Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения реестра государственных услуг

Қаулы · № 779 · қабылданған 03.08.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-73838/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения реестра государственных услуг Күшін жойған Қаулы ·№ 779 ·03.08.2013
10.03.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения реестра государственных услуг

Күшін жойған Қаулы ·№ 779 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения реестра государственных услуг
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
779
Қабылданған күні
03.08.2013
Көрсетілген редакция
10.03.2015 AI73838_4.kaz
Соңғы өзгеріс
10.03.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000779
ЭКБ идентификаторы
73838
Редакция идентификаторы
AI73838_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:34

0 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 3 тамыздағы
№ 779 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1

1) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;

2

2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;

3

3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

4 4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі;

5 5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган

(бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган.

3 3. Тізілімді жүргізудің негізгі міндеті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді анықтау және тізілімге енгізу болып табылады.

4 4. Тізілімді жүргізу мақсаттары:

1 1) көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру;

2 2) көрсетілетін қызметті алушылар үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтердің ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету;

3 3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді есепке алу және талдау.

5 5. Тізілім мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленеді.

2 2. Тізілімді жүргізу тәртібі

6 6. Тізілімді жүргізу тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:

1 1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау тұрғысынан талдау;

2 2) жүргізілген талдау негізінде тізілімге енгізуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін айқындау;

3 3) анықталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді тізілімге енгізу;

4 4) тізілімге оның мазмұнын өзектілендіру (жаңарту) тұрғысынан мониторинг жүргізу;

5 5) тізілімге енгізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді өзектілендіру (жаңарту).

7 7. Тізілімге енгізу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

1 1) мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын іске асыруға бағдарланған болуы;

2 2) дара тәртіппен жүзеге асырылуы;

3 3) көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша жүзеге асырылуы;

4 4) көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағдарлануы.

8 8. Тізілімді жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

9

9. Уәкілетті орган қажет болған жағдайда жыл сайын, 1 шілдеден және 1 желтоқсаннан кешіктірмей тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.

10 10. Тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар:

1 1) тізілімдегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерге жыл сайын түгендеу жүргізеді;

2 2) 1 маусымнан және 1 қарашадан кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныстар береді.

3 3. Тізілімнің құрылымы

11 11. Тізілім:

1 1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын;

2 2) көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметті (жеке және (немесе) заңды тұлға); мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауын; көрсетілетін қызметті берушінің атауын;

3 3) өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атауын және/немесе мемлекеттік қызмет электрондық нысанда көрсетілген жағдайда, «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсетуді;

4 4) мемлекеттік қызмет көрсету нысанын;

5 5) мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы не тегін болуын көздейді.

12 12. Тізілім сыныптамасы:

1 1) қоғамдық қатынастар саласына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің топтамасын білдіретін бөлімдерден;

2 2) көрсетілетін қызметті алушының өмірлік жағдайына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің топтамасын білдіретін кіші бөлімдерден;

3 3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің реттік нөмірлерінен тұрады.

13 13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке тізілім сыныптамасының барлық деңгейдегі кодтарынан қалыптастырылатын цифрлық белгілер түріндегі сегізмәнді жеке сыныпталған код беріледі.

Сыныпталған код үш бөліктен тұрады:

1 1) бірінші бөлік – 3 цифрдан тұрады және қоғамдық қатынастар саласындағы бөлімді білдіреді;

2 2) екінші бөлік – 2 цифрдан тұрады және көрсетілетін қызметті алушының өмірлік жағдайына байланысты кіші бөлімді білдіреді;

3 3) үшінші бөлік – 3 цифрдан тұрады және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші бөлім ішіндегі реттік нөмірін білдіреді.

14 14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке сыныпталған кодты уәкілетті орган береді.

15 15. Тізілім сыныптамасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады.

1 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы мәліметтер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
тізілімін жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы мәліметтер
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ко­ды
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дың са­на­ты
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­тын әзір­лей­тін ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Өті­ніш­тер­ді қа­был­да­уды және ре­сім­дел­ген құ­жат­тар­ды бе­ру­ді жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
Ақы­лы бо­луы
оның ішін­де:
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі­нің ны­са­ны
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі
Ес­керт­пе (ті­зі­лім­ге өзге­рі­стер және (неме­се) то­лық­ты­ру­лар ен­гі­зу негі­зі)
құқық­тық негі­зі
тө­лем мөл­ше­рі
7
8
9
10
11
12

2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің сыныптамасы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
тізілімін жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің сыныптамасы
Бө­лім
Кі­ші бө­лім
Ата­уы
001
Құ­жат­тау
00101
Же­ке ба­сын және мәр­те­бе­сін ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­ды/анық­та­ма­лар­ды алу
00102
Кә­сіп­кер­лік қыз­мет­пен бай­ла­ны­сты емес құқық­тар­ды қам­та­ма­сыз ете­тін құ­жат­тар­ды алу
002
Же­ке тұ­лға­лар мен аза­мат­тар­ды тір­кеу
00201
Же­ке тұ­лға­лар­дың мәр­те­бе­сін, тұр­ғы­лық­ты же­рін, Т.А.Ә. және бас­қа де­ректе­рін тір­кеу/ауы­сты­ру
00202
Ше­тел­де бо­лу
00203
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на ке­лу
003
Же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ды тір­кеу
00301
Же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ды тір­кеу
004
От­ба­сы және ба­ла­лар
00401
От­ба­сы құ­ру
00402
Туу, қам­қор­шы­лық және ба­ла тәр­би­е­леу
00403
Ба­ла үшін бі­лім және бос уа­қыт
00404
Ба­ла­ны асы­рап-ба­ғу және қам­та­ма­сыз ету
005
Мү­лік және зи­ят­кер­лік мен­шік құқы­ғы
00501
Жы­л­жы­ма­лы мү­лік
00502
Жы­л­жы­май­тын мү­лік
00503
Зи­ят­кер­лік мен­шік
00504
Мү­лік және зи­ят­кер­лік мен­шік құқы­ғы са­ла­сын­да­ғы бас­қа да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
006
Ден­са­улық, ме­ди­ци­на және ден­са­улық сақ­тау
00601
Ме­ди­ци­на­лық кө­мек
00602
Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы рұқ­сат құ­жат­та­рын бе­ру (ли­цен­зи­я­ла­уды, тір­ке­уді, сер­ти­фи­кат­та­уды қо­са ал­ған­да)
00603
Ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­у­ат­ты­лы­ғы
00604
Ден­са­улық, ме­ди­ци­на және ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы бас­қа да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
007
Ең­бек және әле­умет­тік қор­ғау
00701
Ха­лық­ты жұ­мыспен қам­ту
00702
Жұ­мыспен қам­ту са­ла­сын­да­ғы рұқ­сат құ­жат­та­рын бе­ру
00703
Әле­умет­тік қам­та­ма­сыз ету, оның ішін­де зей­не­та­қы­мен қам­сыздан­ды­ру және әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру
00704
Аза­мат­тар­дың же­ке­ле­ген са­нат­та­рын әле­умет­тік қол­дау
00705
Әле­умет­тік қыз­мет­тер
00706
Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау са­ла­сын­да­ғы бас­қа да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
008
Бі­лім және ғы­лым
00801
Жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім
00802
Бі­лім және ғы­лым са­ла­сын­да­ғы рұқ­сат құ­жат­та­рын бе­ру (ли­цен­зи­я­ла­уды, тір­ке­уді, сер­ти­фи­кат­та­уды қо­са ал­ған­да)
00803
Бі­лім және ғы­лым са­ла­сын­да­ғы бас­қа да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
009
Биз­нес және кә­сіп­кер­лік
00901
Биз­не­сті неме­се же­ке кә­сіп­кер­лік­ті ба­стау
00902
Же­ке кә­сіп­кер неме­се заң­ды тұл­ға қыз­ме­ті­нің тоқ­та­ты­луы
00903
Бел­гі­лі бір қыз­мет түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су­ға рұқ­сат құ­жат­та­рын бе­ру (ли­цен­зи­я­ла­уды, тір­ке­уді, сер­ти­фи­кат­та­уды қо­са ал­ған­да)
00904
Өнім­дер­дің же­ке­ле­ген түр­ле­рін өн­ді­ру­ге рұқ­сат құ­жат­та­рын бе­ру (ли­цен­зи­я­ла­уды, тір­ке­уді, сер­ти­фи­кат­та­уды қо­са ал­ған­да)
00905
Өнім­дер­дің же­ке­ле­ген түр­ле­рін са­тып алу­ға, са­ту­ға және сақ­та­у­ға рұқ­сат құ­жат­та­рын бе­ру (ли­цен­зи­я­ла­уды, тір­ке­уді, сер­ти­фи­кат­та­уды қо­са ал­ған­да)
00906
Кә­сіп­кер­лік қыз­мет­ті қол­дау
010
Ту­ризм
01001
Ту­ризм са­ла­сын­да­ғы бас­қа да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
011
Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция
01101
Ав­то­мо­биль кө­лі­гі
01102
Әуе кө­лі­гі
01103
Те­мір­жол және су кө­лі­гі
01104
Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция са­ла­сын­да­ғы бас­қа да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
012
Қор­ша­ған ор­та­ны және жа­ну­ар­лар әле­мін қор­ғау, та­би­ғи ре­сур­стар
01201
Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау
01202
Су ре­сур­ста­рын пай­да­ла­ну
01203
Ор­ман ре­сур­ста­рын пай­да­ла­ну
01204
Жа­ну­ар­лар әле­мін пай­да­ла­ну
01205
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну
013
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы
01301
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы бас­қа да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
01302
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы рұқ­сат құ­жат­та­рын бе­ру (ли­цен­зи­я­ла­уды, тір­ке­уді, сер­ти­фи­кат­та­уды қо­са ал­ған­да)
014
Өнер­к­ә­сіп, ин­ду­стрия және тех­но­ло­гия
01401
Отын және энер­ге­ти­ка
01402
Тех­но­ло­ги­я­лар
01403
Өнер­к­ә­сіп, ин­ду­стрия және тех­но­ло­ги­я­лар са­ла­сын­да­ғы рұқ­сат құ­жат­та­рын бе­ру (ли­цен­зи­я­ла­уды, тір­ке­уді, сер­ти­фи­кат­та­уды қо­са ал­ған­да)
01404
Өнер­к­ә­сіп, ин­ду­стрия және тех­но­ло­ги­я­лар са­ла­сын­да­ғы бас­қа да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
015
Мұ­най-газ са­ла­сы
01501
Мұ­най-газ са­ла­сын­да­ғы рұқ­сат құ­жат­та­рын бе­ру (ли­цен­зи­я­ла­уды, тір­ке­уді, сер­ти­фи­кат­та­уды қо­са ал­ған­да)
01502
Мұ­най-газ са­ла­сын­да­ғы бас­қа да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
016
Са­лық­тық әкім­ші­лен­ді­ру, бух­гал­тер­лік есеп және қар­жы­лық есеп­ті­лік, ауди­тор­лық қыз­мет
01601
Са­лық­тық әкім­ші­лен­ді­ру
01602
Бух­гал­тер­лік есеп және қар­жы­лық есеп­ті­лік
01603
Ауди­тор­лық қыз­мет
017
Қар­жы на­ры­ғын және қар­жы ұй­ым­да­рын мем­ле­кет­тік рет­теу, ба­қы­лау және қа­да­ға­лау
01701
Банк­тер қыз­ме­ті са­ла­сын­да­ғы рұқ­сат құ­жат­та­рын бе­ру (ли­цен­зи­я­ла­уды, тір­ке­уді, сер­ти­фи­кат­та­уды қо­са ал­ған­да)
01702
Зей­не­та­қы қор­ла­ры­ның қыз­ме­ті са­ла­сын­да­ғы рұқ­сат құ­жат­та­рын бе­ру (ли­цен­зи­я­ла­уды, тір­ке­уді, сер­ти­фи­кат­та­уды қо­са ал­ған­да)
01703
Сақ­тан­ды­ру қыз­мет­те­рі­нің на­ры­ғы са­ла­сын­да­ғы рұқ­сат құ­жат­та­рын бе­ру (ли­цен­зи­я­ла­уды, тір­ке­уді, сер­ти­фи­кат­та­уды қо­са ал­ған­да)
01704
Қар­жы на­ры­ғын және қар­жы ұй­ым­да­рын мем­ле­кет­тік рет­теу, ба­қы­лау және қа­да­ға­лау са­ла­сын­да­ғы бас­қа да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
018
Ке­ден ісі
01801
Ке­ден ісі са­ла­сын­да­ғы бас­қа да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
019
Қа­уіп­сіз­дік, қор­ға­ныс және сот тө­ре­лі­гі
01901
Қа­уіп­сіз­дік, сот тө­ре­лі­гі және қор­ға­ныс са­ла­сын­да­ғы рұқ­сат құ­жат­та­рын бе­ру (ли­цен­зи­я­ла­уды, тір­ке­уді, сер­ти­фи­кат­та­уды қо­са ал­ған­да)
01902
Қа­уіп­сіз­дік, сот тө­ре­лі­гі және қор­ға­ныс са­ла­сын­да­ғы бас­қа да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
020
Бә­се­ке­ле­стікті қор­ғау
02001
Бә­се­ке­ле­стікті қор­ғау са­ла­сын­да­ғы бас­қа да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
021
Дін
02101
Дін са­ла­сын­да­ғы бас­қа да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
022
Жер қа­ты­на­ста­ры, гео­де­зия және кар­то­гра­фия
02201
Жер қа­ты­на­ста­ры
02202
Гео­де­зия және кар­то­гра­фия
023
Мә­де­ни­ет, ақ­па­рат және бай­ла­ныс
02301
Бай­ла­ны­сты ұй­ым­да­сты­ру және ұсы­ну са­ла­сын­да­ғы рұқ­сат құ­жат­та­рын бе­ру (ли­цен­зи­я­ла­уды, тір­ке­уді, сер­ти­фи­кат­та­уды қо­са ал­ған­да)
02302
Ақ­па­рат
02303
Мә­де­ни­ет
024
Тө­тен­ше жағ­дай­лар
02401
Тө­тен­ше жағ­дай­лар са­ла­сын­да­ғы бас­қа да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
025
Дене шы­нық­ты­ру және спорт
02501
Дене шы­нық­ты­ру және спорт са­ла­сын­да­ғы бас­қа да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
026
Сәу­лет-қа­ла құ­ры­лы­сы қыз­ме­ті
02601
Сәу­лет-қа­ла құ­ры­лы­сы са­ла­сын­да­ғы рұқ­сат құ­жат­та­рын бе­ру (ли­цен­зи­я­ла­уды, тір­ке­уді, сер­ти­фи­кат­та­уды қо­са ал­ған­да)
02602
Сәу­лет-қа­ла құ­ры­лы­сы қыз­ме­ті са­ла­сын­да­ғы бас­қа да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
027
Тұр­ғын үй-ком­му­нал­дық ша­ру­а­шы­лық
02701
Тұр­ғын үй-ком­му­нал­дық ша­ру­а­шы­лық са­ла­сын­да­ғы бас­қа да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
028
Сырт­қы са­я­сат және сырт­қы іс­тер
02801
Сырт­қы са­я­сат және сырт­қы іс­тер са­ла­сын­да­ғы бас­қа да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
029
Та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар­ды рет­теу
02901
Та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар­ды рет­теу са­ла­сын­да­ғы бас­қа да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
030
Мем­ле­кет­тік қыз­мет
03001
Мем­ле­кет­тік қыз­мет са­ла­сын­да­ғы бас­қа да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
031
Бас­қа­ла­ры
03101
Ға­рыш ке­ңі­сті­гін пай­да­ла­ну
03102
Апо­стиль қою
03103
Ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат бе­ру
03104
Мем­ле­кет­тiк кәс­i­по­рын­дар және мем­ле­кет­тік мен­шік
03105
Анық­та­ма­лар бе­ру

Қолданыстағы