісі осы Үлгі ереженің қосымшасына сәйкес қарастырылсын.

6 6. Сараптамалық комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, мәдениет саласының заңнамаларын және осы Үлгі ережені басшылыққа алады.

7 7. Ережеде сараптамалық комиссияның қызметіне қатысты қосымша мәліметтер көрсетілуі мүмкін.

19 ҚОРЫТЫНДЫ

Мәдени құндылықтарды
уақытша әкету жөнiндегi сараптамалық
комиссиясы туралы үлгi ережеге
қосымша
____________________________________________________________________
(облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті
атқарушы органы)
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегі
сараптама комиссиясы
ҚОРЫТЫНДЫ
____________________
(алғашқы/қайталама)
№ ____
қаласы _________ «___» _______ 20___ ж.
1. Өтініш беруші ____________________________________________________
(Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
_____________________________________________________________________
2. Өтініш берушінің деректері: ______________________________________
(азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №,
_____________________________________________________________________
оның берілген күні немесе заңды тұлғаның деректемелері)
_____________________________________________________________________
3. Өтініш берушінің қызметі: ________________________________________
4. Уақытша әкетудің мақсаты: ________________________________________
5. Сараптамаға ____________________________________________ ұсынылды
(заттың атауы, жазбаша саны)
6. Заттың сипаттамасы: ______________________________________________
_____________________________________________________________________
(түпнұсқа, авторы, жасалған уақыты мен жері, материалы және
_____________________________________________________________________
орындалу техникасы, өлшемі, салмағы, сақталуы)
Қорытынды: __________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(мәдени құндылығы бар немесе жоқ,
_____________________________________________________________________
уақытша әкету мүмкіндігі туралы ұсыным)
Сараптама комиссиясының Комиссия мүшелері:
төрағасы:
____________________ (Т.А.Ә.) ____________________ (Т.А.Ә.)
____________________ (Т.А.Ә.) ____________________ (Т.А.Ә.)

Қолданыстағы