Об утверждении ставок платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении ставок платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 122
- Қабылданған күні
- 10.07.2013
- Көрсетілген редакция
- 16.09.2015 73842_29679.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13L0004483
- ЭКБ идентификаторы
- 73842
- Редакция идентификаторы
- 73842_29679
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:46
0 Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын бекiту туралы
"Қазақстан Республикасының Орман кодексi" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Кодексiнiң 14-бабына және"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнiң 506-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысының ставкалары бекiтiлсiн.
2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
"КЕЛIСIЛДI"
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Салық комитетiнiң Қызылорда облысы бойынша
салық департаментi" мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы
___________________ А. Тiлегенов
2013 жылғы "10" шiлде
"Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрлiгi Орман және
аңшылық шаруашылығы комитетiнiң
Қызылорда облыстық орман және
аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы"
Республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы
___________________ Ш. Төребаев
2013 жылғы "10" шiлде
3 Қызылорда облыстық мәслихатының
2013 жылғы "10" шiлдедегi
N 122 шешiмiне қосымша
Мемлекеттiк орман қорының учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысының ставкалары
N
Атауы
Өлшем бiрлiгi
Төлемақы ставкасы (теңге)
1. Шөп шабу
1.
Шөп шабу
1 гектар
22,82
2. Мал жаю
1
Түйе
1 бас-жыл
153,53
2
Мүйiздi iрi қара, жылқы
1 бас-жыл
122,82
3
Ұсақ мал (қой)
1 бас-жыл
30,71
4
Ұсақ мал (ешкi)
1 бас-жыл
107,47
5
Iрi қара малының жас төлi
1 бас-жыл
61,41
3. Омарталар мен ара ұяларын орналастыру
1
Омарталар мен ара ұясын орналастыру үшiн
1 ара ұясы-жыл
32,6
4. Ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсаттарында ұзақ мерзiмге пайдалану
1
Ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсаттары үшiн
1 гектар
8,44
5. Ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсатында қысқа мерзiмге пайдалану
1
Ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсаттары үшiн
1 адам-күн
0,1 (АЕК)
6. Рекреациялық, туристiк мақсаттарында ұзақ мерзiмге пайдалану
1
Рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттары үшiн
1 гектар
36,17
7. Рекреациялық, туристiк мақсаттарында қысқа мерзiмге пайдалану
1
Рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттары үшiн
1 адам-күн
0,1 (АЕК)
8. Дәрi-дәрмек өсiмдiктер және техникалық шикiзат жинау және дайындау үшiн төлем ставкалары
N
Өсiмдiктер атауы
Шикiзат түрi
Шикiзаттың шаруашылық маңызы
Өлшем бiрлiгi (құрғақ күйiнде)
Төлем ставкасы (теңге)
1.
Жалаң мия
тамырлар
дәрiлiк
1 килограмм
200
2.
Сұңғыла
тамырлар
дәрiлiк
1 килограмм
1480
3.
Сасық кереуiк
тамырлар
дәрiлiк
1 килограмм
921
4.
Қамыс
өзегi
техникалық
1 текше метр
180
5.
Ши
өзегi
техникалық
1 текше метр
180
Ескерту: Қысқартылған атаудың мағынасын ашу: АЕК - Айлық есептiк көрсеткiш
Бекiтiлген орман пайдалану үшiн төлем ставкалары кемiнде 3 жылда бiр рет қайта қаралады.