Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики оценки эффективности правового обеспечения местных исполнительных органов районов (городов областного значения)

Бұйрық · № 251 · қабылданған 15.07.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-73945/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Методики оценки эффективности правового обеспечения местных исполнительных органов районов (городов областного значения) Күшін жойған Бұйрық ·№ 251 ·15.07.2013
05.05.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики оценки эффективности правового обеспечения местных исполнительных органов районов (городов областного значения)

Күшін жойған Бұйрық ·№ 251 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики оценки эффективности правового обеспечения местных исполнительных органов районов (городов областного значения)
Атауы (қаз.)
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
251
Қабылданған күні
15.07.2013
Көрсетілген редакция
05.05.2014 AI73945_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.05.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008572
ЭКБ идентификаторы
73945
Редакция идентификаторы
AI73945_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:42

0 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу ережесінің 40-3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау әдiстемесi бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау әдiстемесi

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2013 жылғы 15 шілдедегі
№ 251 бұйрығымен
бекітілді
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау әдiстемесi

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау әдiстемесi (бұдан әрі - Әдістеме) бағаланатын аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) құқықтық қамтамасыз етілуіндегі қызметінің тиімділігін анықтауға арналған.

2 2. Мемлекеттік органдардың құқықтық қамтамасыз етілуіндегі тиімділігін бағалауды (бұдан әрі - Бағалау) облыс әкімінің аппараты (бұдан әрі – Аппарат) жүргізеді.

Бағалауды жүргізу үшін Аппарат лауазымды тұлғалар арасынан Жұмыс тобын құрады.

3 3. Бағалау жыл сайын облыс әкімдігі бекітетін тиімділікке жыл сайынғы бағалау жүргізу кестесіне (бұдан әрі – Бағалау кестесі) сәйкес есептiк (күнтiзбелiк) жылдың қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

4 4. Бағалау жүргізу үшін ақпаратты Бағалау кестесіне сәйкес мемлекеттік органдар Аппаратқа электрондық және қағаз тасымалдағышта ұсынады.

5 5. Бағалау Әдістеменің қосымшаларына сәйкес ұсынылған ақпаратты талдау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

6 6. Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дайындалады.

7 7. Мемлекеттік органдардың бағалау нәтижелері туралы қорытындылары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына ұсынылады.

2 2. Бағалау жүргізу әдістемесі

8 8. Бағалау мынадай өлшемдер бойынша жүзеге асырылады:

1 1) мемлекеттік органдардың заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері (бұдан әрі - НҚА) бойынша норма шығармашылығы қызметі;

2 2) НҚА-ның құқықтық мониторингі;

3 3) мемлекеттік органдардың наразылық-талап-арыз жұмысы.

9 9. Әр өлшем бойынша көрсеткіштер анықталады, оларға сәйкес тиісті балл қойылады. Өлшемдер мен көрсеткіштердің әрқайсысының осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес анықталған тиісті балдары бар.

Балдар мемлекеттік органдардың құқықтық қамтамасыз етілуі бойынша өлшемдердің маңыздылығы дәрежесін ескере отырып қойылған.

10 10. «Мемлекеттік органдардың заңға тәуелді НҚА бойынша норма шығармашылығы қызметі» өлшемдерін бағалау кезінде мыналар:

1 1) заңға тәуелді НҚА жобалары бойынша ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың негізді ескертулерін ескеру;

2 2) әділет органдары заң сараптамасы нәтижелері бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тартқан және заң сараптамасын жүргізбестен қайтарылған мемлекеттік органдардың НҚА үлесі ескеріледі.

11 11. «НҚА-ның құқықтық мониторингі» өлшемін бағалау кезінде мыналар:

1 1) НҚА-ның құқықтық мониторингі барысында анықталған, қайшы келетін, тиімсіз іске асырылатын, ескірген нормалардың, соның ішінде коллизиялар, олқылықтар, бланкеттік және сілтемелік нормалардың орын алғандығы анықталған НҚА үлесі;

2 2) Құқықтық мониторинг қағидасын сақтау шеңберінде қолданыстағы заңнамаға НҚА-ны уақтылы сәйкестікке келтіру бойынша қабылданған шаралар;

3 3) прокурорлық ден қою актілері, сот шешімдері бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА үлесі;

4 4) әділет органдарының заң бұзушылықтарды жою туралы уақтылы орындалмаған ұсыныстарының саны ескеріледі.

12 12. «Мемлекеттік органдардың наразылық-талап-арыз жұмысы» өлшемін бағалау кезінде мына көрсеткіштер ескеріледі:

1 1) мемлекеттік бюджетке әсер ету тиімділігі;

2 2) талап-арыздар бойынша жалпы балл.

3 3. «Мемлекеттік органдардың заңға тәуелді НҚА бойынша норма шығармашылығы қызметі» өлшемі бойынша бағалау

13 13. Осы өлшем бойынша бағалау мемлекеттік органдар осы Әдiстемеге 3 және 4-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша ұсынатын ақпарат негiзiнде жүргiзiледi.

14 14. Баға мынадай формула бойынша есептеледi:

бұл жерде К1 – осы өлшем бойынша мемлекеттiк органның бағасы;
Р1 – «Заңға тәуелді НҚА жобалары бойынша ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың негізді ескертулерін ескеру» көрсеткіші;
Р2 – «Әділет органдары заң сараптамасы нәтижелері бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тартқан және заң сараптамасын жүргізбестен қайтарылған мемлекеттік органдардың НҚА үлесі» көрсеткіші.
Осы өлшем бойынша ең жоғары мән 31 балды құрайды.

15 15. «Заңға тәуелді НҚА жобалары бойынша ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың негізді ескертулерін ескеру» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша айқындалады:

бұл жерде Р1 – осы көрсеткіштің мәні;
k – 14-ке тең, алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіру коэффициенті;
а – ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың негізді ескертулері болған заңға тәуелді НҚА жобаларының саны;
b – заңға тәуелді НҚА жобаларының жалпы саны.
16. Осы көрсеткішті бағалау кезінде, заңға тәуелді НҚА жобалары санының, ол бойынша ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың негізді ескертуі бар бағаланатын жылда әзірленген заңға тәуелді НҚА жобаларының жалпы санына арақатынасы анықталады.
Ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың ескертулері болмаған жағдайда көрсеткіш бойынша 14-ке тең болатын балл қойылады.

17 17. Ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізетін тиісті бейіндегі ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының қорытындылары және мемлекеттік органдардың осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес ұсынатын есепті деректері көрсеткішті бағалау үшін ақпарат көзі болып табылады.

18 18. «Әділет органдары заң сараптамасы нәтижелері бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тартқан және заң сараптамасын жүргізбестен қайтарылған мемлекеттік органдардың НҚА үлесі» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша есептеледі:

бұл жерде Р2 – осы көрсеткіштің мәні;
k – 17-ге тең, алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіру коэффициенті;
а – мемлекеттік органдардың мемлекеттік тіркеуден бас тартылған және заң сараптамасын жүргізбестен қайтарылған НҚА саны;
b – мемлекеттік органдардың мемлекеттік тіркеуге түскен актілерінің жалпы саны.

19 19. Мемлекеттік органдардың осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес ұсынатын есепті ақпараты көрсеткішті бағалау үшін ақпарат көзі болып табылады.

4 4. «НҚА-ның құқықтық мониторингі» өлшемі бойынша бағалау

20 20. Осы өлшем бойынша бағалау мынадай формуламен есептеледі:

бұл жерде К2 – осы өлшем бойынша мемлекеттiк органның бағасы;
Р1 – «НҚА-ның құқықтық мониторингі барысында анықталған, қайшы келетін, тиімсіз іске асырылатын, ескірген нормалардың, соның ішінде коллизиялар, олқылықтар, бланкеттік және сілтемелік нормалардың орын алғандығы анықталған НҚА үлесі» көрсеткіші;
Р2 – «Құқықтық мониторинг қағидасын сақтау шеңберінде қолданыстағы заңнамаға НҚА-ны уақтылы сәйкестікке келтіру бойынша қабылданған шаралар» көрсеткіші;
Р3 – «Прокурорлық ден қою актілері, сот шешімдері бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА үлесі» көрсеткіші;
Р4 – «Әділет органдарының заң бұзушылықтарды жою туралы уақтылы орындалмаған ұсыныстарының саны» көрсеткіші.
Осы өлшем бойынша ең жоғары мән 41 балды құрайды.

21 21. «НҚА-ның құқықтық мониторингі барысында анықталған, қайшы келетін, тиімсіз іске асырылатын, ескірген нормалардың, соның ішінде коллизиялар, олқылықтар, бланкеттік және сілтемелік нормалардың орын алғандығы анықталған НҚА үлесі» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша есептеледі:

бұл жерде Р1 – осы көрсеткіштің мәні;
k – 13-ке тең, алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіру коэффициенті;
а – қайшы келетін, тиімді іске асырылмайтын, ескірген нормалардың, соның ішінде коллизиялар, олқылықтар, артық бланкеттік және сілтеме нормалардың болуы анықталған НҚА саны;
b – оларға қатысты құқықтық мониторинг жүргізілген, реттелетін саладағы НҚА-ның жалпы саны.
22. Көрсеткішті бағалауға арналған ақпарат көзі құқықтық мониторинг жүргізудің нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар ұсынған талдамалық анықтамалар, үкіметтік емес ұйымдардың және мүдделі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың ақпараты болып табылады.
Ақпарат осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес ұсынылады.

23 23. «Құқықтық мониторинг қағидасын сақтау шеңберінде қолданыстағы заңнамаға НҚА-ны уақтылы сәйкестікке келтіру бойынша қабылданған шаралар» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша есептеледі:

бұл жерде Р2 – осы көрсеткіштің мәні;
k – 13-ке тең, алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіру коэффициенті;
а – құқықтық мониторинг барысында анықталғандардың ішінен қабылданған НҚА-ның саны;
b – құқықтық мониторинг барысында анықталғандардың ішінен әзірленген және әділет органдарына жолданған НҚА саны;
с – мониторинг барысында анықталған НҚА-ның жалпы саны;
0,5 – осы өлшемнің көрсеткіші бойынша үлестік коэффициент.

24 24. Осы көрсеткішті есептеу кезінде, НҚА құқықтық мониторинг жүргізу барысында анықталған, қайта қабылданған жоғары тұрған НҚА сәйкес келтірілгендердің, соның ішінде оларға қатысты НҚА қабылданған және әзірлеу мен әділет органдарына жіберу жөнінде шаралар қабылданғандардың саны ескеріледі.

25 25. Мемлекеттік органдар осы Әдістемеге 6-қосымшаға сәйкес ұсынатын есептік ақпарат көрсеткішті бағалау үшін ақпарат көзі болып табылады.

26 26. Қайшы келетін, тиімді іске асырылмайтын, ескірген нормалардың, соның ішінде коллизиялар, олқылықтар, артық бланкеттік және сілтеме нормалардың болуы анықталған НҚА болмаған жағдайда көрсеткіш бойынша 13-ке тең балл қойылады.

27 27. «Прокурорлық ден қою актілері, сот шешімдері бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА үлесі» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша айқындалады:

бұл жерде Р3 – осы көрсеткіштің мәні;
k – 8-ге тең, алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіру коэффициенті;
а – прокурорлық ден қою актілері, сот шешімдері бойынша өзгертілген, күшін жойған актілер бойынша мемлекеттік органның НҚА саны;
b – мемлекеттік орган әзірлеген (қабылдаған) қолданылатын заңға тәуелді НҚА-ның жалпы саны (негізгі актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізетін НҚА-ны қоспағанда).

28 28. Прокуратура органдарының және соттың актілері, осы Әдістеменің 7-қосымшасына сәйкес бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпараты көрсеткішті бағалау үшін ақпарат көзі болып табылады.

29 29. Прокурорлық ден қою актілері бойынша, сот шешімдері бойынша өзгертілген, күшін жойған НҚА болмаған жағдайда көрсеткіш бойынша 8-ге тең балл қойылады.

30 30. «Әділет органдарының заң бұзушылықтарды жою туралы уақтылы орындалмаған ұсыныстарының саны» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша айқындалады:

бұл жерде Р4 – осы көрсеткіштің мәні;
k – 7-ге тең, алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіру коэффициенті;
а – әділет органдарының заң бұзушылықтарды жою туралы уақтылы орындалмаған ұсыныстарының саны;
b – әділет органдарының НҚА-ға қатысты заң бұзушылықтарды жою туралы енгізген ұсыныстарының жалпы саны.

31 31. Әділет органдарының заң бұзушылықтарды жою туралы енгізген ұсыныстары, осы Әдістеменің 8-қосымшасына сәйкес бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпараты көрсеткішті бағалау үшін ақпарат көзі болып табылады.

32 32. Әділет органдарының заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстарын енгізу фактілері болмаған жағдайда көрсеткіш бойынша 7-ге тең балл қойылады.

5 5. «Мемлекеттік органдардың наразылық-талап-арыз жұмысы» өлшемі бойынша бағалау

33 33. Осы өлшем бойынша бағалау осы Әдістеменің 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органдар ұсынатын ақпарат негізінде жүргізіледі.

Осы өлшем бойынша ең жоғары мән 28 балды құрайды.

34 К3=Р1+Р2,

34. Бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:
К3=Р1+Р2,
бұл жерде К3 – осы өлшем бойынша мемлекеттiк органның бағасы;
Р1 – мемлекет пайдасына берілген ақшалай қаражаттың жалпы сомасына қатысты (a), мемлекетке қарсы берілген ақшалай қаражаттың жалпы сомасына (b) есептелетін «Мемлекеттік бюджетке әсер ету тиімділігі» көрсеткіші (толық және ішінара қанағаттандырылатын талап қою ескеріледі) мынадай формула бойынша:
бұл жерде:
а – есепті жылда мемлекет пайдасына берілген ақшалай қаражаттың жалпы сомасы;
b – есепті жылда мемлекетке қарсы берілген ақшалай қаражаттың жалпы сомасы.
Мемлекеттік бюджетке әсер ету тиімділігі көрсеткіші бойынша балдар мынадай шкала бойынша 0-ден 8-ге дейін бағаланды:
Қа­ты­нас көр­сет­кі­ші
Бал­дар
1-ден аз
0
1-ден 2-ге дей­ін
1
2-ден 5-ке дей­ін
2
5-тен 10-ға дей­ін
3
10-нан 50-ге дей­ін
4
50-ден 100-ге дей­ін
5
100-ден 500-ге дей­ін
6
500-ден 1000-ға дей­ін
7
1000 жо­ға­ры
8
Егер, мынадай жағдайларда:

1 1) а = 0 – осы көрсеткіш мәні 0-ге тең;

2 Р2 = D1+D2+D3+D4,

2) b = 0 - осы көрсеткіш мәні 8-ге тең;
а = 0 бір уақытылы мәнде және b = 0 - осы көрсеткіш мәні 8-ге тең.
Р2 – «Талап-арыздар бойынша жалпы балл» көрсеткіші.
«Талап-арыздар бойынша жалпы балл» көрсеткіш мәні мынадай формула бойынша есептеледі:
Р2 = D1+D2+D3+D4,
бұл жерде:
D1 – «Мемлекеттік орган қозғаған қанағаттандырылған талап-арыздардың үлесі» көрсеткіші;
D2 – «Мемлекеттік органға қарсы қозғалған қанағаттандырылған талап-арыздардың үлесі» көрсеткіші;
D3 – «Мемлекеттік орган қозғаған ішінара қанағаттандырылған талап-арыздардың үлесі» көрсеткіші;
D4 – «Мемлекеттік органға қарсы қозғалған ішінара қанағаттандырылған талап-арыздардың үлесі» көрсеткіші.

35 35. «Мемлекеттік орган қозғаған қанағаттандырылған талап-арыздардың үлесі» көрсеткіш мәні мынадай формула бойынша айқындалады:

бұл жерде D1 – осы көрсеткіштің мәні;
k – 5-ке тең, алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіру коэффициенті;
а – есепті жылда шешімі заңды күшіне енген, мемлекеттік орган қозғаған, қанағаттандырылған талап-арыздардың саны (соның ішінде, соттың қадағалау сатысында қаралғандары);
b – есепті жылда мемлекеттік орган қозғаған талап-арыздардың жалпы саны.
Есепке есепті жылда шешімі заңды күшіне енген, мемлекеттік орган қозғаған, соның ішінде, қадағалау сатысынан өткен талап-арыздар алынады.
Жүргізілген істер болмаған жағдайда (есепті жылда күшіне енген шешімдер) осы көрсеткіштің мәні 5-ке тең.

36 36. «Мемлекеттік органға қарсы қозғалған қанағаттандырылған талап-арыздардың үлесі» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша айқындалды:

бұл жерде D2 – осы көрсеткіштің мәні;
k – 5-ке тең, алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіру коэффициенті;
а – есепті жылда шешімі заңды күшіне енген, мемлекеттік органға қарсы қозғалған, қанағаттандырылған талап-арыздардың саны (соның ішінде, соттың қадағалау сатысында қаралғандары);
b – есепті жылда мемлекеттік органға қарсы қозғалған талап қоюлардың жалпы саны.
Есепке есепті жылда шешімі заңды күшіне енген, мемлекеттік органға қарсы қозғалған, соның ішінде, қадағалау сатысынан өткен талап-арыздар алынады.
Жүргізілген істер болмаған жағдайда (есепті жылда күшіне енген шешімдер) осы көрсеткіштің мәні 5-ке тең.

37 37. «Мемлекеттік орган қозғаған ішінара қанағаттандырылған талап-арыздардың үлесі» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша айқындалады:

бұл жерде D3 – осы көрсеткіштің мәні;
k – 5-ке тең, алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіру коэффициенті;
а – есепті жылда шешімі заңды күшіне енген, мемлекеттік орган қозғаған, ішінара қанағаттандырылған талап-арыздардың саны (соның ішінде, соттың қадағалау сатысында қаралғандары);
b – есепті жылда мемлекеттік орган қозғаған талап-арыздардың жалпы саны.
Есепке есепті жылда шешімі заңды күшіне енген, мемлекеттік орган қозғаған, соның ішінде, қадағалау сатысынан өткен талап-арыздар алынады.
Жүргізілген істер болмаған жағдайда (есепті жылда күшіне енген шешімдер) осы көрсеткіштің мәні 5-ке тең.

38 38. «Мемлекеттік органға қарсы қозғалған ішінара қанағаттандырылған талап-арыздардың үлесі» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша айқындалады:

бұл жерде D4 – осы көрсеткіштің мәні;
k – 5-ке тең, алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіру коэффициенті;
а – есепті жылда шешімдері заңды күшіне енген мемлекеттік органға қарсы қозғалып, ішінара қанағаттандырылған талап-арыздар саны (соның ішінде, соттың қадағалау сатысында қаралғандары);
b – есепті жылда мемлекеттік органға қарсы қозғалған талап-арыздардың жалпы саны.
Есепті жылда шешімдері заңды күшіне енген мемлекеттік органға қарсы қозғалған, соның ішінде қадағалау сатысынан өткен талап-арыздар есепке алынады.
Жүргізілген істер болмаған жағдайда (есепті жылда күшіне енген шешімдер бойынша) аталған көрсеткіштің мәні 5-ке тең.

39 39. Заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде, мемлекеттік органдардың осы Әдістеменің 9-қосымшасына сәйкес ұсынатын есептік ақпараты «Мемлекеттік органдардың наразылық-талап-арыз жұмысы» өлшемін бағалау үшін ақпарат көзі болып табылады.

6 6. Қорытынды бағалау

40 О1=К1+К2+К3,

40. Қорытынды бағалау барлық өлшемдер бойынша есептеулердің алынған нәтижелерін қосу арқылы анықталады:
О1=К1+К2+К3,
бұл жерде О1 – құқықтық қамтамасыз ету тиімділігі бойынша мемлекеттік органның қорытынды бағалауы.

41 41. Бағалау нәтижелері туралы қорытынды:

бағаланатын мемлекеттік органның атауын;
барлық өлшемдер бойынша бағалау кестесін;
өлшемдер бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін талдауды;
тұжырымдар мен ұсыныстарды қамтиды.

7 7. Қайта ұйымдастырылған және таратылған мемлекеттік органдарды бағалау

42

42. Бағаланатын мемлекеттік орган бағаланатын жылдың бірінші жарты жылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда аталған мемлекеттік органды бағалау құқықтық мирасқор - мемлекеттік органды бағалау шеңберінде жүзеге асырылады және есептеу кезінде құқықтық мирасқор - мемлекеттік органды бағалаудың қорытынды балы ескеріледі.

43

43. Бағаланатын мемлекеттік орган бағаланатын жылдың екінші жарты жылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде аталған органды бағалау жүзеге асырылмайды. Бағаланатын жылдың екінші жарты жылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған мемлекеттік органның қызметін талдау құқықтық мирасқор - мемлекеттік органды бағалау шеңберінде ескеріледі және ұсынымдар ретінде пайдаланылады.

44

44. Бағаланатын мемлекеттік орган бағаланатын кезеңнен кейінгі жылдың басынан бастап, мемлекеттік органдардың есепті деректерді беру мерзімдері бағалау кестесінде белгіленгенге дейінгі кезеңде қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде аталған мемлекеттік органды бағалау бағаланатын кезеңдегі нәтижелер ескеріле отырып жүзеге асырылады. Берілген функциялар мен өкілеттіктер бойынша бағалау нәтижелері құқықтық мирасқор - мемлекеттік органға ұсынымдар ретінде беріледі.

8 8. Бағалау нәтижелерін қайта тексеру

45 45. Аппаратқа мемлекеттік органдар бағалау жүргізу үшін ұсынатын ақпараттың дұрыстығын тікелей өздері қамтамасыз етеді.

46 46. Аппарат бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпаратында қамтылған деректерді қайта тексеру бойынша (жинау, растайтын құжаттарды талдау және т.б.) ұйымдастыру шаралар кешенін қабылдайды.

47

47. Бағаланатын мемлекеттік орган бағалау нәтижелерін алған сәттен бастап, бес жұмыс күні ішінде бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Аппаратқа растайтын құжаттармен бірге қарсылықтар не қарсылық жоқ екендігі туралы хабарлама жібереді. Белгіленген мерзім біткен соң бағаланатын мемлекеттік органдардың қарсылықтары қабылданбайды.

48

48. Аппарат қарсылықтарды қарау үшін бағалаудың объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында арнайы комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады, оның құрамына мемлекеттік органдарды бағалауға қатысқан қызметкерлер кірмейді. Аппарат құрамы бес адамнан кем емес Комиссия саны мен құрамын өзі айқындайды.
Бағаланатын мемлекеттік органдардан қарсылықтар алған сәттен бастап Аппарат Комиссияның қарауына күнтізбелік үш күн ішінде Аппарат пен бағаланатын мемлекеттік органның ұстанымдары көрсетілетін Әдістеменің 10-қосымшасына сәйкес келіспеушіліктер кестесін енгізеді.

49 49. Комиссия қарсылықтар берген бағаланатын мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылатын қарсылықтарды қарау және бағалау нәтижелерінің объективтілігін анықтау жөніндегі отырыстар өткізеді.

50 50. Комиссия отырысының нәтижелері мен қарсылықтарды қарау қорытындылары туралы алқа шешімін қабылдау бойынша келіспеушіліктер кестесі пысықталады және Комиссия төрағасы мен бағаланатын мемлекеттік органның өкілі қол қояды.

51

51. Аппарат қайта тексеру нәтижелері бойынша қарсылықтарды қабылдау не қабылдамау туралы негізделген қорытындыларды Өңірлік сараптау комиссиясының жұмыс органына және бағаланатын мемлекеттік органдарға бес жұмыс күні ішінде жібереді. Қарсылықтар қабылданған жағдайда түзету енгізілген Қорытындылар бір мезгілде жолданады.

9 9. Мемлекеттік органдардың толық емес және сапасыз ақпарат ұсынуы

52 52. Бағаланатын мемлекеттік орган Аппаратқа толық және анық есептік ақпаратты Әдістеменің 3-9-қосымшаларына сәйкес Бағалау кестесінде белгіленген мерзімде ұсынады.

Есептік ақпарат уақтылы, толық немесе шынайы емес күйінде ұсынылған жағдайда, мемлекеттік органның қорытынды бағалауынан осы бағытта сөгістің әрбір түрі үшін айыптық балдар шегеріледі.

53 53. Аппаратқа Бағалау кестесінде көзделген мерзімінен кеш ұсынылған есептік ақпарат уақтылы емес деп танылады.

Мемлекеттік органның кешіктірілген есептік ақпарат ұсынғаны үшін 1,5 айыптық балл шегеру көзделеді.

54 54. Әдістеменің қосымшаларына сәйкес есептік ақпарат құрылымының белгіленген талаптарында көзделген элементтер (қосымшалар, тараулар, кестелер, көрсеткіштер мәндері және т.б.) жоқ есептік ақпарат толық емес деп танылады.

Мемлекеттік органның толық емес есептік ақпарат ұсынғаны үшін 2 айыптық балл шегеру көзделеді.

55 55. Қайта тексеру барысында шындыққа сәйкес емес фактілер анықталған есептік ақпарат шынайы емес деп танылады.

Көрсетілген фактілер бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпаратында қамтылған деректерді қайта тексеру қорытындылары бойынша жасалатын Әдістеменің 11-қосымшасына сәйкес салыстыру актісінде тіркелуі тиіс.
Мемлекеттік органның шынайы емес есептік ақпарат ұсынғаны үшін әрбір тіркелген фактіге 0,2 айыптық балл шегеру көзделеді. Шынайы емес ақпарат ұсынғаны үшін алынатын айыптық балл сомасы 5 балдан аспауы тиіс.
Анықталған фактілер жөніндегі ақпарат мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытындының «Тұжырымдар мен ұсыныстар» бөлімінде сипатталады.

1 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды

Аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) жергілікті атқарушы
органдарын құқықтық қамтамасыз
етудің тиімділігін бағалау
әдістемесіне
1-қосымша
Нысан
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті
атқарушы органдарын құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін
бағалау нәтижелері туралы қорытынды
__________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
________________
(есептік кезең)

Ба­ға­лау өл­шем­де­рі
Әр­бір өл­шем­ді ба­ға­лау ба­лы
1
Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың заң­ға тәу­ел­ді НҚА бой­ын­ша нор­ма шы­ғар­ма­шы­лы­ғы қыз­ме­ті
2
НҚА-ның құқық­тық мо­ни­то­рин­гі
3
Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың на­ра­зы­лық-та­лап-арыз жұ­мысы
Жал­пы ба­ға­лау*:
Ай­ып­тық балл ше­ге­ру
Ай­ып­тық бал­ды ше­ге­ру­ді ес­ке­ре оты­рып қо­ры­тын­ды ба­ға­лау
Бағалау өлшемдері бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін талдау:
Тұжырымдар мен ұсыныстар:
Аппарат басшысы
_______________________________________
(қолы)   (қойылған қолды ашып көрсету)
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің аппарат басшысы
_________ ______________________________
(қолы)    (қойылған қолды ашып көрсету)
20___ жылғы «____» ______________

2 Мемлекеттік органдардың құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін бағалау өлшемдері мен көрсеткіштері

Аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) жергілікті атқарушы
органдарын құқықтық қамтамасыз
етудің тиімділігін бағалау
әдістемесіне
2-қосымша
Мемлекеттік органдардың құқықтық қамтамасыз ету
тиімділігін бағалау өлшемдері мен көрсеткіштері

р/с
Өл­шем /көр­сет­кіш ата­уы
Ма­ңы­зды­лық мәні (көр­сет­кіш­тер­ге ар­нал­ған бал­дар)
1
Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың заң­ға тәу­ел­ді НҚА бой­ын­ша нор­ма шы­ғар­ма­шы­лы­ғы қыз­ме­ті
31
1.1
Заң­ға тәу­ел­ді НҚА жо­ба­ла­ры бой­ын­ша ғы­лы­ми сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы са­рап­та­ма­ның негіз­ді ес­кер­ту­ле­рін ес­ке­ру
14
1.2
Әді­лет ор­ган­да­ры заң са­рап­та­ма­сы нәти­же­ле­рі бой­ын­ша мем­ле­кет­тік тір­ке­уден бас тар­тқан және заң са­рап­та­ма­сын жүр­гіз­бес­тен қай­та­ры­л­ған мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың НҚА үле­сі
17
2
НҚА-ның құқық­тық мо­ни­то­рин­гі
41
2.1
НҚА-ның құқық­тық мо­ни­то­рин­гі ба­ры­сын­да анық­тал­ған, қай­шы ке­ле­тін, ти­ім­сіз іс­ке асы­ры­ла­тын, ескір­ген нор­ма­лар­дың, со­ның ішін­де кол­ли­зи­я­лар, ол­қы­лық­тар, блан­кет­тік және сі­л­те­ме­лік нор­ма­лар­дың орын ал­ғанды­ғы анық­тал­ған НҚА үле­сі
13
2.2
Құқық­тық мо­ни­то­ринг қа­ғи­да­сын сақ­тау шең­бе­рін­де қол­да­ны­с­та­ғы заң­на­ма­ға НҚА-ны уақ­ты­лы сәй­кест­ікке кел­ті­ру бой­ын­ша қа­был­дан­ған ша­ра­лар
13
2.3
Про­ку­рор­лық ден қою ак­ті­ле­рі, сот ше­шім­де­рі бой­ын­ша өзгер­ті­л­ген, кү­ші жой­ы­л­ған НҚА үле­сі
8
2.4
Әді­лет ор­ган­да­ры­ның заң бұ­зу­шы­лық­тар­ды жою ту­ра­лы уақ­ты­лы орын­дал­ма­ған ұсы­ны­ста­ры­ның са­ны
7
3
Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың на­ра­зы­лық-та­лап-арыз жұ­мысы
28
3.1
Мем­ле­кет­тік бюд­жет­ке әсер ету ти­ім­ді­лі­гі
8
3.2
Та­лап-ары­здар бой­ын­ша жал­пы балл
20
БАР­ЛЫ­ҒЫ
100

3 «Заңға тәуелді НҚА жобалары бойынша ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың негізді ескертулерін ескеру» көрсеткіші бойынша есептік ақпарат

Аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) жергілікті атқарушы
органдарын құқықтық қамтамасыз
етудің тиімділігін бағалау
әдістемесіне
3-қосымша
Нысан
«Заңға тәуелді НҚА жобалары бойынша ғылыми сыбайлас жемқорлыққа
қарсы сараптаманың негізді ескертулерін ескеру»
көрсеткіші бойынша есептік ақпарат
______________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
№ р/с
НҚА ны­са­ны мен ата­уы
Олар­дың ішін­де
ес­кер­ту­лер са­ны
ес­ке­рі­л­ген негіз­ді ес­кер­ту­лер са­ны
ес­ке­ріл­ме­ген
ес­кер­ту­лер са­ны
1
2
3
4
5
Аудан (облыстық маңызы бар қаланың)
әкім аппаратының басшысы _____ __________________________
(қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)
Аудан (облыстық маңызы бар қаланың)
әкімдігінің заң қызметінің басшысы
(заң қызметі болмаған жағдайда, заңгер
қызметін атқаратын тұлға) ________ _____________________
(қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)
20___ж. «___» _____________

4 «Әділет органдары заң сараптамасы нәтижелері бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тартқан және заң сараптамасын жүргізбестен қайтарылған мемлекеттік органдардың НҚА үлесі» көрсеткіші бойынша есептік ақпарат

Аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) жергілікті атқарушы
органдарын құқықтық қамтамасыз
етудің тиімділігін бағалау
әдістемесіне
4-қосымша
Нысан
«Әділет органдары заң сараптамасы нәтижелері бойынша
мемлекеттік тіркеуден бас тартқан және заң сараптамасын
жүргізбестен қайтарылған мемлекеттік органдардың НҚА үлесі»
көрсеткіші бойынша есептік ақпарат
___________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

р/с
НҚА ны­са­ны, кү­ні және ата­уы
Олар­дың ішін­де
мем­ле­кет­тік тір­ке­лу­ге жі­бе­рі­л­ген (кү­ні, нө­мі­рі)
тір­кел­ген (мем­ле­кет­тік тір­кеу кү­ні, нө­мі­рі)
мем­ле­кет­тік тір­ке­уден бас тар­ты­л­ған (кү­ні, нө­мі­рі)
заң са­рап­та­ма­сын
жүр­гіз­бес­тен қай­та­ры­л­ған (кү­ні, нө­мі­рі)
1
2
3
4
5
6
Аудан (облыстық маңызы бар қаланың)
әкім аппаратының басшысы _______ ____________________
(қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)
Аудан (облыстық маңызы бар қаланың)
әкімдігінің заң қызметінің басшысы
(заң қызметі болмаған жағдайда,
заңгер қызметін атқаратын тұлға) _____ _____________________
(қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)
20___ж. «___» ________

5 «НҚА-ның құқықтық мониторингі барысында анықталған, қайшы келетін, тиімсіз іске асырылатын, ескірген нормалардың, соның ішінде коллизиялар, олқылықтар, бланкеттік және сілтемелік нормалардың орын алғандығы анықталған НҚА үлесі» көрсеткіші бойынша есептік ақпарат

Аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) жергілікті атқарушы
органдарын құқықтық қамтамасыз
етудің тиімділігін бағалау
әдістемесіне
5-қосымша
Нысан
«НҚА-ның құқықтық мониторингі барысында анықталған, қайшы келетін, тиімсіз іске асырылатын, ескірген нормалардың, соның ішінде коллизиялар, олқылықтар, бланкеттік және сілтемелік нормалардың орын алғандығы анықталған НҚА үлесі» көрсеткіші бойынша есептік ақпарат
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

р/с
Олар­ға қа­ты­сты құқық­тық мо­ни­то­ринг жүр­гі­зі­л­ген, рет­те­ле­тін са­лад­а­ғы НҚА-ның жал­пы са­ны
Қай­шы ке­ле­тін, ти­ім­сіз іс­ке асы­ры­ла­тын, ескір­ген нор­ма­лар­дың, со­ның ішін­де кол­ли­зи­я­лар, ол­қы­лық­тар, ар­тық блан­кет­тік және сі­л­те­ме нор­ма­лар­дың бо­луы анық­тал­ған НҚА са­ны
1
2
3
Аудан (облыстық маңызы бар қаланың)
әкім аппаратының басшысы _______ ____________________
(қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)
Аудан (облыстық маңызы бар қаланың)
әкімдігінің заң қызметінің басшысы
(заң қызметі болмаған жағдайда,
заңгер қызметін атқаратын тұлға) _____ _____________________
(қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)
20___ж. «___» _____________

6 «Құқықтық мониторинг қағидасын сақтау шеңберінде қолданыстағы заңнамаға НҚА-ны уақтылы сәйкестікке келтіру бойынша қабылданған шаралар» көрсеткіші бойынша есептік ақпарат

Аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) жергілікті атқарушы
органдарын құқықтық қамтамасыз
етудің тиімділігін бағалау
әдістемесіне
6-қосымша
Нысан
«Құқықтық мониторинг қағидасын сақтау шеңберінде
қолданыстағы заңнамаға НҚА-ны уақтылы сәйкестікке
келтіру бойынша қабылданған шаралар» көрсеткіші бойынша есептік ақпарат
___________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

р/с
Құқық­тық мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу ба­ры­сын­да анық­тал­ған рет­те­ле­тін са­лад­а­ғы НҚА-ның ны­са­ны, кү­ні және ата­уы
Ак­ті­ні қай­та қа­был­дан­ған жо­ға­ры тұр­ған НҚА сәй­кес кел­ті­ру мақ­са­тын­да қа­был­дан­ған НҚА ту­ра­лы мә­лі­мет
Құқық­тық мо­ни­то­ринг ба­ры­сын­да анық­тал­ған­дар­дың
іші­нен әзір­лен­ген және әді­лет ор­ган­да­ры­на жі­бе­рі­л­ген НҚА ту­ра­лы мә­лі­мет
Әзір­леу мер­зім­де­рі
1
2
3
4
5
Аудан (облыстық маңызы бар қаланың)
әкім аппаратының басшысы _______ ____________________
(қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)
Аудан (облыстық маңызы бар қаланың)
әкімдігінің заң қызметінің басшысы
(заң қызметі болмаған жағдайда,
заңгер қызметін атқаратын тұлға) _____ _____________________
(қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)
20___ж. «___» __________

7 «Прокурорлық ден қою актілері, сот шешімдері бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА үлесі» көрсеткішіне есептік кесте

Аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) жергілікті атқарушы
органдарын құқықтық қамтамасыз
етудің тиімділігін бағалау
әдістемесіне
7-қосымша
Нысан
«Прокурорлық ден қою актілері, сот шешімдері бойынша
өзгертілген, күші жойылған НҚА үлесі» көрсеткішіне есептік кесте
___________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

р/с
Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның қол­да­ны­с­та­ғы заң­ға тәу­ел­ді НҚА жал­пы са­ны (негіз­гі ак­ті­лер­ге өзге­ріс және то­лық­ты­ру ен­гі­зе­тін НҚА қо­с­па­ған­да)
Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның, олар­ға қа­ты­сты про­ку­рор­лар­дың ак­ті­ле­рі шы­ға­ры­л­ған НҚА са­ны
Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның, олар­ға қа­ты­сты сот ше­ші­мі шы­ға­ры­л­ған НҚА са­ны
Олар­ды қа­рау (орын­дау) нәти­же­ле­рі ту­ра­лы мә­лі­мет
Ес­кер­ту
1
2
3
4
5
6
Аудан (облыстық маңызы бар қаланың)
әкім аппаратының басшысы _____ _____________________
(қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)
Аудан (облыстық маңызы бар қаланың)
әкімдігінің заң қызметінің басшысы
(заң қызметі болмаған жағдайда,
заңгер қызметін атқаратын тұлға) _____ _____________________
(қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)
20__ж. «___» _______

8 «Әділет органдарының заң бұзушылықтарды жою туралы уақтылы орындалмаған ұсыныстарының саны» көрсеткішіне есептік кесте

Аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) жергілікті атқарушы
органдарын құқықтық қамтамасыз
етудің тиімділігін бағалау
әдістемесіне
8-қосымша
Нысан
«Әділет органдарының заң бұзушылықтарды жою
туралы уақтылы орындалмаған ұсыныстарының саны»
көрсеткішіне есептік кесте
___________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
№ р/с
Әді­лет ор­ган­да­ры­ның ұсы­ны­ста­ры­ның жал­пы са­ны
Уақ­ты­лы орын­дал­ған ұсы­ны­стар­дың са­ны
Уақ­ты­лы орын­дал­ма­ған ұсы­ны­стар­дың са­ны
1
2
3
4
Аудан (облыстық маңызы бар қаланың)
әкім аппаратының басшысы _____ _____________________
(қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)
Аудан (облыстық маңызы бар қаланың)
әкімдігінің заң қызметінің басшысы
(заң қызметі болмаған жағдайда,
заңгер қызметін атқаратын тұлға) _____ _____________________
(қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)
20__ж. «___» ________

9 «Мемлекеттік органдардың наразылық-талап-арыз жұмысы» өлшемі бойынша есептік ақпарат

Аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) жергілікті атқарушы
органдарын құқықтық қамтамасыз
етудің тиімділігін бағалау
әдістемесіне
9-қосымша
Нысан
«Мемлекеттік органдардың наразылық-талап-арыз жұмысы» өлшемі бойынша есептік ақпарат
______________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
№ р/с
Бі­рін­ші са­ты­да­ғы сот­тың ата­уы
Да­удың мәні (заң­на­ма са­ла­сын көр­се­ту және да­у­ға қа­ты­сты қы­сқа­ша ақ­па­рат бе­ру)
Мем­ле­кет­тік ор­ган да­уда: та­лап­кер, жа­у­ап­кер, үшін­ші тұл­ға ре­т­ін­де қа­ты­са­ды
Бас­қа та­рап­тың ата­уы және да­уда кім: та­лап­кер, жа­у­ап­кер, үшін­ші тұл­ға ре­т­ін­де қа­ты­са­ды
Бі­рін­ші са­ты­да­ғы сот­та іс­ті қа­рау нәти­же­сі және кү­ні
Апел­ля­ци­я­лық са­ты­да­ғы сот­тың ата­уы, қа­рау кү­ні және нәти­же­сі (қа­жет болған жағ­дай­да тол­ты­ры­ла­ды)
Кас­са­ци­я­лық са­ты­да­ғы сот­тың ата­уы, қа­рау кү­ні және нәти­же­сі (қа­жет болған жағ­дай­да тол­ты­ры­ла­ды)
Қа­да­ға­лау са­ты­сын­да­ғы сот­тың ата­уы, қа­рау кү­ні және нәти­же­сі (қа­жет болған жағ­дай­да тол­ты­ры­ла­ды)
Сот­тың соң­ғы ше­ші­мі (заң­ды кү­шіне ен­ген) ше­шім шы­ға­ры­л­ған күн және заң­ды кү­шіне ен­ген күн
Бюд­жет­ке тө­лен­ген со­ма (мың тең­ге­де), олар­дың ішін­де нақ­ты өн­ді­рі­л­ген­де­рі және қал­ған со­ма­ның өн­ді­ріл­меу се­бе­бі (заң­на­ма­да­ғы кол­ли­зия және т.б.)
Бюд­жет­тен тө­лен­ген со­ма (мың тең­ге­де), олар­дың ішін­де нақ­ты өн­ді­рі­л­ген­де­рі және қал­ған со­ма­ның өн­ді­ріл­меу се­бе­бі (заң­на­ма­да­ғы кол­ли­зия және т.б.)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Аудан (облыстық маңызы бар қаланың)
әкім аппаратының басшысы _____ _____________________
(қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)
Аудан (облыстық маңызы бар қаланың)
әкімдігінің заң қызметінің басшысы
(заң қызметі болмаған жағдайда,
заңгер қызметін атқаратын тұлға) _____ _____________________
(қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)
20___ж. «___» __________

10 Келіспеушіліктер кестесі

Аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) жергілікті атқарушы
органдарын құқықтық қамтамасыз
етудің тиімділігін бағалау
әдістемесіне
10-қосымша
Нысан
Келіспеушіліктер кестесі
___________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
________________
(есептік кезең)

Ап­па­рат­тың қо­ры­тындысы
Ба­ға­ла­на­тын мем­ле­кет­тік ор­ган­ның қар­сы­лы­ғы
Ша­ғым жа­сау қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша ше­шім
Ес­кер­ту
1
2
3
4
5
1
Шағым жасау қорытындыларын есепке алғанда жалпы балл ___ құрады.
Комиссия төрағасы, лауазымы ________ ______________________________
(қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)
Шағым жасау қорытындыларымен таныстым,
қарсылығым жоқ.
Мемлекеттік органның өкілі, лауазымы
________ ____________________
(қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)
20__ ж. «___» _______

11 20__ жылдың қорытындылары бойынша мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін бағалау үшін

Аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) жергілікті атқарушы
органдарын құқықтық қамтамасыз
етудің тиімділігін бағалау
әдістемесіне
11-қосымша
20__ жылдың қорытындылары бойынша мемлекеттік органдарды
құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін бағалау үшін
_____________________________
(мемлекеттік органның атауы)
Аппаратқа ұсынған деректерді салыстыру актісі

Ша­ғым түр­ле­рі
Ше­ге­ру бал­да­ры
1
Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның есеп­тік ақ­па­рат­ты уақ­ты­лы ұсын­ба­уы
2
Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ақ­па­рат­ты то­лық ұсын­ба­уы
3
Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның дәй­ек­сіз ақ­па­рат­ты ұсы­нуы
Бар­лы­ғы:
1. Бағалау кестесіне сәйкес мемлекеттік органның есептік ақпаратты
ұсыну мерзімі: 20___ жылғы «___» ____________ Есептік ақпаратты нақты
ұсынған күн: 20___ жылғы «___» ____________.
Шегеру: ______ балл құрайды.
2. Толық емес ақпарат ұсынған, соның ішінде есептік ақпараттың
құрылымында белгіленген талаптармен көзделген мынадай элементтер жоқ
(қосымшалар, бөлімдер, кестелер, көрсеткіштердің мәндері және т.б.):
1)__________________________________________________________________
2)__________________________________________________________________
Шегеру: ______ балл құрады.
3. Шынайы емес ақпарат ұсынылған. Қайта тексеру барысында шындыққа
сай келмейтін мынадай фактілер анықталды:
1)__________________________________________________________________
2)__________________________________________________________________
Шегеру: ______ балл құрады.
4. Шынайы емес ақпарат ұсынылған. Қайта тексеру барысында шындыққа
сай келмейтін мынадай фактілер анықталды:

р/с
Өл­шем­нің/көр­сет­кіш­тің ата­уы
Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның де­ректе­рі
Нақ­ты­лан­ған де­ректер
1
1 өл­шем
2
1.1. Көр­сет­кіш
3
1.2. Көр­сет­кіш
4
Көр­сет­кіш …
5
2 өл­шем
6
2.1. Көр­сет­кіш
7
2.2. Көр­сет­кіш
8
Көр­сет­кіш …
Шегеру: ______ балл құрайды.
Есептік ақпаратты қайта қарау нәтижелерін есепке алғанда жалпы балл _______ құрады.
Салыстыруды жүзеге асырған Аппараттың қызметкері
_______ ____________________________
(қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)
Аппарат басшысы _______ ______________________________
(қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)
Заң қызметінің басшысы _______ _____________________________
(қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)

Қолданыстағы