Об утверждении Правил вне конкурсного поступления на службу в систему органов прокуратуры Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесіне қызметке конкурстан тыс қабылдау қағидаларын бекіту туралы «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесіне қызметке конкурстан тыс қабылдау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Кадр жұмысы департаментінің бастығы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуге шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Аталған бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесіне қызметке конкурстан тыс қабылдау қағидалары
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бас Про­ку­ро­ры­ның 2013 жы­л­ғы 24 шіл­де­де­гі № 76 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесіне қызметке конкурстан тыс қабылдау қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесіне қызметке конкурстан тыс қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «Құқық қорғау қызметі туралы» Заң) сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесіне (бұдан әрі – прокуратура органдары) қызметке өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулығы мен дене бітімінің дамуы жағдайы, білімінің деңгейі бойынша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады.
Тармақ 3
3. Әскери прокуратура органдарына әскери қызметке кіру және өткеру тәртібі "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы, "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді.
Тармақ 4
4. Біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде прокуратура органдарына қызметке конкурстан тыс іріктеу арқылы кіруге мыналардың құқығы бар:
Тармақша 1
1) құқық қорғау органдарының білім беру мекемелерінде оқуды бітірген тұлғалар;
Тармақша 2
2) бұрын құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілер болған тұлғалар;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары;
Тармақша 4
4) мемлекеттік саяси қызметшілер;
Тармақша 5
5) өз өкілеттігін тоқтатқан судьялар. Осы Қағиданың 4-тармағының 1)-5) тармақшаларында көрсетілген, теріс себептермен жұмыстан шығарылған немесе өз өкілеттігін тоқтатқан тұлғалар прокуратура органдарына қызметке қабылданбайды.
Тармақ 5
Тармақ 6
6. Қызметке конкурстан тыс іріктеу арқылы қабылданатын тұлғалар (бұдан әрі – кандидаттар) конкурстан тыс қызметке қабылдау туралы еркін нысанда жазылған арызды прокуратура органдарына береді. Конкурстан тыс іріктеу арқылы қызметке қабылдау туралы шешім қабылдау үшін кандидатты .тағайындау мүмкін болатын прокуратура органының немесе құрылымдық бөлімшесінің басшысы арызды (қызметке қабылдау туралы) тіркеген күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде әңгімелесу өткізеді, алдағы жұмыстың сипаты және лауазым бойынша қызметтік міндеттері туралы түсіндіреді. Әңгімелесуден өткен кандидат ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшесімен келісіледі.
Тармақ 7
7. Әңгімелесу өткізілгеннен соң және ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшесімен келіскеннен кейін кандидат бес жұмыс күнінің ішінде прокуратура органдарының кадр бөлімшесіне мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) осы Қағидаға қоса берілген 1-қосымшадағы нысанға сәйкес кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;
Тармақша 2
2) осы Қағидаға қоса берілген 2-қосымшадағы нысанға сәйкес өз қолымен толтырылған өмірбаян;
Тармақша 3
3) осы Қағидаға қоса берілген 3-қосымшадағы нысанға сәйкес сауалнама;
Тармақша 4
4) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме және түйіндеме;
Тармақша 5
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстырып тексеру үшін);
Тармақша 6
6) мемлекеттік үлгідегі білімі туралы құжаттардың көшірмесі (түпнұсқа салыстырып тексеру үшін);
Тармақша 7
7) еңбек жолын бекітетін құжат;
Тармақша 8
8) әскери билет немесе әскерге шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлік;
Тармақша 9
9) 4х6 көлемдегі суреті (2 дана);
Тармақша 10
10) үміткер және оның зайыбы (жұбайы) құқық қорғау қызметіне тұрған кезде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сәйкес тұрғылықты жері бойынша салық органдарына табыстары және мүлкі туралы декларацияны табыс еткенін бекітетін құжат;
Тармақша 11
11) өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы, өзінің меншігіндегі үлестерді (акциялар пакетін) және пайдаланылуы табыс алуға әкелетін өзге де мүлікті сенімгерлік басқаруға бергенін бекітетін құжат (мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы нотариалды куәландырылған шарт). Үміткерлер өздерінің білімі, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша мәліметтерді ұсына алады. Құжаттарды қабылдау, прокуратура органдарына қабылданатын үміткерлерді зерттеу мен іріктеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды прокуратура органдарының кадр бөлімшелері жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Кадр бөлімшесі осы Қағиданың 7-тармағының 1)-11) тармақшаларында көрсетілген тізбеде көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды қарап, үміткердің тағайындалуы мүмкін лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Құжаттар тиісінше рәсімделмеген немесе осы Қағиданың 7-тармағының 1)-11) тармақшаларында көрсетілген тізбеге сәйкес келмеген жағдайда олар кемшіліктерді жою үшін кері қайтаруға жатады. Осы Қағиданың 7-тармағының 1)-11) тармақшаларында көрсетілген тізбеде көрсетілген құжаттарды ұсынбау немесе олардағы мәліметтерді бұрмалау құжаттарды қараудан бас тартуға негіз болады.
Тармақ 10
10. Қызмет атқаруға жарамдылығын анықтау үшін кадр бөлімшесі үміткерге медициналық және психофизиологиялық куәландыру, соның ішінде полиграфологиялық зерттеу үшін әскери-дәрігерлік комиссиядан өтуге жолдама беріледі.
Тармақ 11
11. Кадр бөлімшесі арнайы тексеруден өтпеген жағдайда үміткерге қатысты материалдарды тексеру жүргізу үшін ұлттық қауіпсіздік органдарына жолдайды.
Тармақ 12
12. Прокуратура органдарының бұрынғы қызметкерлерін қызметке қабылдау кезінде кадр бөлімшесі мұрағаттық жеке істі зерттейді және осы Қағиданың 7-тармағының 1)-11) тармақшаларында көрсетілген жаңарған құжаттарды тіркейді.
Тармақ 13
13. Кадр бөлімшесі осы Қағиданың 10 және 11-тармақтарының талаптарын ескере отырып берген құжаттардың негізінде прокуратура органының басшысы мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
Тармақша 1
1) қызметке қабылдауға келісім береді;
Тармақша 2
2) қызметке қабылдаудан дәлелді бас тартады. Қызметке қабылдаудан бас тарту үшін үміткердің белгіленген біліктілік талаптарына, "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңның 6-бабының 2-тармағында көзделген құқық қорғау қызметіне кіру шарттарына сәйкес келмеуі, осы Қағиданың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырмауы немесе толық тапсырмауы негіз болып табылады. Кадр бөлімшесі қабылданған шешім туралы оны қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қою арқылы үміткерге хабарлайды.
Тармақ 14
14. Қызметке қабылдау үшін құқық қорғау қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамада белгіленген талаптарға үміткер сәйкес келген кезде кадр бөлімшесі қабылдау туралы бұйрықтың жобасын әзірлейді және оған үміткер тағайындалатын құрылымдық бөлімшенің басшысы, ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бөлімшенің басшысы қол қойғаннан кейін прокуратура органының лауазымға тағайындау және лауазымнан босатуға құқығы бар басшысына қол қоюға ұсынады.
Тармақ 15
15. Кадр бөлімшесі тағайындау туралы бұйрық тіркелген күні қызметкерді онымен таныстырады және бұйрықтың көшірмесін тиісті прокуратура органының құрылымдық бөлімшесіне мәлімет ретінде жолдайды.
Басқа 1. КАДР ЕСЕБІНІҢ ЖЕКЕ ІС ПАРАҒЫ ЛИЧНЫЙ ЛИСТОК
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның про­ку­ра­ту­ра ор­ган­да­ры, ве­дом­ство­ла­ры мен ме­ке­ме­ле­ріне қыз­мет­ке кон­кур­стан тыс қа­был­дау қа­ғи­да­сы­на 1-қо­сым­ша Нысан КАДР ЕСЕБІНІҢ ЖЕКЕ ІС ПАРАҒЫ ЛИЧНЫЙ ЛИСТОК по учету кадров Фотосуреттің орны Место для фотокарточки 1. Тегі Фамилия______________________________________________________________ Аты Әкесінің аты Имя _______________________ Отчество (егер бар болса) ____________________ 2. Жынысы 3. Туған күні, айы,жылы Пол______________ Число, месяц и год рождения __________________________ 4. Туған жері Место рождения_______________________________________________________ (ауыл, қала, аудан, облыс, республика село, город, район, область, республика) _____________________________________________________________________ 5. Ұлты Национальность_______________________________________________________ 6. Білімі Образование__________________________________________________________ Оқу ор­ны­ның ата­уы және ме­кен жайы На­зва­ние учеб­но­го за­ве­де­ния и его ме­сто­на­хож­де­ние Түс­кен жы­лы Год по­ступ­ле­ния Бі­тір­ген неме­се шық­қан жы­лы Год окон­ча­ния или ухо­да Бі­тір­ме­ген жағ­дай­да қай кур­стан кет­ті Ес­ли не окон­чил, то с ка­ко­го кур­са ушел Қан­дай ма­ман­дық бой­ын­ша бі­лім ал­ды По ка­кой спе­ци­аль­но­сти по­лу­чил об­ра­зо­ва­ние Қан­дай бі­лік­ті­лік ал­ды, ди­плом­ның неме­се ку­ә­лік­тің нө­мі­рі Ка­кую ква­ли­фи­ка­цию по­лу­чил, № ди­пло­ма или удо­сто­ве­ре­ния 7. Ана тілін, қандай деңгейде басқа тілдерді меңгердіңіз және қаншалықты, Родной язык, какими другими языками владеете и в какой степени____________ _____________________________________________________________________ Оқып, сөздікпен аудара аласыз ба, оқып түсіндіре аласыз ба, толық білесіз бе? Читаете и переводите со словарем, читаете и можете объясняться, владеете свободно? 8. Ғылыми атақ, ғылыми дәреже Ученая степень, ученое звание__________________________________________ 9. Қандай ғылыми еңбектеріңіз бен жаңалықтарыңыз бар? Какие имеете научные труды и изобретения _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ 10. Еңбек жолы (жоғары оқу және арнайы орта білім орны, әскери қызметі және қос қызметтілікті қоса алғанда). Трудовая деятельность (включая учебу в высших и средних специальных учебных заведениях, военную службу и работу по совместительству). Осы бөлімді толтырған кезде, жұмыс орнының толық атын өз кезіндегі атауымен, әскери қызметін, лауазымымен бірге жазу керек. При заполнении данного пункта учреждения, организации и предприятия необходимо именовать так, как они назывались в свое время, военную службу с указанием должности, округа. Айы және жы­лы Ме­сяц и год кел­ген кет­кен по­ступ. ухо­да Ла­у­а­зы­мы, қыз­мет ор­ны, кә­сі­по­рын ме­ке­ме­сі, және ми­ни­стр­лік (ве­дом­ство) ата­уы Долж­ность с ука­за­ни­ем учре­жде­ния, ор­га­ни­за­ции, пред­при­я­тия, а та­к­же ми­ни­стер­ства (ве­дом­ства) Ме­ке­ме­нің, ұй­ым­ның, кә­сі­по­рын­ның ме­кен-жайы Ме­сто­на­хож­де­ние учре­жде­ния, ор­га­ни­за­ции, пред­при­я­тия 11. Жеке іс қағазын толтырған уақыттағы отбасы жағдайы, және сіздің жақын туыстарыңыз. Семейное положение в момент заполнения личного листка, Ваши близкие родственники* Туы­стық қа­ты­на­сы Сте­пень род­ства Те­гі, аты, әке­сі­нің аты Фа­ми­лия, имя, от­че­ство Ту­ған же­рі­ңіз, кү­ні, айы, жы­лы Да­та и ме­сто рож­де­ния Жұ­мыс ор­ны, ла­у­а­зы­мы Ме­сто ра­бо­ты, долж­ность Тұр­ғы­лық­ты ме­кен жай­ы­ңыз Ме­сто жи­тель­ства * Жақын туыстарыңыз: жұбайыңыз, оның әке-шешесі, аға-інілері, апа-сіңілілері, және балалары. Заңда көрсетілген тәртіпке сәйкес, егер өздерінің алғашқы тегін, аты-жөнін, әкесінің атын өзгерткен жағдайда, сонымен бірге алғашқы жұбайлары туралы мәліметтер көрсетілсін. * Близкие родственники: супруги, их родители, братья, сестры, дети. Указать и прежние фамилии, имена и отчества этих лиц, если они изменили их в установленном законом порядке, а также данные на бывших супругов. 12. Шет елдерде болу мерзімі (жұмыс, қызметтік іс-сапар, делегация құрамында) Пребывание за границей (работа, служебная командировка, поездка с делегацией) Айы және жы­лы Ме­сяц и год Қай мем­ле­кет­те В ка­кой стране Ше­тел­де бо­лу мақ­са­ты Цель пре­бы­ва­ния за гра­ни­цей қай уа­қыт­тан ба­стап с ка­ко­го вре­ме­ни қай уа­қыт­қа дей­ін по ка­кое вре­мя 13. Қай сайлау органдарына сайландыңыз (қайда, қандай және қашан) В какие выборные органы избирался (где, в какие и когда) _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ 14. Әскери міндетті болуы Отношение к воинской обязанности _____________________________________________________________________ әскери міндетті болуы, болмауы военнобязанный, невоеннообязанный, _____________________________________________________________________ әскери арнайы тіркеуі, әскери атағы, әскери билеттің нөмірі және жеке нөмірі, военно-учетная специальность, воинское звание, номер военного билета и личный номер 15. Қандай мемлекеттік наградаға ие болдыңыз Какие имеете правительственные награды_______________________________ қашан, кім және немен марапатталдыңыз когда, кем и чем награждены 16. Жеке куәлік Удостоверение личности_______________________________________________ серия, нөмірі, кіммен және қашан берілді, тіркеу мекен-жайы серия, номер, кем и когда выдан, адрес прописки _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ 17. Тұрғылықты жері Место жительства _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ "___"_______________ 20__ж. Жеке қолы Личная подпись_________
Басқа 2. ӨМІРБАЯН _____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелеріне қызметке конкурстан тыс қабылдау қағидасына 2-қосымша Нысан ӨМІРБАЯН _____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты /егер бар болса/) Өмір­ба­ян үміт­кер­дің өз қо­лы­мен ер­кін ны­сан­да, ши­май­сыз және тү­зе­ту­сіз жа­зы­ла­ды және он­да мін­дет­ті түр­де ке­ле­сі мә­лі­мет­тер көр­се­ті­ле­ді: - те­гі, аты, әке­сі­нің аты, туы­л­ған жы­лы және же­рі, ұл­ты; - қа­шан, қай­да, қан­дай жо­ға­ры оқу ор­нын­да оқы­ды, бі­лі­мі бой­ын­ша ма­манды­ғы; - кім бо­лып, қа­шан және қай­да іс­те­ді, ме­ке­ме неме­се ұй­ым­ның ата­уы то­лық, бір жұ­мыстан бас­қа жұ­мысқа ауы­су­дың се­бе­бі көр­се­ті­луі ти­іс; - от­ба­сы­лық жағ­дайы, неке­ге қа­шан тір­кел­ді, (әй­е­лі, (күй­е­уі­нің) те­гі, аты, әке­сі­нің аты, туы­л­ған жы­лы және же­рі, ұл­ты, тұр­ғы­лық­ты же­рі, жұ­мыс ор­ны және ла­у­а­зы­мы; әке­сі, ше­ше­сі, аға­ла­ры, әп­ке­ле­рі және ба­ла­ла­ры­на да осын­дай мә­лі­мет­тер; егер үміт­кер неме­се оның әй­е­лі (күй­е­уі) те­гін, атын, әке­сі­нің атын өзгерт­кен бол­са, он­да оның бұ­рын­ғы анық­та­ма­лық де­ректе­рі көр­се­ті­ле­ді. - Сіз неме­се Сіз­дің жа­қын туы­ста­ры­ңыз сот­тал­ған ба? (қа­шан және не үшін), Сіз әкім­ші­лік жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ты­л­ған­сыз ба? (қа­шан және не үшін). Қолы ______________________ "______" _____________201______жылы №________________________________ кіммен және қашан берілген ___________________________ Қайда тіркелген ____________________ Тұрғылықты жері ___________________ телефондары: қызметтік _________________________ үй _______________________________ ұялы _____________________________
Басқа 3. САУАЛНАМА лауазымға тағайындалатын үміткер үшін Аты-жөні:
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның про­ку­ра­ту­ра ор­ган­да­ры, ве­дом­ство­ла­ры мен ме­ке­ме­ле­ріне қыз­мет­ке кон­кур­стан тыс қа­был­дау қа­ғи­да­сы­на 3-қо­сым­ша Нысан САУАЛНАМА лауазымға тағайындалатын үміткер үшін Аты-жөні: ______________________________________________________ (түсінікті түрде, баспа әріптерімен) ____________________________________________________________________ 1. Сіз тағайындалу мүмкін болатын елді мекеннің тұрғыны боласыз ба? (онда бұрын тұрғансыз ба, қашан) ____________________________________________________________________ 2. Сіз тағайындалу мүмкін болатын елді мекенде Сіздің туыстарыңыз немесе жұбайыңыздың (зайыбыңыздың) туыстары тұрады ма? ____________________________________________________________________ 3. Сіздің туыстарыңыз немесе Сіздің жұбайыңыздың туыстары прокуратура органдарында қызмет атқарады ма? ____________________________________________________________________ Жауап дұрыс болған кезде көрсетіңіз: Органның (мекеменің) атауы___________________________________________ Атқаратын лауазымы _________________________________________________ 4. Сіз кәсіпкерлік қызметпен айналыстыңыз ба немесе шаруашылық серіктестіктің, акционерлік қоғамның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табыласыз ба? ________________________________________________ 5. Сіздің туыстарыңыз, жұбайыңыз (зайыбыңыз) кәсіпкерлік қызметпен айналысады ма? ____________________________________________________ Жауап дұрыс болған кезде көрсетіңіз, тағайындалу мүмкін болатын өңірдің аумағында кәсіпкерлік қызметтің объектілері бар ма, болса нақты қай жерде орналасқан? ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________