Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил субсидирования ставок вознаграждения по кредитным и лизинговым обязательствам субъектов агропромышленного комплекса для финансового оздоровления

Қаулы · № 816 · қабылданған 09.08.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-73919/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении Правил субсидирования ставок вознаграждения по кредитным и лизинговым обязательствам субъектов агропромышленного комплекса для финансового оздоровления Күшін жойған Қаулы ·№ 816 ·09.08.2013
18.04.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил субсидирования ставок вознаграждения по кредитным и лизинговым обязательствам субъектов агропромышленного комплекса для финансового оздоровления

Күшін жойған Қаулы ·№ 816 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил субсидирования ставок вознаграждения по кредитным и лизинговым обязательствам субъектов агропромышленного комплекса для финансового оздоровления
Атауы (қаз.)
Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
816
Қабылданған күні
09.08.2013
Көрсетілген редакция
18.04.2014 AI73919_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.04.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000816
ЭКБ идентификаторы
73919
Редакция идентификаторы
AI73919_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:32

0 Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

«2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

0 Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 9 тамыздағы
№ 816 қаулысымен
бекітілген
Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасына сәйкес әзірленді және АӨК субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2 2. Қаржылық сауықтырудың негізгі мақсаттары АӨК субъектілерінің төлем қабілеттілігін жақсарту, кредиттік жүктемесін төмендету және олардың банкротқа ұшырау тәуекелін барынша азайту болып табылады.

2 2. Терминдер мен анықтамалар

3 3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1 1) қарыз алушы – кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелері бар АӨК субъектісі;

2

2) қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құрамда мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің (келісім бойынша), қаржы институттары (келісім бойынша) мен үкіметтік емес ұйымдардың (келісім бойынша) өкілдерінен құралған алқалы орган;

3

3) кредиттік және лизингтік міндеттемелер – оларға қатысты осы Қағидалардың шеңберінде қаржылық сауықтыру шараларын қолдану мүмкін болатын, құрылыс-монтаждау жұмыстарын қоса алғанда, айналым құралдарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға кредит алуға, ауыл шаруашылығы, арнайы техника мен технологиялық жабдықты лизингке алуға байланысты қаржы институттары алдында пайда болған қарыз алушының міндеттемелері;

4

4) кредиторлық міндеттемелер – құрылыс-монтаждау жұмыстарын қоса алғанда, айналым құралдарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға, ауыл шаруашылығы, арнайы техника мен технологиялық жабдықты лизингке алуға байланысты басқа шаруашылық субъектілері алдында пайда болған қарыз алушының міндеттемелері;

5

5) оператор – АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру үшін қаржы институттарының кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша оператордың қызметтерін көрсету жөніндегі шарттың негізінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандандырылған ұйым ретінде тартылатын «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы;

6 6) қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның шешімі – әлеуетті қарыз алушыға қатысты қаржылық сауықтыруды қолдану/қолданбау туралы шешім;

7 7) мемлекеттік комиссия – «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия;

8 8) кредиттік және лизингтік міндеттемелерді қайта құрылымдау – қарыз алушыларда бар кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша қайтару мерзімдерін арттыру, сыйақы мөлшерлемесін азайту, сондай-ақ жеңілдікті кезең ұсыну;

9 9) кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелерді қайта қаржыландыру – қарыз алушыларға ұзақ мерзімді қайтару мерзімдерімен, төмен пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен және бар берешектерін қайтаруға жеңілдікті кезеңмен жаңа нысаналы кредиттер ұсыну;

10 10) сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау – қарыз алушының кредиттік және/немесе лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы ретінде қаржы институтына төлейтін шығыстарын ішінара өтеу үшін пайдаланылатын АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау нысаны;

11 11) әкімші – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Салық салу мақсатында әкімші төлем көздерінен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет жүктелген салық агенті болып танылады;

12

12) қаржылық сауықтыру – айналым құралдарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына пайдаланылған қарыз алушының кредиттік/кредиторлық міндеттемелерін, сондай-ақ лизингтік міндеттемелерін (ауыл шаруашылығы және арнайы техниканы, технологиялық жабдықты сатып алу) мемлекет тарапынан қолдау кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру;

13 13) қаржы институттары – екінші деңгейдегі банктер; банк қызметін жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдар; АӨК саласындағы кредиттік серіктестіктер;

14 14) қаржы агенті – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы.

3 3. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың жалпы шарттары

4

4. Әкімші мен оператор арасындағы қарым-қатынастарды реттеу үшін осы Қағидалар ресми жарияланғаннан бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оператор қызметтерінің төлеу сомаларын көрсете отырып, оператордың қызметтер көрсету тәртібін, шарттарын, сондай-ақ тараптардың жауапкершіліктерін және өзге де шарттарды көздейтін Қаржылық сауықтыру үшін АӨК субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау бойынша оператордың қызметтерін көрсету жөніндегі шарт (бұдан әрі – қызметтер көрсету жөніндегі шарт) жасалады.

5

5. Оператордың қызметтерін әкімші қызметтер көрсету бойынша тиісті қаржы жылына жасалатын қызметтер көрсету жөніндегі шартқа сәйкес 225 «АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бағытының шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық сыйақы ставкасын субсидиялау» республикалық бюджеттік бағдарламасы қаражатының есебінен төлейді.

6 6. Қарыз алушының құрылыс-монтаждау жұмыстарын қоса алғанда, айналым құралдарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға, ауыл шаруашылығы, арнайы техника мен технологиялық жабдықты лизингке алуға кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелері қайта құрылымдауға және қайта қаржыландыруға жатады.

7 7. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін пайда болған кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелер қайта құрылымдауға және қайта қаржыландыруға жатады.

8 8. Қаржылық сауықтыру қаржы институттары есептеген айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығарған жағдайда кредиттік және/немесе лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін олардың қолданылуының бүкіл мерзімінде субсидиялауды көздейді.

9

9. Қаржылық сауықтыру шараларын алған кредиттік және лизингтік шарттар бойынша талаптар жылына бір рет қана өзгертілуі мүмкін (сыйақы мөлшерлемесі, төлеу мерзімі, негізгі борыш және/немесе сыйақыны төлеу бойынша кейінге шегеру), бұл ретте негізгі қарыздың сыйақы мөлшерлемесін капиталдандыруға жол берілмейді.

10 10. Қарыз алушылардың кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау оны жылдық 7 (жеті) %-ға төмендету арқылы:

1 1) қаржы институттары қарыз алушының кредиттік және лизингтік міндеттемелерінің қайтару мерзімін 9 (тоғыз) жылдан аспайтын мерзімге ұлғайтқан;

2 2) АӨК субъектілері басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер алдындағы кредиттік берешегін 9 (тоғыз) жылдан аспайтын мерзімге оларды банктік кредитке ауыстыра отырып қайта қаржыландырған;

3

3) қарыз алушылар кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелерін қайта қаржыландыру/қайта құрылымдау кезінде осы Қағидалардың 4-тарауында көрсетілген сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды ұсыну критерийлерін сақтаған, сондай-ақ осы Қағидалардың 5-тарауында көрсетілген қаржылық сауықтыруда тең қатысушылықты сақтаған жағдайларда жүзеге асырылады.

4 4. Қарыз алушылардың кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелерін қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды ұсыну шарттары

11 11. Қарыз алушылардың сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14 (он төрт) %-дан аспайтын кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелері қайта құрылымдауға/қайта қаржыландыруға жатады.

12

12. Олар бойынша қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру жүзеге асырылатын бір қарыз алушының бір қаржы институтындағы кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелерінің ұлттық валютадағы сомасы онымен үлестес басқа да қарыз алушылардың кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелерін есепке алусыз 1 500 000 000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңгеден аспауы тиіс.
Қарыз алушының кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелерінің сомасы 1 500 000 000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңгеден асқан жағдайда оны қаржылық сауықтыруға жіберу туралы шешімді Мемлекеттік комиссия қабылдайды.
Шетелдік валютадағы кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелер сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің өтініш жасаған күні қолданыста болған ресми бағамына сәйкес жоғарыда көрсетілген ұлттық валютадағы сомаға балама сомадан аспауы тиіс.
Қаржы институттары қарыз алушылар бастамашылық ететін кредит беру/лизинг беру шарттарын өзгертуге байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, қарыз алушылардан қаржылық сауықтыруға қатысуға байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

13 13. Басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдау көрсетілетін қарыз алушының кредиттік/лизингтік міндеттемелері бойынша шарттар сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жатпайды.

14

14. Қарыз алушылардың қаржылық берешегін қайта құрылымдау жағдайларын, сондай-ақ жеделдетілген сауықтыру рәсіміндегі қарыз алушыларды қоспағанда, қызметі ұйымдастыру-құқықтық нысанын өзгерту, тарату, оңалту немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрған, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған қарыз алушылар қаржылық сауықтыру рәсімдеріне жіберілмейді.

5 5. Қарыз алушыларды қаржылық сауықтыруға мүдделі тараптардың тепе-тең қатысуы

15 15. Қарыз алушыларды қаржылық сауықтыруды жүргізген кезде мүдделі тараптар өздеріне мынадай міндеттемелер алады:

1

1) қаржы институттары қайта құрылымдалатын/қайта қаржыландырылатын кредиттер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығарады; қайта құрылымдалатын/қайта қаржыландырылатын кредит бойынша мерзімі асып есептелген сыйақыны сыйақы мөлшерлемесі жылдық 0,1 %-дан аспайтын және бөліп төленетін жеке кредитке бөліп шығарады; қайта құрылымдалатын кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін жылдық 14 (он төрт) %-ға дейін төмендетеді; кредитті қайтару мерзімін 9 (тоғыз) жылдан аспайтын мерзімге ұзартады не қайтару мерзімі 9 (тоғыз) жылдан аспайтын жаңа кредиттер береді;

2 2) қарыз алушылар қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттің негізгі борышын және ол бойынша пайыздарды тұрақты төлеу бойынша барлық шараларды қабылдайды, борышты және ол бойынша пайыздарды толық өтегенге дейін таза табысты бөлуге жол бермейді;

3

3) қарыз алушылардың меншік иелері кредиторлар алдындағы міндеттемелерді толық өтегенге дейін қатысушылар арасында табыстың бір бөлігін бөлмеу, қосымша капиталдандыру, инвесторлар тарту, қаржылық сауықтыру шарттарын орындау бойынша қаржы институттарына толық жәрдемдесу жолымен және басқа шаралармен қолдау көрсетеді;

4 4) әкімші қарыз алушылардың кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды оны жылдық 7 (жеті) %-ға дейін төмендету жолымен қамтамасыз етеді.

6 6. Қаржылық сауықтыруға қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі

16

16. Қарыз алушылардың кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелерін қайта құрылымдауды/қайта қаржыландыруды жүргізу үшін оператор қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаржылық сауықтыру рәсімдерін бастау туралы хабарламаны кемінде 3 (үш) республикалық бұқаралық ақпарат құралында және интернет-ресурстарда (меншікті және әкімшінің) орналастырады, бұл қарыз алушыларға қаржылық сауықтыру шеңберінде қайта құрылымдауды және қайта қаржыландыруды жүзеге асыруға өтініштермен қаржы институттарына жүгінуге құқық береді.

17 17. Қарыз алушылар өздерінің кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелерін қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру ниеті туралы өтінішпен қаржы институттарына жүгінеді.

18 18. Қаржы институттарының қарыз алушылардың өтініштерін қарауы қаржы институттарының ішкі кредиттік саясатына және ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

19 19. Қаржы институттары тоқсан сайын, келесі тоқсанның 5-күніне дейін мынадай құжаттарды қалыптастырады және операторға жолдайды:

1 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім. Оған қаржы институтының уәкілетті адамы немесе қол қою құқығына сенімхаты бар тұлға қол қоюы және қаржы институтының мөрімен бекітілуі тиіс. Бұл ретте қаржы институтының филиалдарынан (өкілдіктерінен) жекелеген өтінімдер қабылданбайды;

2 2) бір реттік тәртіппен ұсынылатын банктік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның нотариат растаған көшірмесі;

3 3) қарыз алушының кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелері жөніндегі шарттардың көшірмелері;

4 4) Қарыз алушының кредит/лизинг алғандығын растайтын құжат;

5 5) АӨК субъектісін қаржылық сауықтыру жоспары.

20

20. Субсидияларды бөлуді жүргізу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құрамында комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы бар Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия құрылады. Бұл ретте комиссияның сандық құрамы тақ болуы және жеті адамнан кем болмауы тиіс. Комиссия хатшысы Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия мүшесі болып табылмайды.

21 21. Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Егер Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның отырысына мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі қатысса, Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның отырысы заңды деп есептеледі.

22

22. Оператор қаржы институттарынан өтінімдер болған кезде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен (жиырмасы) кешіктірмей қаржы институттары ұсынған құжаттарды осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігіне қарап, Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның отырысын оның мүшелеріне жазбаша хабарлама жіберу жолымен шақырады. Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізу орнын, уақытын және күнін оператор өз бетінше айқындайды.

23 23. Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның отырысы тоқсанына кемінде бір рет шақырылады.

24 24. Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның отырысын шақыру туралы хабарламаға мынадай материалдар электрондық тасығышта қоса беріледі:

1 1) қарыз алушылардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі/сәйкессіздігі туралы оператордың қорытындысы;

2 2) Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімінің жобасы;

3 3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы институты өтінімінің көшірмесі;

4 4) қарыз алушының кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелері жөніндегі шарттардың көшірмелері;

5 5) қарыз алушының кредит/лизинг алғандығын растайтын құжаттардың көшірмелері;

6 6) АӨК субъектісін қаржылық сауықтыру жоспарының көшірмесі.

25 25. Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия қарыз алушылардың өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімді оның мүшелерінің көпшілік дауысымен дауыс беруі арқылы хаттамалық шешім түрінде қабылдайды.

Бұл ретте Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия қарыз алушылардың өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімді қабылдау кезінде оператордың қорытындысын және осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген құжаттарды басшылыққа алады.

26 26. Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімі:

1 1) қаржы институтының атауын және орналасқан жерін;

2 2) мақұлданған/мақұлданбаған қарыз алушылардың атаулы тізбесін, бас тарту себептерін;

3 3) қарыз алушының әрбір кредиттік/лизингтік шарты бойынша қарыз сомаларын;

4 4) қарыз алушының әрбір кредиттік/лизингтік шарты бойынша қарыз мерзімін;

5 5) қарыз алушының әрбір кредиттік/лизингтік шарты бойынша нысаналы мақсатын;

6 6) қарыз алушының әрбір кредиттік/лизингтік шарты бойынша субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесінің пайызын;

7 7) қарыз алушының әрбір кредиттік/лизингтік шарты бойынша субсидиялардың жалпы, оның ішінде тоқсандар бойынша сомасын;

8 8) қаржы институтының және қарыз алушының меншік иелерінің тарапынан қабылданған не қабылданып жатқан қаржылық сауықтыру шараларын қамтуы тиіс.

Субсидиялар сомасын бөлу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет қаражатының көлемі шегінде АӨК дамыту бағыттарының басымдығына сәйкес жүргізіледі.
Бұл ретте көрсетілген бағыттардың басымдылығы келесі бағыттың өтінімдерін қанағаттандыруға көшкенге дейін жоғары тұрған бағыттың қажеттілігін толық қанағаттандыруды көздейді. Бір басымдылық бағыты шеңберінде субсидиялау сомасын бөлу қарыз алушының өтінім ұсыну күніне қарай жүзеге асырылады.

27

27. Оператор 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және қол қойылғаннан кейін бір күн мерзімде Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасынан үзінді-көшірмелердің хатшының қолы қойылған, мөрмен расталған түпнұсқасын кейін жолдай отырып, осы үзінді-көшірмені қаржы институттарына және қаржы агентіне электрондық пошта арқылы жолдайды.

28 28. Қаржы институттары Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасынан үзінді-көшірмені алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде қарыз алушыға осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қаржылық сауықтыру шараларын қабылдайды.

7 7. Қарыз алушылардың кредиттік және лизингтік міндеттемелерін қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тәртібі

29 29. Қарыз алушылардың қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау үшін ақша ұсыну әкімші, оператор және қаржы институттары арасындағы үш жақты шартқа (бұдан әрі – субсидиялау шарты) сәйкес жүзеге асырылады.

30

30. Субсидиялау шарты Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия шешімінің негізінде жасалады және қаржы институтына қаражат аудару тәртібі мен шарттарын, қарыз алушының сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін қаржы институтының есептен шығару процесіне оператордың мониторинг жүргізу шарттарын, тараптардың жауапкершілігін және өзге де шарттарды көздейді.
Субсидиялау шартына қол қою тәртібі:

1 1) оператор мен қаржы институты арасында – Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия шешім қабылдаған күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

2 2) әкімші – оператордан субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

31 31. Қаржы институты сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін алу үшін операторға:

1 1) әрбір қарыз алушы бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі үшін ақша аудару ведомосы қоса берілген өтінімді;

2 2) қарыз алушылардың қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарттардың қаржы институты растаған көшірмелерін жолдайды.

32

32. Оператор 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарыз алушылардың қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарттары бойынша өтінім сомасының міндеттерді өтеу кестелеріне сәйкестігін, сондай-ақ қарыз алушылардың қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін есептен шығару үшін қаражатты пайдалану туралы есепті тексеруді жүзеге асырады және әкімшіге субсидиялау үшін кезекті ақша траншын аудару туралы ұсыныс енгізеді.

33 33. Жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялау сомаларын әкімші аударуы үшін қаржы институты арнайы шот ашады.

Жасалған субсидиялау шартына сәйкес әкімші қаржы институтына сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін арнайы шотқа Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аванспен аударады. Ол үшін әкімші 3 (үш) жұмыс күні ішінде оператор хатының негізінде қазынашылық органдарына тиісті төлем шоттарын жолдайды.
Қаржы институты арнайы шоттағы ақшаны осы Қағидаларда көзделмеген өзге мақсаттарға пайдалана алмайды. Арнайы шоттағы қаражатты мақсатсыз пайдаланған жағдайда қаржы институты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

34 34. Қаржы институты қарыз алушыдан сыйақы мөлшерлемелесінің субсидияланбайтын бөлігін алған кезде қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шартқа өтеу кестесіне сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін арнайы шоттан есептен шығаруды жүзеге асырады.

35

35. Егер қаржы институтының арнайы шотында пайдаланылмаған қаражаттың қалдығы болған жағдайда, әкімші субсидиялауға арналған ақша сомасын осы қалдықты шегере отырып аударады. Егер қаржы жылының соңына арнайы шотта пайдаланылмаған қаражат қалдығы болған жағдайда, қаржы институты ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейінгі мерзімде оны әкімшінің шотына қайтарады.

36

36. Қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарт бойынша төлем күні келген және қаржы институтының арнайы шотында сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеу үшін қаражат болмаған жағдайда, қарыз алушы толық сыйақы мөлшерлемесін төлеуді меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырады. Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін әкімші қаржы институтының арнайы шотына қаражат аудару жолымен өтейді. Мұндай жағдайда қаржы институты қарыз алушыға алдында төленген сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеуді жүргізеді.

37 37. Қаржы институты тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін қаржы институты растаған арнайы шоттан үзінді-көшірмені қоса беріп, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептілікті операторға ұсынады.

38 38. Оператор қаржы институтынан субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін оған сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінің төленген қаражатының осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі мәніне талдау жасайды.

39

39. Қаржы институты қолданыстағы қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарттың талаптарын (сыйақы мөлшерлемесін, сыйақыны төлеу мерзімін, негізгі борышты және/немесе сыйақыны төлеу бойынша кейінге шегеруді ұсынуды) өзгерткен жағдайда, ол күнтізбелік 10 (он) күн ішінде операторға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді қаржыландыру шарттарын өзгерту жөнінде қабылданған шешімнің көшірмесін, негізгі борышты және сыйақыны өтеудің жаңартылған кестесін қамтитын құжаттар пакетімен жолдайды.

40

40. Оператор осы құжаттар пакетін қабылдайды, негізгі борышты және сыйақыны өтеудің жаңартылған кестесін есептеу дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады және күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмейтін мерзімде қорытынды жасап, құжаттарды Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысына қарау үшін жолдайды.

8 8. Субсидиялауды тоқтату тәртібі

41

41. Қарыз алушы негізгі борыштың бір бөлігін және/немесе сыйақы мөлшерлемелесінің субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша міндеттемелерін қатарынан 3 ай ішінде орындамаған жағдайда, қаржы институты осы фактіні анықтаған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы операторды жазбаша хабардар етеді.
Қаржы институты ұсынған ақпараттың негізінде оператор қарыз алушының пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялауды тоқтату туралы мәселені Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысына қарауға шығарады.

42 42. Субсидиялауды тоқтату Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның шешімі бойынша:

1 1) қарыз алушы негізгі борышының бір бөлігін және/немесе сыйақының субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша міндеттемелерін қатарынан 3 (үш) ай ішінде орындамаған;

2 2) кредиттік қаражатты мақсатсыз пайдаланған;

3 3) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша Қарыз алушының шотына тыйым салынған;

4

4) қарыз алушы қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарты бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толығымен өтеген жағдайда жүзеге асырылады. Қарыз алушы қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарты бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толығымен өтеген күні пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауды тоқтату күні болып есептелетін болады;

5 5) қарыз алушының субсидияларды тоқтату туралы бастамасы;

6 6) республикалық бюджет тарапынан қаржыландыру болмаған жағдайларда жүзеге асырылады.

43 43. Оператор Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы институтын және қарыз алушыны қабылданған шешімнің себептерін көрсете отырып, хатпен хабардар етеді.

9 9. Қаржылық сауықтыру мониторингі

44 44. Қаржылық сауықтыруды іске асыру мониторингін оператор жүзеге асырады, оның функцияларына:

1 1) қаржы институты ұсынатын ұсынылған құжаттардың негізінде қарыз алушының кредитті мақсатты пайдалану;

2 2) қаржы институты ұсынатын құжаттардың негізінде қарыз алушының негізгі борышының бір бөлігін және ол бойынша пайыздарды уақтылы өтеу;

3 3) қаржы институты ұсынатын құжаттардың негізінде қарыз алушының субсидияланатын кредитін/лизингін мерзімінен бұрын өтеу мониторингі жатқызылады.

45 45. Қаржы институттары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін операторға растайтын құжаттарды қоса беріп, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептілік ұсынады.

46 46. Оператор тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-күніне дейін әкімшіге қарыз алушыларды қаржылық сауықтыру бойынша орындалған жұмыс туралы есепті осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

47 47. Оператор мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы институтынан барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға құқылы.

48 48. Әкімші жыл сайын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға әкімші және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бірлесіп бекітетін тәртіппен бюджеттік бағдарлама шеңберінде субсидиялар алған қарыз алушылар туралы ақпаратты жолдайды.

10 10. Хабарламалар

49

49. Әкімші, оператор, қаржылық агент және қаржы институттары осы Қағидалар шеңберінде талап етілетін немесе жасалатын кез-келген хабарлама, хабар, хат немесе сұрау салу жазбаша нысанда ұсынылатынына келіседі. Мұндай хабарлама, хабар, хат немесе сұрау салу пошта арқылы немесе курьерлік байланыспен, факсимильді және телексті байланыс арқылы жеткізілсе, қаралатын болады.

50

50. Қаржылық сауықтыру мониторингінің шеңберінде көзделген есептілік кейіннен қаржы институтының операторға құжаттардың түпнұсқаларын бере отырып, жөнелтудің табысты аяқталғаны туралы электрондық пошта растауының болу шартымен жөнелту күні – қол қойылған материалдарды электрондық пошта арқылы жөнелту жолымен ұсынылуы мүмкін.

1 Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның құрамы

Қаржылық сауықтыру үшін
агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің кредиттік және
лизингтік міндеттемелері
бойынша сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша
Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның құрамы
Р/с

Т.А.Ә.
Ұй­ым­ның ата­луы
1
ТО­ЛЫ­БА­ЕВ
Ма­рат Ер­кі­нұ­лы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ви­це-ми­ни­стрі, Ко­мис­сия тө­ра­ға­сы
2
ША­Е­КИН
Ра­у­ан Ми­хай­ұ­лы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пар­ла­мен­ті Мә­жі­лі­сі­нің де­пу­та­ты (ке­лі­сім бой­ын­ша)
3
ҚҰ­САЙ­Ы­НОВ
Ма­рат Әп­се­ме­тұ­лы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Эко­но­ми­ка және бюд­жет­тік жос­пар­лау ви­це-ми­ни­стрі
4
ОСПА­НОВ
Асыл­хан Зей­нол­ла­ұ­лы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі­нің Үй­ле­сті­ру де­пар­та­мен­ті ди­рек­то­ры­ның орын­ба­са­ры (ке­лі­сім бой­ын­ша)
5
БЕ­КІ­ШО­ВА
Кү­міс Оспан­қы­зы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік мү­лік­ті бас­қа­ру және оңал­ту мен банк­рот­тық әдіс­на­ма­сы де­пар­та­мен­ті­нің бас са­рап­шы­сы
6
МА­ХА­ЖА­НОВ
Дәу­рен Сә­би­тұ­лы
«Қа­зА­гро» ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­дин­гі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы бас­қар­ма тө­ра­ға­сы­ның орын­ба­са­ры (ке­лі­сім бой­ын­ша)
7
ӘБ­ДІ­К­Ә­РІ­МО­ВА
Жа­нар Мұ­рат­қы­зы
«Қа­зақ­стан қар­жы­гер­ле­рі­нің қа­уым­да­стығы» заң­ды тұ­лға­лар­дың бір­ле­сті­гі тө­ра­ға­сы­ның орын­ба­са­ры (ке­лі­сім бой­ын­ша)
8
ОШАҚ­БА­ЕВ
Рахым Са­ке­нұ­лы
«Ата­ме­кен» ода­ғы» ҚҰ­ЭП бас­қар­ма тө­ра­ға­сы­ның бі­рін­ші орын­ба­са­ры (ке­лі­сім бой­ын­ша)
9
ҚОС­ШЫ­ҒҰ­ЛО­ВА
Бахыт Ер­тай­қы­зы
«Қа­зақ­стан құс өсі­ру­ші­лер ода­ғы» заң­ды және же­ке тұ­лға­лар­дың бір­ле­сті­гі Пре­зи­ден­ті­нің ке­ңес­ші­сі (ке­лі­сім бой­ын­ша)
10
ӘБЕ­НОВ
Ас­қар Ел­тай­ұ­лы
«Қа­зА­гро­Мар­ке­тинг» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы де­пар­та­мен­ті­нің ди­рек­то­ры, хат­шы (ке­лі­сім бой­ын­ша)

2 АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру кезінде сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға өтінім

Қаржылық сауықтыру үшін
агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің кредиттік және
лизингтік міндеттемелері
бойынша сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша
АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру кезінде сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға өтінім
«___» ______________ 20__ ж.
Кімге: ______________________________________________________________
(оператордың атауы)
Кімнен: _____________________________________________________________
(қаржы институтының атауы, пошталық заңды мекенжайы, байланыс
телефондары, ЖБН, банк деректемелері)
1
Қа­ты­су­шы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
1.1
Ата­уы
1.2
То­лық по­шта­лық (заң­ды) ме­кен­жайы
1.3
Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры
1.4
БЖН/ЖБН
1.5
Банк де­ректе­ме­ле­рі
1.6
Өтеу кесте­ле­рі­нің кө­шір­ме­сі
1.7
Қар­жы ин­сти­ту­ты мен қарыз алушы та­ра­пы­нан ұсы­ны­ла­тын іс-ша­ра­лар­ды және заттай және қа­ра­жат тү­рін­де қар­жы­лай са­уық­ты­ру­дан кү­ті­ле­тін нәти­же көр­се­ті­л­ген қар­жы­лық са­уық­ты­ру жос­па­ры
Осы арқылы мыналар:

1 1) қарыз алушының кредиттік және лизингтік шарттары бойынша басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау түрінде көмек көрсетілмейтіні;

2

2) қарыз алушылардың қаржылық берешегін қайта құрылымдау жағдайларын, сондай-ақ жеделдетілген сауықтыру рәсіміндегі қарыз алушыларды қоспағанда, қарыз алушының қызметі ұйымдастыру-құқықтық нысанын өзгерту, тарату, оңалту немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрмағаны, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмағаны расталады.
Қаржы институтының бірінші басшысының Т.А.Ә. және қолы ________
М.О.
Өтінішті тапсыру күні «___» ___________________________ 20__ ж.
Өтінішті қабылдау күні «___» __________________________ 20__ ж.

3 АӨК дамытудың басым бағыттары

Қаржылық сауықтыру үшін
агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің кредиттік және
лизингтік міндеттемелері
бойынша сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша
АӨК дамытудың басым бағыттары
Ата­уы
Қыз­мет тү­рі
Бі­рін­ші ба­сым­ды­лық
Кү­ріш өсі­ру
Кө­кө­ніс пен бақ­ша да­қыл­да­рын, та­мыр­түй­нек­ті­лер мен түй­нек же­мі­сті­лер­ді өсі­ру
Ірі қа­ра мал­дың сүт­ті тұқым­да­рын өсі­ру
Ірі қа­ра мал­дың бас­қа тұқым­да­ры мен буй­вол­дар­ды өсі­ру
Жыл­қы және бас­қа да тұ­яқ­ты тұқым­дар­ды өсі­ру
Түйе өсі­ру
Қой, еш­кі өсі­ру
Шош­қа және то­рай өсі­ру
Құс ша­ру­а­шы­лы­ғы
Жа­ну­ар­лар­дың бас­қа да түр­ле­рін өсі­ру
Тұ­щы су ба­лық­та­рын өсі­ру
Ет өң­деу және кон­сер­ві­леу
Үй құ­ста­ры­ның етін өң­деу және кон­сер­ві­леу
Ет­тен және үй құ­сы еті­нен дай­ын­да­ла­тын та­ғам­дар­ды өн­ді­ру
Ба­лық, ша­ян тә­р­із­ді­лер­ді және ұлу­лар­ды өң­деу және кон­сер­ві­леу
Кар­топ өң­деу және кон­сер­ві­леу
Же­міс-жи­дек және кө­кө­ніс шы­рын­да­рын өң­деу
Же­міс-жи­дек пен кө­кө­ні­стер­ді өң­деу мен сақ­та­удың бас­қа да түр­ле­рі
Са­ры май мен май­лар өн­ді­ру
Мар­га­рин мен тоң май өн­ді­ру
Сүт өң­деу және ірім­шік өн­ді­ру
Ұн-жар­ма өнер­к­ә­сі­бі­нің өнім­де­рін өн­ді­ру
Нан өн­ді­ру; ұн­нан дай­ын­дал­ған жа­ңа пі­сі­рі­л­ген кон­ди­тер­лік та­ғам­дар­ды, торт­тар мен пи­рож­ный­лар­ды өн­ді­ру
Ма­ка­рон өнім­де­рін өн­ді­ру
Қант өн­ді­ру
Ба­ла­лар та­ма­ғын және ди­е­ти­ка­лық өнім­дер­ді өн­ді­ру
Дән­ді да­қыл­дар­ды (кү­ріш­тен бас­қа­сы), бұр­шақ тұқым­дас да­қыл­дар­ды және зәй­түн тұқы­мын өн­ді­ру
Дән­ді да­қыл­дар мен май­лы да­қыл­дар­ды жи­нақ­тау және сақ­тау
Екін­ші ба­сым­ды­лық
Бас­қа да мау­сым­дық да­қыл­дар­ды өсі­ру
Жү­зім өсі­ру
Ше­кіл­де­уік және сүй­ек­ті же­мі­стер­ді өн­ді­ру
Же­мі­сті аға­штар­дың бас­қа да түр­ле­рін, бұ­та­лы өсім­дік­тер мен жаң­ғақ өсі­ру
Су­сын­дар өн­ді­ру­ге ар­нал­ған да­қыл­дар­ды өсі­ру
Бал­мұз­дақ өн­ді­ру
Ұзақ уа­қыт сақ­та­у­ға жа­рам­ды қа­тқан нан мен пе­че­нье, ұн­нан дай­ын­дал­ған кон­ди­тер­лік бұй­ым­дар­ды, торт­тар­ды, пи­рож­ный­лар­ды, бә­ліш­тер мен биск­вит­тер­ді өң­деу
Дай­ын азық тү­лік пен жар­ты­лай дай­ын фаб­ри­кат­тар­ды өн­ді­ру
Фер­ма­да­ғы мал­дар­ға ар­нал­ған дай­ын жем­шөп өн­ді­ру
Үй жа­ну­ар­ла­ры­на ар­нал­ған дай­ын жем­шөп өн­ді­ру

4 АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыруға бөлінген субсидиялау қаражатының «___» ________ 201 ж. «___» __________ 201__ жыл аралығында нақты пайдаланылуы туралы ЕСЕП (Қаржы институты әр тоқсан сайын операторға тапсырады)

Қаржылық сауықтыру үшін
агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің кредиттік және
лизингтік міндеттемелері
бойынша сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына
4-қосымша
АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыруға бөлінген субсидиялау қаражатының «___» ________ 201 ж. «___» __________ 201__ жыл аралығында нақты пайдаланылуы туралы ЕСЕП (Қаржы институты әр тоқсан сайын операторға тапсырады)
Р/с

Қарыз алушы­ның ата­уы
Бар­лық қа­рас­ты­ры­л­ған суб­си­ди­я­лар, тең­ге
Есеп­ті ке­зең­де ауда­ры­л­ған суб­си­ди­я­лар­дың бар­лы­ғы, тең­ге
Нақ­ты ауда­ры­л­ған суб­си­ди­я­лар, тең­ге
Ауыт­қу­лар (+, -) (+) ар­тық тө­лем, (-) же­тіс­пеу
бар­лы­ғы
бар­лы­ғы, оның ішін­де есеп­ті ке­зең
бар­лы­ғы
оның ішін­де есеп­ті ке­зең
4 б. - 6 б.
1
2
3
4
5
6
7
8
кестенің жалғасы
Қарыз алушы­ға нақ­ты ауда­ры­л­ған сый­а­қы*, тең­ге
Қарыз алушы тө­ле­ген сый­а­қы­сы, тең­ге
Қар­жы ин­сти­ту­ты­ның 20__ ж., __ тоқ­са­ны­на өті­ні­ші, тең­ге
жал­пы со­ма
қарыз алушы­ның өте­уі
бюд­жет­тен суб­си­ди­я­лау**
бар­лы­ғы
бар­лы­ғы, оның ішін­де есеп­ті ке­зең­де
бар­лы­ғы
бар­лы­ғы, оның ішін­де есеп­ті ке­зең­де
%
со­ма
%
со­ма
%
со­ма
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
Ескертпе:
* субсидияның сомасын есепке алмай
** 8 б. бойынша ауытқу сомасын есепке ала отырып
Қаржы институтының басшысы _____________________ (қолы, Т.А.Ә.)
М.О. __________________________________________________________
Қаржылық сауықтыру үшін
агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің кредиттік және
лизингтік міндеттемелері
бойынша сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына
5-қосымша
АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бойынша «___» _____ 201 ж. мен «___» __________ 201__ ж. аралығында атқарылған жұмыстар туралы ЕСЕП (оператор әр тоқсан сайын әкімшіге тапсырады)
Қар­жы ин­сти­ту­ты­ның ата­уы
Кре­дит бе­ру шар­тта­ры
АШМ суб­си­ди­я­сы­ның нақ­ты ауда­ры­л­ған со­ма­сы, тең­ге
Бар­лық қал­дық
(4 б. - 5 б)
кре­дит со­ма­сы, тең­ге
сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сін өте­удің жыл­дық со­ма­сы, тең­ге
АШМ суб­си­ди­я­лай­тын жыл­дық со­ма, тең­ге
1
2
3
4
5
6
Кестенің жалғасы
Қар­жы ин­сти­ту­ты­ның 20__ ж., ___ тоқ­са­ны­на өті­ні­ші, тең­ге
Суб­си­ди­я­лау
жал­пы со­ма­сы
қар­жы алушы­ның өте­уле­рі
бюд­жет­тен суб­си­ди­я­лау
өт­кен жыл­дар­ға ауда­рым­дар
қар­жы ин­сти­ту­ты­ның өті­ні­шін ес­ке­ре оты­рып есеп­ке жа­зу, жиы­ны
ауда­ру­ға жа­та­ды
(11 б. – 6 б.)
со­ма
со­ма
7
8
9
10
11
12
Күні ________________________________________________________________
Оператордың уәкілетті тұлғасының қолы _______________________________
М.О. ________________________________________________________________

Қолданыстағы