О ликвидации акционерного общества "Казнефтескважликвид"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ликвидации акционерного общества "Казнефтескважликвид"
- Атауы (қаз.)
- "Қазмұнайұңғымажою" акционерлік қоғамын тарату туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 756
- Қабылданған күні
- 01.08.2013
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI73852_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000756
- ЭКБ идентификаторы
- 73852
- Редакция идентификаторы
- AI73852_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:34
0 "Қазмұнайұңғымажою" акционерлік қоғамын тарату туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазмұнайұңғымажою» акционерлік қоғамы таратылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4 4. «Қазмұнайұңғымажою» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 309 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 28, 339-құжат) күші жойылды деп танылсын.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 1 тамыздағы
№ 756 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімдегі реттік нөмірі 21-124-жол алынып тасталсын.
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне» деген бөлімдегі реттік нөмірі 20-5-жол алынып тасталсын.