Қолданыстағы ред. 01.02.2007 (Редакция 7369_328736.kaz)

Облыстың азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар күштері мен құралдарын су тасқынына қарсы шараларға дайындау туралы от 14.02.2000 г. № 149 (Облыстың азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар күштері мен құралдарын су тасқынына қарсы шараларға дайындау туралы)

0

Облыстың азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар күштері мен құралдарын су тасқынына қарсы шараларға дайындау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 01.02.2007 № 9 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Сырдария өзеніндегі көктемгі су тасуынан туындаған су басу мүмкіндігінің алдын алу және тұрғындар мен облыс аумағын қорғау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері, қызметтер мен ұйым басшылары, Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының негізінде ведомствоға қарасты аумақтарды су басу мүмкіндігі жағдайында авариялық-құтқару және шұғыл-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар күштері мен құралдарының дайындығын қамтамасыз етсін. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі ұйымдық-техникалық кешенді шараларын орындау «Облыстың су тасуына қарсы шаралар жоспарына» сәйкес жүргізілсін.

2

2. «Қызылорда су шаруашылығы» Республикалық Мемлекеттік кәсіпорыны (А.Құтжанов) су шаруашылығындағы жағдай жөнінде хабарламаның уақытылы тапсырылуын қамтамасыз етсін, мол су көлемін өткізуге гидротехникалық ғимараттарды, қорғаныс бөгеттерін дайындауға қажетті инженерлік-техникалық шараларды жүргізсін.

3

3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға (Қ.Қайруллаев) жүктелсін.