Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил продажи объектов приватизации коммунальной собственности

Ереже · № 588 · қабылданған 20.09.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-7379/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении Правил продажи объектов приватизации коммунальной собственности Қолданыста 20.09.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил продажи объектов приватизации коммунальной собственности

Қолданыста Ереже № 588 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил продажи объектов приватизации коммунальной собственности
Атауы (қаз.)
Коммуналдық меншіктегі жекешелендіру объектілерін сату ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
588
Қабылданған күні
20.09.2000
Көрсетілген редакция
20.09.2000 7379_258037.kaz
Соңғы өзгеріс
20.09.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00S000156_
ЭКБ идентификаторы
7379
Редакция идентификаторы
7379_258037
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:16
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Коммуналдық меншіктегі жекешелендіру объектілерін сату ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсанда № 2721 «Жекешелендіру туралы» Заң күші бар Жарлығына және Қазақстан Республикасы «Жекешелендіру объектілерін сатудың ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Коммуналдық меншіктегі жекешелендіру объектілерін сату ережесі бекітілсін.

2. Мыналар күші жойылды деп танылсын:

1) Атырау облысы әкімінің 2000 жылғы 4 ақпандағы № 344 «Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру Ережесі мен Тәртіптерін бекіту туралы» шешімінің 1 – тармағының 3 тармақшасы;

2) Атырау облысы әкімінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 463 «Атырау облысының коммуналдық меншік мемлекеттік акциялар пакеттерін аукциондарға сату тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» шешімі.

3. Облыстық коммуналдық меншік басқармасы жоғарыда көрсетілген Ережені қолданыстағы заңдарға сәйкес тіркеуде өткізілуін қамтамасыз етсін.

4. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Палымбетовке жүктелсін.

7 Атырау облысы әкімінің 2000

жылғы 21 қыркүйек № 588
шешімімен бекітілген
Коммуналдық меншіктегі жекешелендіру объектілерін сату ережесі
Коммуналдық меншіктегі жекешелендіру объектілерін сатудың ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 «Жекешелендіру туралы» Заң күші бар Жарлығына сәйкес әзірленді және жекешелендіру объектілерін сату тәртібін реттейді.

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұйымдар пайдаланады:

1) «Сатушы» - Атырау облыстық коммуналдық меншік басқармасы;

2) «Ұйымдастырушы» - жекешелендіру объектілерін дайындауды және сатуды ұйымдастырушы заңды немесе жеке тұлға; Сатушы Ұйымдастырушы бола алады.

3) «Жекешелендіру объектісі» - мемлекеттік кәсіпорын мен мекеме; тұйықталған технологиялық циклді бұзбай, мүліктік кешен ретінде одан бөлінген өндірістік бөлімшелер мен құрылымдық бірліктер; заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы акциялар мен үлестер және де барлық түрдегі мүліктер;

4) «Қатысушы» - аукционға немесе тендерге қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген заңды немесе жеке тұлға;

5) «Сауда - саттықтар» - жекешелендіру объектілерін сату нысаны;

6) «Аукцион» - қатысушылар өздерінің ұсыныстарын жария түрде мәлімдейтін сауда – саттықтың түрі;

7) «Аукционшы» - аукцион жүргізуші және тиісті аукциондық сауда – саттық жүргізу техникасын меңгерген жеке тұлға;

8) «Сауда – саттықтардың ағылшын әдісі» - бастапқы бағасы жарияланған қадаммен арттырылатын сауда – саттықтардың әдісі;

9) «Сауда – саттықтардың голланд әдісі» - бастапқы бағасы алдын – ала жарияланғаг қадаммен төмендетілетін сауда – саттықтардың әдісі;

10) «Тендер» - сауда – саттықтардың қатысушылар өздерінің ұсыныстарын Сатушының қалауы бойынша жазбаша жабық конвертте немесе жария мәлімдейтін түрі;

11) «Жабық тендер» - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындағын қатысушылардың шектеулі шеңбері қатысатын тендер;

12) «Коммерциялық тендер» - жекешелендіру объектісі үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған Қатысушы жеңімпаз болып танылатын, тендердің шарттарын орындауға келіскен Қатысушылардың арасындағы сауда – саттықтар;

13) «Инвестициялық тендер» - комиссияның қорытындысы бойынша тендердің шарттарына сәйкес ең жақсы инвестициялық бағдарлама ұсынған Қатысушы жеңімпаз болып танылатын сауда – саттықтар;

14) «Есептік баға» - жекешелендіру объектісінің бағасын реттейтін, қолданылып жүрген нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес айқындалған жекешелендіру объектісінің бағасы;

15) «Алғашқы баға» - Сатушы бекіткен есептік баға не консалтингтік немесе тәуелсіз аудиттің қорытындысы негізінде алынған баға;

16) «Ең төменгі баға» - жекешелендіру объектісін одан төменге сатуға болмайтын баға;

17) «Бастапқы баға» - жекешелендірудің әрбір объектісі бойынша сауда – саттықтар басталатын баға;

18) «Сату бағасы» - жекешелендіру объектісінің сауда – саттықтардың нәтижесінде белгіленген түпкілікті бағасы;

19) «Жеңімпаз» - аукционда жекешелендіру объектісі үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған сауда – саттыққа қатысушы немесе тендерлік комиссияның қорытындысы бойынша ең жақсы шартты ұсынған сауда – саттыққа Қатысушы;

20) «Сатып алушы» - Сатушымен сауда – саттық шартын жасасқан Жеңімпаз.

2. Объектіні жекешелендіру туралы шешімді Атырау облысы әкімі немесе облыстық коммуналдық меншік басқармасы қабылдайды.

3. Эмиссиялары Қазақстан Республикасының заңдылығында белгіленген тәртіппен тіркелмеген акцияларды сатуға рұқсат етілмейді.

4. Жабық акционерлік қоғамдардағы акциялардың мемлекеттік пакеттері мен серіктестіктердегі мемлекеттік үлестерді сату Қазақстан Республикасының заңнамасы қоятын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Жабық акционерлік қоғамдардағы акциялардың мемлекеттік пакеттері мен серіктестіктердегі мемлекеттік үлестер ашық сауда – саттықта сатылған жағдайда, оларды сату осы Ережемен реттеледі.

5. Мемлекеттік мүліктің теңгерімін ұстаушы, жекешелендіру объектісі бойынша ол сатылғанға дейін, жекешелендіру объектісінің сақталуы мен мәліметтердің дұрыстығы үшін жауапты болады.

Акционерлік қоғамдардағы акциялардың мемлекеттік пакеттерін немесе серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті сату кезінде мүлкінің сақталуы мен мәліметтердің сенімділігіне акционерлік қоғамның немесе серіктестіктің басшылығы жауапты болады.

6. Жеке тұрған ғимаратта және қосып сатылған үй – жайларда орналасқан жекешелендіру объектілері (жылжымайтын мүлік) бойынша сауда – саттықта объект тұтас, яғни ғимарат, үй – жай және жекешелендіру объектісінің барлық мемлекеттік мүлкі ол үшін бөлінген жер учаскесімен бірге сатылады.

Қосып салынған үй – жайларда орналасқан жекешелендіру объектілері (жылжымайтын мүлік) бойынша жекешелендіру объектісі орналасқан жер учаскесінің бір бөлігін сату үшін бөлу, жер учаске заңнамасына сәйкес бөлінетіндер разрядына жататын жағдайда ғана жүргізіледі.
Бұл орайда жер учаскесінің құнын Сатып алушы жеке төлейді. Жекешелендіру объектісі бөлінбейтін жер учаскесіне орналасқан жағдайда сату шартында жер учаскесін ортақ пайдалану тәртібі ескеріледі.

7. Сатушы жекешелендіру объектісін сатуды осы Ережеде және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

8. Сатушының ерекше функциялары:

1) жекелеген сауда – саттықтар бойынша объектілерді бөлу, сондай –ақ оларды жүргізудің мерзімдерін белгілеу;

2) жекешелендіру объектілерінің алғашқы, бастапқы және ең төменгі бағасын белгілеу және бекіту;

3) кепілдік жарналарды қабылдау;

4) ұйымдастырушылармен сауда – саттықтарды ұйымдастырудың және өткізудің шарттарын жасасу;

5) аукциондарды ұйымдастырудың және өткізудің барысын бақылауды ұйымдастыру;

6) сауда саттықтардың женімпаздарымен сатып алу – сату шарттарын жасасу және олардың орындалуын бақылау;

7) Қатысушымен, Сатып алушымен және Ұйымдастырушымен сауда – саттық жүргізу рәсімдерімен байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру болып табылады.

9. Сауда – саттықтарға қатысуға жеке тұлғаларға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және шетелдік заңды тұлғаларға рұқсат етіледі.

10. Мыналар:

1) жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі 20 пайыздан астамды құрайтын заңды тұлғалар;

2) қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдеріне немесе құрылтайшылық құжаттарына сәйкес қызметтің жүзеге асырылуы объектілерді сауда – саттықтарда сатудың шарты болып табылатын түрлерімен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлғалар;

3) Аукционды ұйымдастырушы;

4) Сатып алу – сату шартын жасасу және орындау жөніндегі тиісті міндеттемелерін орындамаған бұрынғы сауда – саттықтардың женімпаздары сауда – саттықтардың қатысушысы бола алмайды.

11. Акциялардың мемлекеттік пакеттерін сату кезінде Сатып алушы – акционерлік қоғам, егер соңысы Сатып алушының акцияларына ие болса, акционерлік қоғам акцияларының 25 пайызынан артықты сатып ала алмайды.

2. Комиссия

12. Сауда – саттықтарды ұйымдастыру және өткізу үшін Сатушы құрамына Сатушының, облыстық қаржы басқармасының, облыстық әділет басқармасының және басқа да мүдделі ведомстволардың өкілдері немесе олардың бөлімшелерінің өкілдері кіретін комисияны құрады. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 7 адамды құруы тиіс. Комиссияның төрағасы Сатушының өкілі болып табылады.
Комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстардың теңдігі кезінде төрағаның даусы шешуші болып табылады.

13. Комиссия:

өз жұмысының регламентін дербес әзірлейді;
жекешелендіру объектісінің алғашқы, бастапқы жәнеең төменгі бағасын бекіту үшін Сатушыға ұсыным жасайды;
кепілдік жарнаның мөлшерін айқындайды;
тендердің шартын айқындайды;
тендер өткізеді;
сауда – саттықтардың жеңімпазын жариялайды.

14. Сауда – саттықтарды өткізуге дайындықты сауда – саттықтарды өткізу туралы ақпараттық хабарламаның уақытылы жариялануын қамтамасыз ететін, өтінімдерді қабылдауды және қатысушыларды тіркеуді жүргізетін, келіп түскен материалдарды комиссияның қарауына беретін Сатушы жүзеге асырады.

3. Сауда – Саттықтарды өткізуге дайындық

15. Сауда – саттықтарды өткізуге дайындық мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) қажетті материалдарды жинау жүргізіледі;

2) жекешелендіру объектілерінің алғашқы, бастапқы және ең төменгі бағасы айқындалады;

3) әрбір жекешелендіру объектісінің сатылу түрі мен әдісі айқындалады;

4) жекешелендіру объектілері жекелеген сауда – саттықтар бойынша бөлінеді;

5) кепілдік жарнаны енгізудің мөлшері мен тәртібі айқындалады;

6) сауда – саттықтарды жүргізудің мерзімдері белгіленеді;

7) қажет болған жағдайда жекешелендіру объектілерін сату жөнінде аукционды ұйымдастыруға және өткізуге шарт жасасу құқығы үшін тендер өткізіледі;

8) сату проспектісі жасалады;

9) сауда – саттықтар өткізу туралы ақпарат хабарлама жарияланады және басқа да жарнамалық қызмет жүзеге асырылады;

10) кепілдік жарналар қабылданады;

11) Қатысушыларды тіркеу жүргізіледі.

16. Жекешелендіру объектілерінің есептік бағасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 мамырдағы № 562 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерінің құнын бағалау туралы ережеге сәйкес Сатушы белгілейді.

Сатушы жекешелендіру объектісінің құнын бағалауды консалтингтік ұйымдардың немесе тәуелсіз аудиттің қорытындысы негізінде жүзеге асыруға құқылы.
Жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасын Сатушы бекітеді.

17. Кепілдік жарна Қатысушылардың мынадай міндеттемелерінің қамту көзі болып табылады:

1) сауда – саттықтарда жеңіске жеткен жағдайда сауда – саттықтардың нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдың;

2) сауда – саттықтар нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сатып алу – сату шартын жасасудың;

3) сатып алу – сату шарты бойынша міндеттемелерін тиісті түрде орындаудың.

18. Кепілдік жарна Сатушының деректемелерін ақпараттық хабарламада белгіленген нысан мен тәртіпте және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізіледі. Кепілдік жарнаның мөлшері ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертілмейді. Кепілдік жарнаны Қатысушының атынан кез – келген жеке немесе заңды тұлға еңгізуі мүмкін. Кепілдік жарнаны алушы Сатушы болып табылады.

19. Сауда – саттықтарда жеңіп шаққан және сатып алу – сату шартын жасасқан Қатысушының кепілдік жарнасы сатып алу – сату шарты бойынша тиесілі төлемдердің есебіне жатады.

20. Кепілдік жарнаны Сатушы мынадай жағдайларда қайтармайды:

1) Сауда саттықтарға қатысушыға – сауда – саттықтарға қатысудан ол өткізілуіне үш күннен аз қалғанда бас тартқан жағдайда немесе оның осы Ереже және Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда;

2) Жеңімпазға – ол сауда – саттықтардың нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан не сатып алу – сату шартын жасасудан бас тартқан жағдайда;

3) Сатып алушыға – ол сатып алу – сату шарты бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінші орындамаған жағдайда.

Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарна сауда – саттықтар аяқталған күннен бастап 10 банктік күннен кеш емес мерзімде, ал егер ақша Сатушының шотына сауда – саттықтардан кейін түссе, онда олар түскен күннен бастап 10 банктік күннің ішінде қайтарылады.

21. Сауда – саттықтар өткізілетіндігі туралы ақпараттық хабарлама олар өткізілгенге дейін кемінде 15 күн бұрын, ал акциялары және ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы үлестерді сату кезінде – сауда – саттықтар өткізілуге дейін 30 күннен кешіктірмей жариялануы тиіс. Ақпараттық хабарлама баспасөзде мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануы тиіс.

22. Ақпараттық хабарлама:

1) сауда – саттықтардың өткізілетін күнін, орнын және уақытын;

2) сауда – саттықтардың түрі мен әдісін;

3) жекешелендіру объектісі туралы мәлеметті;

4) сатуға қойылатын жекешелендіру объектілерінің бастапқы және ең төменгі бағасын;

5) Сатушының кепілдік жарнасының мөлшері мен банктік деректемелерін;

6) өтінімді қабылдайтын орны мен мерзімдерін;

7) сауда – саттықтарды өткізудің тәртібі мен сауда – саттықтардың Женімпазын анықтаудың шартын;

8) сауда – саттықтарды ұйымдастырушының телефоны мен орналасқан жерін;

9) Сатушының шешімі бойынша ақпараты қамтуы тиіс.

23. Әрбір объекті бойынша ақпараттық хабарлама жарияланғанға дейін Сатушы мынадай құжаттардың көшірмелерінен тұратын құжаттардың пакетін:

1) сауда – саттықтарға қойылатын жекешелендіру объектісінің жарғысын;

2) акциялар эмиссиясының проспектісі мен эмиссиялардың тіркелгендігі туралы куәлікті;

3) соңғы үш жылдағы және жекешелендіру объектісін сату туралы шешім қабылданған күнге дейінгі қосымшаларымен бірге есептік кезеңдегі бухгалтерлік теңгерімді;

4) статистикалық кәртішкені;

5) заңды тұлғаның тіркелгендігі туралы куәлікті;

6) акционерлік қоғам акционерлерінің немесе серіктестік қатысушылардың тізілімінен көшірмені;

7) құнын көрсете отырып, жарғылық капиталға еңген негізгі құрал – жабдықтардың тізбесін;

8) кредиторлық және дебиторлық берешектердің таратылып жазылуын;

9) әлеуметтік сала объектілерінің тізбесін, олардың құнын көрсете отырып, акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестері сауда – саттықтарға қойылған акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер ұсынады;

10. Сатушының ұйғарымы бойынша басқа да құжаттарды дайындауы тиіс.

Құжаттардың пакетіне басқа да қосымша мәліметтер инвестордың тәуекелі факторларының талдауы, ұйымды техникалық қайта жарақтау нұсқаларының мүмкіндіктері туралы деректер, кірістілік есептері, өндіріс үшін қажетті инвестициялардың көлемін бағалау, өндірілетін өнімің әлемдік немесе ішкі рыноктардағы перспективалығын бағалау және т.б.) де енгізілуі мүмкін.
Ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін Сатушы жекешелендіру объектісінің және сауда – саттықтарды өткізудің ережесі туралы ақпараттарды барлық тілек білдірушілердің еркін алуын қамтамасыз етуге міндетті.
Жарнамалардың басқа түрлері еркін нысанда жүзеге асырылады және Қатысушаларды барынша кең тартуға бағытталуы тиіс.

24. Сауда – саттықтардың қатысушыларын тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда * саттықтардың өтуіне бір күн қалғанда аяқталады.

25. Сауда – саттықтардың қатысушысы ретінде тіркелу үшін:

1) Сауда – саттықтарға қатысушының жазбаша міндеттемесін камтитын сауда – саттықтарға қатысудың, ал, ол Жеңімпаз деп жарияланған жағдайда, ақпараттық хабарлама белгіленген шарттармен жекешелендіру объектісін сатып алу – сату шартын жасасудың өтінімін;

2) төлқұжатын немесе жеке басын куәландыратын өзге құжатты;

3) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатының көшірмесі мен көшірмелердің шынайылығын растау үшін төлем құжаттарының түпнұсқасын;

4) коммерциялық тендер өткізудің өтінімінде жекешелендіру объектісін сатып алу бағасы туралы коммерциялық ұсынысты көрсетеді;

5) инвестициялық тендерге қатысудың өтінімінде тендер шарттарына сәйкес жасалған инвестициялық бағдарлама (бизнес – жоспар) мен жекешелендіру объектісін сатып алу бағасы туралы ұсыныс қоса беріледі;

6) өкілдің уәкілеттігін растайтын құжатты ұсыну қажет.

Заңды тұлғаар жарғының, статистикалық кәртішкенің және заңды тұлғаның тіркелгендігі туралы куәліктің нотариалдық расталған көшірмелерін ұсынады.
Акционерлік қоғамдар жарғылық капиталдағы мемлекеттің үлесі туралы және олардың акцияларына иелік ететін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты камтитын акционерлердің тізілімінен көшірмені (ақпарат хабарлама жарияланған сәттегі) ұсынады.

26. Сауда – саттықтарға қатысуға тілек білдірген тұлғалардың өтінімдерін қабылдау мен тіркеу, талап етілетін құжаттардың толық жинағы бар болған жағдайда жүргізіледі.

27. Сатушы мен Ұйымдастырушының:

1) Қатысушылардан қойылғандардың ішінен белгілі бір объектіні оның сатып алу тілегі туралы ақпаратты талап етуге;

2) Сауда – саттықтарға қатысушыларға қатысы бар ақпаратты, Қазастан Республикасының заңнамалық кесімдерінде көзделгендерден басқа жағдайларда, сауда – саттықтарды дайындаудың және оны өткізудің бүкіл кезеңі ішінде жария етуге;

3) осы Ереженің 25 – тармағында аталғандарды қоспағанда, Қатысушы ретінде тіркеу үшін қосымша құжаттарды ұсынуды талап етуге құқығы жоқ.

28. Қатысушылардың құжаттары арнаулы журналдатіркелгеннен кейін арнайы сейфте сақталады, сауда – саттықтар өткізілген күні Қатысушылардың құжаттары қарау және сауда – саттықтарға жіберу үшін комиссияға беріледі.

29. Аукционға жіберілген Қатысушы аукциондық нөмірді алады. Сауда – саттықтардың процесі кезінде аукциондық нөмірді басқа тұлғалардың пайдалануына тыйым салынады.

4. Аукционды өткізу

30. Сауда – саттықтардың ағылшын әдісін қолдана отырып аукционды өткізу кезінде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең.

Сауда – саттықтардың голланд әдісін қолдана отырып аукционды өткізу кезінде бастапқы баға алғашқы бағаны арттырылатын коэффициентке көбейту арқылы айқындалады. Бұл коэффициентті Сатушы белгілейді, 10 – нан кем болмауы тиіс.
Жекешелендіру объектісін Сатушы белгіленген ең төменгі бағадан арзанға сатуға болмайды.

31. Аукционға қатысуға арналған кепілдік жарна аукционға қойылатын барлық жекешелендіру объектілері үшін бірдей мөлшерде белгіленеді және мынадай әдістеме бойынша есептеледі:

1) әрбір жекешелендіру объектісі бойынша жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасынан 1 пайыздан 15 пайызға дейін (Сатушының ұйғарымы бойынша) айқындалады;

2) осы тармақтың 1) тармақшасында алынған орташа арифметикалық шамасы айқындалады;

3) аукционға қойылатын жекешелендіру объектілерінің ішінен жекешелендіру объектісінің ең төменгі бастапқы бағасы айқындалады;

4) кепілдік жарнаның мөлшері осы тармақтың 2) және 3) тармақтарында алынған ең төменгі шамасына тең мөлшерде қабылданады.

32. қатысушылар кепілдік жарнаны кез – келген санда енгізуге құқылы, бұл орайда бір кепілдік жарна бір жекешелендіру объектісін сатып алуға құқық береді.

33. Жекешелендіру объектісі алғашында аукционға сауда – саттықтардың ағылшын әдісі қолданыла отырып шығарылады. Екінші және одан кейінгі аукциондардағы сауда – саттықтардың әдісін Сатушы белгілейді.

34. Аукционды Аукционшы жүргізеді. Аукцион оның өткізу тәртібін жариялаудан басталады. Қатысушылар мен қатысып отырған тұлғалар аукцион барысына ықпал етуге немесе оны өткізу ережесін бұзуға құқығы жоқ, басқаша жағдайда оларды Аукционшы аукцион өткізіліп отырған залдан шығарып жіберуі мүмкін.

Жекешелендіру объектілерін сауда – саттықтарға қоюдың реті ақпараттық хабарлама белгіленген тәртіпке сәйкес келуі тиіс.

35. Әрбір жекешелендіру объектісі бойынша сауда – саттықтар Аукционшының сату объектісін, қойылып отырған жекешелендіру объектісінің қысқаша сипаттамасын, сауда – саттықтарды өткізудің әдісін, бастапқы бағасын және бағаның өзгеру қадамын жариялауынан басталады. Аукционшы сауда – саттықтар процесі кезінде қадамды осы туралы хабарлай отырып, өзгертуге құқылы. Өзгерту қадамы жекешелендіру объектісінің 5 пайыздан 10 пайызға дейінгі ағымдағы бағасы шегінде белгіленеді. Аукционшының объект бағасын қайталап жарялау арасындағы үзіліс 10 секундтан кем болмауы тиіс.

36. Сауда – саттықтар төменде сипатталған екі әдістің бірі бойынша өткізіледі:

1) Сауда – саттықтардың ағылшын әдісі:

Аукционшы жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын және бағаның арттырылу қадамын жариялайды. Сауда – саттықтардың қатысушылары нөмірді көтере отырып бастапқы бағаны арттырады, бірақ жарияланған қадамнан кем болмауы тиіс. Аукционшы сауда – саттықтарға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін жариялайды, бағаларын бекітеді және оны көтеруді ұсынады. Жекешелендіру объектісі бойынша сауда – саттықтар ұсынылған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру объектісі үшін біршама жоғары баға ұсынған Қатысушыны Аукционшы жариялайды. Аукционшы жекешелендіру объектісінің соңғы бағасын үш мәрте қайталайды және басқа нөмір көтерілмеген жағдайда балғаны соғып, осы жекешелендіру объектісінің сатылғандығы туралы жариялайды.
Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын, егер ең болмағанда екі қатысушы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына арттырған жағдайда ғана, жекешелендіру объектісі бойынша сауда – саттықтар өткізілген болып саналады.

2) Сауда – саттықтардың голланд әдісі:

Аукционшы жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын жариялайды және жаңа бағаны жариялай отырып, оны мәлімделген кадаммен төмендетеді. Аукционшы баға жарияланған кезде аукциондық нөмірді бірінші көтерген Қатысушының нөмірін атайды және балғаны соғып, осы жекешелендіру объектісі бойынша оны Жеңімпаз деп жариялайды. Егер Аукционшы жекешелендіру объектісінің ең төменгі бағасын жариялаған кезде Қатысушылардың бірде – бірі осы жекешелендіру объектісін сатып алуға ниет білдірмесе, онда бұл жекешелендіру объектісі сауда – саттықтардан алынады.
Егер, бағаны жариялаған сәтте екі немесе одан көп нөмір көтерілген жағдайда, онда Аукционшы бағаны Жеңімпаз анықталған сәтке дейін тіркелген қадам көлеміне көтере береді. Жарияланған қадам сауда – саттықтардың голланд әдісі бойынша белгіленген қадамына, бірақ ұлғайту жағына тең болуы тиіс. Егер, бағаны арттыру кезінде өз нөмірлерін бір мезгілде көтерген сауда – саттықтарға қатысушы тұлғалардың бірде – бірі оны арттырылған баға бойынша сатып алуға тілек білдірмесе, онда Аукционшы жеребе тастау рәсіміне жүгінуге құқылы.
Үшінші және одан кейінгі сауда – саттықтарды қоспағанда, егер оның өту сәтінде жекешелендіру объектісі бір ғана Қатысушыға сатылуы мүмкін, пайдаланылмаған кепілдік жарнасы бар тек бір ғана тіркелген Қатысушы қалса, жекешелендіру объектісі бойынша сауда – саттықтар өтпеген болып саналады.

37. Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша сауда – саттықтардың нәтижелері сауда – саттықтар аяқталғанда әрбір жекешелендіру объектісі бойынша комиссияның төрағасы, комиссияның барлық мүшесі, Аукционшы және Жеңімпаз қол қойған сауда – саттықтардың нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді. Комиссия мүшесі өзінің айрықша пікірін хаттамада жазбаша баяндауға немесе хаттамаға қоса беруге құқығы бар. Аукционшы хаттамаға қол қою үшін 10 минуттан аспайтын уақытқа үзіліс жариялауға құқылы. Хаттама Сатушыға, Сатып алушыға және Ұйымдастырушыға арналып бір – бір данадан жасалады. Ұйымдастырушы, аукцион өткізілгеннен кейінгі күннен кешіктірмей, сауда – саттықтардың нәтижелері туралы хаттаманың бір данасын Сатушыға беруге міндетті.

38. Сауда – саттықтардың нәтижелері туралы хаттама сауда – саттықтардың нәтижелері мен Жеңімпаздың және Сатушының сату бағасы бойынша жекешелендіру объектісінің сатып алу – сату шартын жасасу міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады. Хаттамаға қол қойылған күннен бастап, мерзімі біткенде бұл құқық жойылатын, он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге сатып алу – сату шартын жасасуға Жеңімпаздың құқығы бар.

39. Аукционды ұйымдастыру мен өткізу үшін бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметтерді жүзеге асыруға (брокерлік және дилерлік қызметтерді жүзеге асыруға) бірінші санаттағы лицензиясы бар, конкурстық негізде іріктелген, аукционды дербес өткізетін Ұйымдастырушыны тартуға Сатушы құқылы. Сатушы мен Ұйымдастырушы жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі аукционды ұйымдастыруғашарт жасасады.

40. Жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі аукционды ұйымдастыру шарты Сатушы мен Ұйымдастырушы арасында жазбаша жасалады және мыналарды:

1) Ұйымдастырушы лицензиясының күнін, нөмірін және әрекет ету мерзімін;

2) жекешелендіру объектілерінің жекелеген аукциондар бойынша бөліп – бөліп көрсетілген тізбесін;

3) аукционды өткізудің шекті мерзімін;

4) әрбір жекешелендіру объектісін сату кезіндегі сауда – саттықтарды жүргізудің түрін және әдісін;

5) әрбір жекешелендіру объектісінің бастапқы және ең төменгі бағасын;

6) кепілдік жарнасының мөлшері мен оны енгізудің тәртібін;

7) Ұйымдастырушыға әрбір жекешелендіру объектісі бойынша берілетін құжаттардың тізбесін;

8) аукционды дайындау мен өткізудің барысы туралы Ұйымдастырушы есебінің кезең – кезеңдігін және нысанды;

9) Ұйымдастырушылардың сыйақыларының мөлшері мен алу шарттарын және Сатушымен өзара есеп айырысудың тәртібін;

10) Ұйымдастырушы мен Сатушының құқықтарын және міндеттерін, жауапкершілігін;

11) шарттың әрекет ету мерзімін және оны бұзу шарттарын;

12) Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген басқа да міндетті талаптарды қамтуы тиіс.

5. Тендерді өткізу

41. Тендерді ұйымдастыру мен өткізуді Сатушы жүзеге асырады. Объектіні бірінші тендерге қойған кездегі жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы, жекешелендіру объектісі одан төмен сатылуы мүмкін емес алғашқы бағаға тең.

42. Тендерге қатысуға арналған кепілдік жарна жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасынан 5-15 пайыз шегінде әрбір жекешелендіру объектісі үшін жеке белгіленеді.

43. Тендердің шарттары:

жекешелендіру объектісіне тартылатын инвестициялардың көлемі, түрі және мерзімі бойынша міндеттемелер;
өндіріс көлемінің, шығарылатын өнімдер номенклатураларының немесе көрсетілетін қызметтердің белгілі бір деңгейін қамтамасыз ету;
белгілі бір тұтынушыларға өнімдерді жеткізу;
баға жасау шарттары, оның ішінде бағаның шекті деңгейі бойынша шектеу;
табиғат қорғау шараларын жүргізу;
жұмыс орындарының санын сақтау немесе жаңа жұмыс орындарын құру;
өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің орын алып отырған тәртібі мен пайдалану шарттарын сақтау;
кредиторлық берешектерді белгіленген мерзімінде өтеу;
жалақы төлемдері бойынша берешектерді өтеу;
мәмілелерді жасауды шектеу (қайта сату, кепілге, сенімді басқаруға беру және т.б.) және /немесе жекешелендіру объектісіне қатысты белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір іс – қимылдарға тыйым салу;
комиссияның қалауы бойынша басқа да шарттар болуы мүмкін.

44. Комиссия Сатушының тендер шарттарын, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын бекіту үшін ұсыныс жасайды, кепілдік жарнаның көлемін белгілейді және тендерді ұйымдастыру бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

45. Егер тіркелген Қатысушылардың саны екеуден аз болса, онда жекешелендіру объектісі бір ғана Қатысушыға сатылуы мүмкін, үшінші және одан кейінгі сауда – саттықтарды қоспағанда, тендер өтпеген болып саналады.

46. Комиссияның отырысында Қатысушылардың ұсыныстары жазылған өтінімдерді комиссияның барлық мүшелері зерделейді және салыстырады. Комиссия барлық ресми жағдайлардың сақталуын тексереді, талап етілетін мәліметтер мен құжаттардың бар – жоғын айқындайды.

47. Коммерциялық тендерді өткізу барысында комиссия ұснысы жекешелендіру объектісі үшін біршама жоғары мәнге ие болған және тендердің шарттарын қанағаттандырған Қатысушыны тендердің Жеңімпазы деп жариялайды.

Егер коммерциялық тендерде екі және одан көп қатысушының ұсынысы бірдей бағаға ие болса және тендер шарттарын қанағаттандырса, онда Жеңімпазды анықтау үшін олардың арасында жекешелендіру объектісінің бағасы бойынша сауда – саттықтардың ағылшын әдісі қолданыла отырып аукцион өткізіледі.

48. Инвестициялық тендер өткізу кезінде ұсынысы біршама тиімді инвестициялық бағдарламаға ие және тендер шарттарын қанағаттандыратын Қатысушы Жеңімпаз деп жарияланады.

Егер инвестициялық тендерде екі және одан көп қатысушының инвестициялық бағдарламасы және басқа да факторлар бойынша бірдей ұсыныстарға ие болса және тендер шарттарын қанағаттандырса, онда Жеңімпазды анықтау үшін олардың арасында жекешелендіру объектісінің бағасы бойынша сауда – саттықтардың ағылшын әдісі қолданыла отырып аукцион өткізіледі.

49. Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша тендердің нәтижелері сауда – саттықтар аяқталғанда әрбір жекешелендіру объектісі бойынша комиссияның төрағасы, комиссияның барлық мүшесі және тендердің яжеңімпазы қол қойған сауда – саттықтардың нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді. Комиссия мүшесі өзінің айрықша пікірін хаттамада жазбаша баяндауға немесе хаттамаға қоса беруге құқығы бар.
Тендер аяқталғаннан кеінгі күннен кешіктірмей, комиссия барлық Қатысушыларға тендердің нәтижелерін жариялайды.

50. Хаттама Сатушы және Сатып алушы үшін бір – бір данада жасалады.

51. Сауда – саттықтардың нәтижелері туралы хаттама сауда – саттықтардың нәтижелері мен Жеңімпаздың және Сатушының тендердің нәтижесі болып табылатын шарттармен жекешелендіру объектісінің сатып алу – сату шартын жасасу міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады. Хаттамаға қол қойылған күннен бастап, мерзімі біткенде бұл құқық жойылатын, он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге сатып алу – сату шартын жасасуға Жеңімпаздың құқығы бар.

52. Егер объекті тендерде сатылмаса, Сатушы комиссияның ұсынысы бойынша оны сатудың әдісін, бағаны және тендер шартын өзгерту туралы шешім қабылдайды.

53. Мемлекеттің қауіпсіздігін, қоршаған табиғи ортаны қорғауды, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ерекше жағдайларда тендер жабық өткізілуі мүмкін.

Жабық тендерді өткізу кезінде бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық хабарлама жарияланбайды. Жабық тендерге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған Қатысушылардың шектеулі тобы қатысады. Жабық тендерге қатысуға арналған жазбаша шақыруды жабық тендердің барлық шарттарымен Қоса Сатушы жібереді.
Жабық тендерге қатысуға шақыру жіберілген және қатысуға тілек білдірген тұлғаларды тіркеу жазбаша шақыру жіберілген күннен бастап жүргізіледі және жабық тендердің өткізілуіне бір күн қалғанда аяқталады.

54. Жабық тендерді өткізудің тәртібі осы Ереженің 41-54 тармақтарымен реттеледі.

6. Сатып алушылармен есеп айырысудың тәртібі және меншік құқығын ресімдеу

55. Сатып алу – сату шарты жазбаша түрде Сатушы мен Сатып алушының арасында жасалады және келісім – шарт жасасудың негізі ретінде сауда – саттықтардың нәтижелері туралы хаттамаға жасалған сілтемені қамтуы тиіс.

56. Сатып алу – сату шарты бойынша есеп айырысулар Сатушы мен Сатып алушы арасында жүргізіледі, бұл орайда Сатып алушы есеп айырысуларды мынадай тәртіппен жүргізеді:

1) аванстық төлем жекешелендіру объектісін сату бағасынан кемі 15 пайыз мөлшерінде сатып алу – сату шартына қол қойылған күннен бастап 5 банктік күннен бастап кешіктірілмей енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлем есебіне есептеледі;

2) қалған сома тараптардың уағдаласуы бойынша, бірақ сатып алу – сату шартына қол қойылған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей енгізілуі тиіс.

57. Аванстық немесе түпкілікті төлемнің мерзімі өткен жағдайда Сатушы шартты бір жақты тәртіппен бұзуға және Сатып алушыдан іс жүзіндегі зиянның кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігін өтеуді талап етуге құқылы.

58. Ықтимал бөліп – бөліп төлеудің шарты сауда – саттықтарға қатысушылардың назарына алдын – ала жеткізілген жағдайда ғана бөліп – бөліп төлеуге рұқсат етіледі. Бұл орайда бастапқы жарнаның мөлшері сату бағасынан 15 пайызға кем болмауы, ал бөліп – бөліп төлеудің кезеңі 3 жылдан аспауы тиіс.

Бастапқы жарнаны Сатып алушы сатып алу – сату шартына қол қойылған күннен бастап 30 күн ішінде енгізуі тиіс. Одан кейінгі соманы енгізген жағдайда, әлі енгізілмеген сомаға тараптардың келісімімен белгіленген мөлшерде пайыз есептеледі.

59. Акциялардың мемлекеттік пакеттерін қоспағанда, объектілерді беру Сатып алушы сатып алу – сату шарты бойынша Сатып алушы Сату бағасын толық төленгеннен кейін меншік иесінің сатылған жекешелендіру объектісін өзгерткендігі туралы мемлекеттік тіркеу жүргізу үшін негіз болып табылатын жекешелендіру объектісінің қабылдау – беру актісіне қол қою арқылы жүргізіледі.
Акциялардың мемлекеттік пакеттерін беру Сатып алушы сатып алу – сату шарты бойынша Сатып алушы Сату бағасын толық төлегеннен кейін бағалы қағаздарды аудару туралы бұйрыққа қол қою арқылы жүргізіледі.
Сатып алушының Сату бағасын төлеу жөніндегі міндеттемелерін қоспағанда, егер сатып алу – сату шартымен атқарылуы белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асырылуы тиісті міндеттемесі көзделген жағдайда, онда міндеттемелердің уақытылы орындалуын қамтамасыз ету үшін Сатып алушының сатып алған жекешелендіру объектісіне кепілдік құқығы қамтамасыз етеді.

60. Сатып алушы жекешелендіру объектісінің меншік құқығына Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген тәртіппен мәміленің тіркелген сәтінен бастап ие болады.

7. Жекешелендіру объектісін сатудан алынған қаражат

61. Коммуналдық меншікке берілген жекешелендіру объектілерін сату кезінде түскен кіріс жергілікті бюджетке жіберіледі.

62. Ұйымдастырушыға тиесілі сыйақы Сатушының аукционды даярлау мен өткізуге арналған шығыстарына жатқызылады.

63. Аукциондар мен тендерлерді ұйымдастыруға және өткізуге арналған шығыстар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.