Об установлении рейтинговых агентств и минимального требуемого рейтинга для облигаций, с которыми банки могут осуществлять сделки
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении рейтинговых агентств и минимального требуемого рейтинга для облигаций, с которыми банки могут осуществлять сделки
- Атауы (қаз.)
- Рейтингілік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 141
- Қабылданған күні
- 28.06.2013
- Көрсетілген редакция
- 01.03.2018 73976_294911.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008594
- ЭКБ идентификаторы
- 73976
- Редакция идентификаторы
- 73976_294911
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:52
0 Рейтингілік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – банктер) мынадай бағалы қағаздармен:
«В-»-тен төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингтік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе «В2»-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингтік агенттіктің жіктеуі бойынша) рейтингісі бар шетел эмитенттерінің облигацияларымен;
«В-»-тен төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингтік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе «В2»-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингтік агенттіктің жіктеуі бойынша) рейтингісі не жоғарыда көрсетілген рейтингтік агенттіктердің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигацияларымен сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асырады деп белгіленсін. Осы абзацтың мақсаттары үшін жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының 50 (елу) пайызынан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Ұлттық Банкке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар болып табылатын Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигациялары Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингісін иеленетін Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигациялары ретінде танылады;
«ВВВ-»-тен төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингтік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе «Ваа3»-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингтік агенттіктің жіктеуі бойынша) шетел валютасындағы ұзақ мерзімді тәуелсіз рейтингісі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асырады деп белгіленсін.
2
2. Банктер «ВВВ-»-тен төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингілік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе «Ваа3»-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингілік агенттіктің жіктеуі бойынша) шетел валютасындағы ұзақ мерзімді тәуелсіз рейтингісі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алады деп белгіленсін.
3
3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күні банкте осы қаулының 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес келмейтін бағалы қағаздары болған жағдайда, банк көрсетілген бағалы қағаздарды сатуды, сондай-ақ есеп саясатына сәйкес осы бағалы қағаздарды 39 «Қаржы құралдары: тану және өлшеу» Халықаралық қаржылық есептілік стандартының (IAS) талаптарына қайшы келмейтін жағдайларда «өтелгенге дейін ұсталатын қаржы құралдары» санатына аударуды жүзеге асыра алады.
4
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Рейтингілік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні, сондай-ақ банктер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етілетін рейтингісін белгілеу туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 176 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7666 тіркелген, 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінде № 339-345 (27419) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.