Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача свидетельства на право временного вывоза культурных ценностей"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача свидетельства на право временного вывоза культурных ценностей"
- Атауы (қаз.)
- "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызметтің регламентін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3/563
- Қабылданған күні
- 02.07.2013
- Көрсетілген редакция
- 11.05.2014 73845_141752.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.05.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13R0000993
- ЭКБ идентификаторы
- 73845
- Редакция идентификаторы
- 73845_141752
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:51
0 "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызметтің регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 16 бабының 3 тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметтің ұсынылып отырған регламенті бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Енгізуші:
Алматы қаласы Мәдениет
басқармасының басшысы
Қ. Көлбаев
Келісілді:
Алматы қаласы
әкімінің орынбасары
З. Аманжолова
Алматы қаласы әкімі аппараты
мемлекеттік қызметтерді көрсету
сапасының сақталуын бақылау
бөлімінің басшысы
М. Сүйіндіков
Алматы қаласы әкімі аппараты
заң бөлімінің басшысы
А. Қасымова
4 Алматы қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 02 шілдедегі
№ 3/563 қаулысымен
бекітілді
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «Алматы қаласы Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – қызметті беруші), оның мекенжайы Регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген, электрондық түрде, сондай-ақ «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі.
2
2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 «Мәдениет туралы» Заңының 8 бабының 13-1 тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 83 «Мәдениет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулысымен бекітілген «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
3 3. Мемлекеттік қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.
4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету түрі: транзакциялық.
5 5. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі-Қызметті алушы).
6
6. Көрсетіліп отырған мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып мәдениет басқармасының уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат түріндегі Стандарттың 3 қосымшасына сәйкес мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына порталда куәлік беру немесе электрондық құжат түрінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауабы табылады.
7 7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1 1) Стандарттың 11 тармағында белгіленген қажетті құжаттарды өткізген күннен бастап қызмет берушіге өтініш жасаған кезде он жұмыс күні ішінде;
2 2) қажетті құжаттарды ұсына отырып қызмет берушіге өткізген немесе электрондық сұраным берген жағдайда кезекте күтудің ең көп рұқсат етілген уақыты – 15 минут;
3 3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең көп рұқсат етілген уақыты – 10 минуттан артық емес;
4 4) порталға өтініш жасаған кезде Стандарттың 11 тармағында белгіленген қажетті құжаттарды өткізген күннен бастап он жұмыс күні ішінде.
9 9. Шағым жасау тәртібі Стандарттың 5 бөлімінде көрсетілген.
10 10. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат осы Регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылған.
11 11. Осы Регламентте қолданылатын ұғымдар мен қысқартулар:
1 1) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беруге арналған жүйе (бұдан әрі – АЖ);
2
2) «Е-лицензиялау» веб-порталы – берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, қайта қалпына келтірілген және қолданысын тоқтатқан лицензиялар, сондай-ақ лицензиар беретін лицензияның сәйкестендіру нөмірін орталықтан құрайтын қызметтің лицензияланатын түрін (кіші түрін) жүзеге асырушы лицензиаттың (объектілері, орындары, учаскелері) филиалдары, өкілдіктері туралы мәліметті қамтитын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ);
3 3) «электрондық үкімет» шлюзі – электрондық қызметтерді іске асыру шеңберінде "электрондық үкімет" ақпараттық жүйелерін ықпалдастыруға арналған ақпараттық жүйесі «бұдан әрі – ЭҮШ);
4 4) ЖТ МДҚ – «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры;
5 5) ЗТ МДҚ – «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры;
6 6) БСАЖ – «Біріктірілген салық ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйе;
7 7) жеке сәйкестендіру нөмірі - жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі - ЖСН);
8 8) бизнес-сәйкестендіру нөмірі - бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкілдік) және жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі - БСН);
9 9) пайдаланушы - оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект (қызметті алушы, қызметті беруші);
10 10) транзакциялық қызмет - электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;
11 11) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнның тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы (бұдан әрі - ЭЦҚ);
12 12) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
13 13) мемлекеттік қызмет - ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
14 14) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы – көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат ұсыну жөніндегі жұмысты қамтамасыз ететін ақпараттық-анықтамалық қызмет;
15 15) ҚҚБ - құрылымдық-қызметтік бірлік.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету жөнінде қызмет беруші әрекетінің тәртібі
12 12. Қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы өтініш білдіруі кезіндегі қадамдық әрекеттері және шешімі осы Регламенттің 2 қосымшасында көрсетілген (қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы):
1
1) қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-на тіркеуді жүзеге асырады, ол қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады, сонымен қатар осы жүйемен автоматты түрде тартылады және ЗТ МДҚ/ЖТ МДҚ-дан және БСАЖ АЖ-нен қызметті алушы туралы мәлімет сақталады («Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-жа тіркелмеген қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2 2) 1 үдеріс - қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-ға қызметті алушы пароль енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);
3 3) 1 шарт – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тіркелген қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (БСН) және пароль арқылы тексеру;
4 4) 2 үдеріс – қызметті алушы деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-мен авторизациядан бас тарту туралы хабарламаны құру;
5
5) 3 үдеріс – қызметті алушы осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдайды, нысанның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып (деректерді енгізу) қызмет көрсету және қызметті алушының нысанды толтыруы үшін экранға сұрау нысанын шығару, сондай-ақ ЗТ МДҚ/ЖТ МДҚ және БСАЖ АЖ-дан қызметті алушының деректері туралы ЭҮШ арқылы сұрау;
6 6) 2 шарт - ЗТ МДҚ/ЖТ МДҚ және БСАЖ АЖ-дағы қызметті алушының деректерін тексеру;
7 7) 4 үдеріс – ЗТ МДҚ/ЖТ МДҚ-дағы, БСАЖ АЖ-дағы қызметті алушының деректерін растамауға байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;
8 8) 5 үдеріс - сұрауды куәландыру (қол қою) үшін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
9 9) 3 шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және тізімде кері қайтарылған тіркеу куәліктерінің (жойылған) жоқ болуын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген БСН/ЖСН арасында, және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН/ЖСН сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тексеру;
10 10) 6 үдеріс – қызметті алушының ЭЦҚ-ның нақтылығын растамаумен байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;
11 11) 7 үдеріс – қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұраудың толтырылған (енгізілген деректер) нысанын куәландыру (қол қою);
12 12) 8 үдеріс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да электрондық құжатты (қызметті алушының сұрауын) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да сұрауды өңдеу;
13 13) 4 шарт – рұқсат беру үшін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздерге сәйкестігін қызметті берушінің тексеруі;
14 14) 9 үдеріс – Стандарттың 16 тармағына сәйкес бұзушылықтардың бар болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;
15 15) 10 үдеріс – қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ құрған қызмет (электрондық құжат түрінде мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына арналған куәлік) нәтижелерін алуы. Электрондық құжат қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-н пайдалана отырып құрылады.
13 13. Қызметті беруші арқылы қадамдық әрекеттері және шешімі осы Регламенттің 2 қосымшасында көрсетілген (қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы):
1 1) 1 үдеріс – мемлекеттік қызметті көрсету үшін қызметті беруші қызметкерінің логин мен парольді «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да енгізуі;
2 2) 1 шарт – қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің нақтылығын «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да логин және пароль арқылы тексеру;
3 3) 2 үдеріс – қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да құру;
4 4) 3 үдеріс – қызметкердің, осы Регламентте көрсетілген қызметтің қызметті берушісін таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және қызметті беруші қызметкерлерінің қызметті алушының деректерін енгізуі;
5 5) 4 үдеріс – қызметті алушының деректері туралы сұрауды ЗТ МДҚ/ЖТ МДҚ және БСАЖ АЖ-ға жіберу;
6 6) 2 шарт – ЗТ МДҚ/ЖТ МДҚ және БСАЖ АЖ-да қызметті алушының деректерін тексеру;
7 7) 5 үдеріс - ЗТ МДҚ/ЖТ МДҚ-да, БСАЖ АЖ-да қызметті алушы деректерінің расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;
8 8) 6 үдеріс – қызметті беруші қызметкерінің қызметті алушы берген қажетті құжаттар және мәліметтердің нысандары бөлігінде сұрау нысанын толтыруы;
9 9) 7 үдеріс – электрондық құжатты (қызметті алушының сұрауын) «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тіркеу және сұрауды «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да өңдеу;
10 10) 3 шарт – қызметті берушінің рұқсат құжатын беру үшін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздерге сәйкестігін тексеруі (өңдеу);
11 11) 8 үдеріс - Стандарттың 16 тармағына сәйкес бұзушылықтардың бар болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;
12 12) 9 үдеріс – қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ құрған қызмет (электрондық құжат түрінде мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына арналған куәлік) нәтижелерін алуы. Электрондық құжат қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-н пайдалана отырып құрылады.
14 14. Қызметті көрсету үшін сұрау нысандарын толтыру бойынша іс-қимылдарды сипаттау:
1 1) «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-ға кіру үшін рұқсат құжаты (логин және пароль) берілетін тұлғаның деректерін пайдаланушының енгізуі;
2 2) «Рұқсат құжаттарын беру» басқышының көмегімен қызметтерді таңдау;
3 3) «online қызметіне тапсырыс беру» басқышының көмегімен қызметтерге тапсырыс;
4 4) сұрауды толтыру:
БСН/ЖСН «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да пайдаланушыны тіркеу нәтижелері бойынша автоматты түрде таңдалады;
Жүйе өтініш иесі бойынша деректерді автоматты түрде тексереді:
Жүйе БСАЖ АЖ арқылы деректерді сұрай отырып, тексеруді жүзеге асырады;
Жүйе ЗТ МДҚ/ЖТ МДҚ арқылы деректерді сұрай отырып, БСН/ЖСН тексеруді жүзеге асырады;
Жүйе пайдаланушы туралы деректерді автоматты түрде толтырады;
Пайдаланушы «сұрауды жіберу» басқышының көмегімен сұрауды куәландыруға (қол қоюға) өтуді жүзеге асырады;
5 5) қызметті алушы ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
6 6) сұрауды куәландыру (қол қою) – пайдаланушы «қол қою» басқышының көмегімен ЭЦҚ сұрауын куәландыруды (қол қоюды) жүзеге асырады, одан соң сұрау өңдеу үшін ЭҮШ арқылы «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-ға беріледі;
7 7) қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қызметті алушы сұраған ақпараттардың жазылғаны туралы хабарламаны алуы;
8 8) сұрауды «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да өңдеу:
Пайдаланушыда дисплейдің экранына келесі ақпарат шығады:
БСН/ЖСН; сұрау нөмірі, қызметтер түрі; сұрау мәртебесі; қызметтерді көрсету мерзімі;
«мәртебені жаңарту» басқышының көмегімен пайдаланушыға сұрауды өңдеу нәтижелерін көру мүмкіндігі беріледі;
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-дан жауап алған кезде «нәтижені көру» басқышы шығады.
15 15. Қызметті алушыға келесі тәсілмен сұрауды өңдеу нәтижелерін көру мүмкіндігі ұсынылады:
жеке кабинетке кіру;
«Менің рұқсат берілген құжаттарым» қосымша бетке өту;
рұқсат берілген құжаттың мәртебесін көру;
«ашу» басқышын басқаннан кейін – сұраудың нәтижесі дисплейдің экранына шығады;
«сақтау» басқышын басқаннан кейін - сұраудың нәтижесі қызметті алушы берген Adobe Acrobat форматындағы цифрлық тасымалдағышта сақталады.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
16 16. Қызметтер көрсету жөніндегі қажетті ақпаратты және консультацияны мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады: (1414).
13 13. Қызметтерді көрсету үдерісіне қатысатын ҚҚБ:
1 1) ШЭП;
2 2) «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ;
3 3) ЗТ МДҚ;
4 4) ЖТ МДҚ;
5 5) БСАЖ АЖ;
6 6) қызметті беруші.
17 17. Әрбір іс-қимылдың орындалу мерзімін көрсете отырып, іс-қимылдар (функциялар, рәсімдер, операциялар) дәйектілігінің мәтіндік, кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 3 қосымшасында көрсетілген.
18 18. Қызметті алушыларға қызмет көрсету нәтижелері осы Регламенттің 4 қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19 19. Қызметті алушыларға қызмет көрсету үдерісінде қойылатын талаптар:
1 1) құпиялылық (ақпаратты заңсыз алудан қорғау);
2 2) тұтастық (ақпаратты заңсыз өзгертуден қорғау);
3 3) қолжетімділік (ақпарат пен ресурстарды заңсыз түрде ұстап қалудан қорғау).
20 20. Қызмет көрсетудің техникалық шарттары:
1 1) Интернетке шығу;
2 2) рұқсат берілетін тұлғаның БСН/ЖСН-інің болуы;
3 3) «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да авторландыру;
4 4) пайдаланушыда ЭЦҚ-ның болуы.
«Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлік беру»
мемлекеттік қызметті көрсету
Регламентіне 1 қосымша
Алматы қаласы әкімдігінің және
«Алматы қаласы Мәдениет басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
мекенжайы және жұмыс кестесі
№ р/с
Мекеменің атауы
Байланыс телефоны
Заңды мекенжайы
интернет-
ресурстары
Жұмыс кестесі
1
Алматы қаласының әкімдігі
272 58 83
Алматы қаласы, Республика алаңы, 4
www.almaty.kz
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда жұмыс күндері, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліс.
2
«Алматы қаласы Мәдениет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
272 58 83
Алматы қаласы, Республика алаңы, 4
www.almatymadeniet.kz
«Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлік беру»
мемлекеттік қызметті көрсету
Регламентіне 2 қосымша
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың
№ 1 диаграммасы
«Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлік беру»
мемлекеттік қызметті көрсету
Регламентіне 3 қосымша
1 кесте. «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы ҚҚБ
іс-қимылдарының сипаттамасы
«Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлік беру»
мемлекеттік қызметті көрсету
Регламентіне 4 қосымша
«Сапа» және «қол жетімділік» мемлекеттік қызметтің көрсеткіштерін анықтау үшін сауалнаманың үлгісі
____________________________________________________
(қызметтің атауы)
1. Сіз мемлекеттік қызмет үдерісінің сапасына және көрсетілу нәтижесіне қанағаттанасыз ба?
1) қанағаттанбаймын;
2) жартылай қанағаттанамын;
3) қанағаттанамын.
2. Сіз мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?
1) қанағаттанбаймын;
2) жартылай қанағаттанамын;
3) қанағаттанамын.