О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 15-7-V
- Қабылданған күні
- 28.06.2013
- Көрсетілген редакция
- 19.10.2018 73698_369007.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.10.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13VH002999
- ЭКБ идентификаторы
- 73698
- Редакция идентификаторы
- 73698_369007
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:52
0 Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Бородулиха ауданының ауылдық елдi мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек берілсін.
Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына, оның ішінде ветеринария саласында қызметін жүзеге асыратын ветеринарлық пункттердің ветеринария мамандарына әлеуметтік көмек 15000 (он бес мың) теңге көлемінде берілсін.
Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары, оның ішінде ауылдық елді мекенде және қала үлгісіндегі кенттерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының медицина және фармацевтика жұмысшыларына коммуналдық қызметтерге және отынға кеткен шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат шешімімен бекітілген мөлшерде төленсін.