Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования и культуры работающих в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования и культуры работающих в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 137
- Қабылданған күні
- 21.07.2013
- Көрсетілген редакция
- 05.11.2014 73988_144038.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13TD002771
- ЭКБ идентификаторы
- 73988
- Редакция идентификаторы
- 73988_144038
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:39
0 Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 238-бабының 3-тармағына және V шақырылған аудандық мәслихаттың XI сессиясының 2013 жылғы 19 сәуірдегі № 105-V "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесіне келісім беру туралы" шешіміне сәйкес Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Р. Өтеғалиевке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Исатай ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы А.Сидеғалиев
2013 жылғы "22" шілде
Исатай ауданы мәслихатының
хатшысы Ж.Қадимов
2013 жылғы "22" шілде
4 Исатай ауданы әкімдігінің
2013 жылғы "22" шілде № 137
қаулысына қосымша
Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының
ТІЗБЕСІ
1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары
мемлекеттiк мекеме басшысы;
күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер;
әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.
2 2. Білім беру мамандарының лауазымдары
мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
мектепке дейінгі қазыналық кәсіпорынның басшысы;
кабинет мегерушісі;
кітапхана, интернат меңгерушісі;
мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы мұғалімдер және дәрігерлер, психолог, нұсқаушы, зертханашы, медициналық бике, емдәм бикесі, хореограф, тәрбиеші, кітапханашы, үйірме жетекшісі, шебер, жетекші, музыкалық жетекші, әдістемеші, бағдарламашы.
3 3. Мәдениет мамандарының лауазымдары
мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы;
кітапхана, клуб меңгерушісі;
мамандар (бас, аға): аккомпаниатор, кітапханашы, редактор, режиссер, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы, әдістемеші, барлық атаудағы суретшілер, хореограф, музыкалық жетекші, режиссердің ассистенті.