О внесении изменений в некоторые постановления акимата города Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые постановления акимата города Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3/657
- Қабылданған күні
- 26.07.2013
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2014 73999_251244.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13R0000995
- ЭКБ идентификаторы
- 73999
- Редакция идентификаторы
- 73999_251244
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:36
0 Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына келесі өзгерістер енгізілсін:
1
1) Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы № 1/230 қаулысына (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 934 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 мамырдағы «Вечерний Алматы» газетінде және 2012 жылғы 22 мамырдағы «Алматы ақшамы» газетінде жарияланған):
«кіріспедегі 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» сөздері «2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» сөздерімен ауыстырылсын;
барлық мәтін бойынша «бастық», «бастыққа», «бастықтың» сөздері тиісінше «басшы», «басшыға», «басшының» сөздерімен ауыстырылсын;
2
2) Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы электрондық мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы № 1/231 қаулысына (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 935 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 мамырдағы «Вечерний Алматы» және «Алматы ақшамы» газеттерінде жарияланған):
«кіріспедегі 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» сөздері «2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» сөздерімен ауыстырылсын;
барлық мәтін бойынша «бастық», «бастыққа», «бастықтың» сөздері тиісінше «басшы», «басшыға», «басшының» сөздерімен ауыстырылсын;
3
3) Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 4/1050 «Алматы қаласында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 965 болып тіркелген, 2013 жылғы 2 ақпандағы «Вечерний Алматы» және «Алматы ақшамы» газеттерінде жарияланған):
«кіріспедегі 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» сөздері «2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» сөздерімен ауыстырылсын;
барлық мәтін бойынша «бастық», «бастыққа», «бастықтың» сөздері тиісінше «басшы», «басшыға», «басшының» сөздерімен ауыстырылсын.
2 2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Енгізуші:
Алматы қалалық Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы
Ә. Құлмаханов
Келісілді:
Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Ю. Ильин
Алматы қаласы әкімі аппаратының
заң бөлімінің басшысы
А. Қасымова