О создании единого накопительного пенсионного фонда
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании единого накопительного пенсионного фонда
- Атауы (қаз.)
- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 747
- Қабылданған күні
- 31.07.2013
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI73802_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000747
- ЭКБ идентификаторы
- 73802
- Редакция идентификаторы
- AI73802_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:35
0 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі «МЖЗҚ» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «МЖЗҚ» АҚ) акцияларының мемлекеттік пакетін заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдасын.
2 2. «МЖЗҚ» АҚ «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «БЖЗҚ» АҚ) болып қайта аталсын.
3
4 4. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
5 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1 1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Алматы қаласы» деген бөлімде реттік нөмірі 102-жол мынадай редакцияда жазылсын:
102 «102. АЛА-005033 «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ»;
2
6 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы «Қазақстан Халық Банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры», «ГРАНТУМ жинақтаушы зейнетақы қоры» (Қазкоммерцбанк» АҚ еншілес ұйымы) және «Ұлар Үміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамдарының акцияларын мемлекеттік меншікке қабылдау және оларды «БЖЗҚ» АҚ-ға беру жөніндегі іс-шаралар жоспары
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 шілдедегі
№ 747 қаулысымен
мақұлданған
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы «Қазақстан Халық Банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры», «ГРАНТУМ жинақтаушы зейнетақы қоры» (Қазкоммерцбанк» АҚ еншілес ұйымы) және «Ұлар Үміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамдарының акцияларын мемлекеттік меншікке қабылдау және оларды «БЖЗҚ» АҚ-ға беру жөніндегі іс-шаралар жоспары