Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени риска в сфере частного предпринимательства в сферах естественных монополий

Бұйрық · № 200-ОД · қабылданған 01.07.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-73968/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени риска в сфере частного предпринимательства в сферах естественных монополий Күшін жойған Бұйрық ·№ 200-ОД ·01.07.2013
27.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени риска в сфере частного предпринимательства в сферах естественных монополий

Күшін жойған Бұйрық ·№ 200-ОД · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени риска в сфере частного предпринимательства в сферах естественных монополий
Атауы (қаз.)
Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
200-ОД
Қабылданған күні
01.07.2013
Көрсетілген редакция
27.06.2015 AI73968_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008617
ЭКБ идентификаторы
73968
Редакция идентификаторы
AI73968_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:51

0 Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.

2

2. «Табиғи монополиялар саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 19 маусымдағы № 139-НҚ және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 204 бірлескен бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7766 тіркелген, «Казахстанская правда» № 282-283 (27101-27102) және «Егемен Қазақстан» № 540-545 (27618) 2012 жылғы 23 тамызда № 98-99 (25945) газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Бақылау және талап қою жұмысы департаменті (А.Т. Аламан):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ә. Алпысбаевқа жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды Премьер-Министрінің
реттеу агенттігінің бірінші орынбасары -
төрағасы Қазақстан Республикасының
Өңірлік даму министрі
______________М. Оспанов _____________ Б. Сағынтаев
2013 жылғы «___» _________ 2013 жылғы «___» __________

0 Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі төрағасының
2013 жылғы 01 шілдедегі № 200-НҚ және
Қазақстан Республикасы
Премьер - Министрінің бірінші орынбасарының
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
министрінің 2013 жылғы 05 шілдедегі № 126/НҚ
бірлескен бұйрығымен бекітілген
Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

1 1. Осы Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – Өлшемдер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Өлшемдер тәуекелдердің сандық және сапалық көрсеткіштерінің жиынтығын айқындайды, олардың негізінде табиғи монополиялар субъектілерін (бұдан әрі – Субъектілер) бағалау және тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызу жүзеге асырылады.

3

3. Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын Субъектілерге (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғаларды және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларын қоспағанда) қатысты жоспарлы тексерулер олар мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл өткен соң жүргізілуі мүмкін.

4

4. Осы Өлшемдерде тәуекел деп тексерілетін Субъектілер қызметінің нәтижесінде адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне тарифті негізсіз көтеру, реттеліп көрсетiлетiн қызметтерді ұсынудан заңсыз бас тарту, тұтынушыларды кемсіту және өзге де іс-әрекеттер (әрекетсіздер) жолымен жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтіру ықтималдылығы танылады және оның салдарының ауырлық дәрежесі ескеріледі.

5 5. Субъектілерді тәуекелдер дәрежелері бойынша бөлу мақсатында тәуекелдерді бағалау осы өлшемдерге қосымшаға сәйкес Тәуекелдер дәрежесін бағалаудың сапалық көрсеткіштерінің (бұдан әрі – Сапалық көрсеткіштер) негізінде жүзеге асырылады.

6 6. Соңғы тексеру сәтінен бастап Сапалық көрсеткіштерде көрсетілген әрбір бұзушылық фактісі бойынша (оның ішінде жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде анықталған) ол болған жағдайда тиісті балл беріледі, ол кейін қосылады және тәуекелдер дәрежесін бағалау кезінде ескеріледі.

Егер Субъектінің іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі бірнеше Сапалық көрсеткіштердің әсеріне тап болған жағдайда, онда балдар қосылады.

7 7. Сапалық көрсеткіштер бойынша балдар жалпы жиынтық қорытындыны айқындау үшін қосылады.

8 8. Жиынтық қорытындының нәтижелері Субъектілерді тәуекелдер дәрежесі бойынша саралау үшін пайдаланылады.

9 9. Субъектілерді тәуекелдер дәрежесі бойынша саралау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

тәуекелдің жоғары дәрежесінің тобына - 30 және одан көп балл;
тәуекелдің орташа дәрежесінің тобына - 20 бал;
тәуекелдің шамалы дәрежесінің тобына - 10 бал жинаған Субъектілер жатады.

10 10. Егер табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнаманы қандай да бір бұзушылықтар Субъектінің табыс (түсім) алуына әкелген жағдайда, онда осындай Субъект берілген балдың жиынтығына қарамастан жоғарғы тәуекел деңгейіне жатқызылады.

11 11. Жоспарлы тексеруден өткен Субъектілер оларды келесі күнтізбелік жылдың тәуекелдер дәрежелеріне бөлу мақсатында Сапалық көрсеткіштердің негізінде тәуекелдерге қайтадан бағалануға тиіс.

12 12. Жоспарланып отырған тексерулердің саны Субъектілердің тәуекелдеріне жүргізілген бағалаудың нәтижесіне және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның тексерулерге қатысатын лауазымды тұлғалары санына сүйене отырып белгіленеді.

13 13. Уәкілетті орган тәуекелдің бір тобының ішінен Субъектілерді іріктеуді мынадай қағидаттар бойынша жүзеге асырады:

1 1) тексеру жоспарына неғұрлым ұзақ уақыт кезеңінде тексерілмеген Субъект кіреді (тексерілмеген кезеңді анықтаған кезде, жоспардан тыс тақырыптық тексерулер ескерілмейді);

2 2) тексерулер жоспарына неғұрлым көп балл жиынтығын алған субъектілер енгізіледі.

1 Тәуекелдердің дәрежесін бағалаудың сапалық көрсеткіштері

Табиғи монополиялар саласындағы
жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел
дәрежесін бағалау өлшемдеріне қосымша
Тәуекелдердің дәрежесін бағалаудың сапалық көрсеткіштері

Та­лап­тар­дың бұ­зы­луы
Бал­дар бе­ру шар­ты
Бал­дар
1
Та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­ті­сі­нің уәкі­лет­ті ор­ган­ға ақ­па­рат­ты, есеп­ті та­быс ет­пе­уі не ақ­па­рат­ты, есеп­ті бел­гі­лен­ген мер­зім­де­рін бұ­за оты­рып та­быс етуі (заң­на­ма бұ­зу­шы­лы­ғы­ның әр­бір фак­ті­сі үшін 10 балл бе­рі­ле­ді).
иә
10
жоқ
0
2
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар ту­ра­лы заң­на­ма­сын бұ­зу­шы­лық­тар (1,3-тар­мақ­тар­да көр­се­ті­л­ген бұ­зу­шы­лық­тар­ды қо­с­па­ған­да) (заң­на­ма бұ­зу­шы­лы­ғы­ның әр­бір фак­ті­сі үшін 20 балл бе­рі­ле­ді).
иә
20
жоқ
0
3
Негіз­сіз та­быс (тү­сім) алу­ға әкел­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар ту­ра­лы заң­на­ма­сы бұ­зу­шы­лық­тар (заң­на­ма бұ­зу­шы­лы­ғы­ның әр­бір фак­ті­сі үшін 30 балл бе­рі­ле­ді).
иә
30
жоқ
0

Қолданыстағы