Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрения граждан, а также размера денежного вознаграждения, участвующих в обеспечении общественного порядка в Илийском районе

Қаулы · № 6-1111 · қабылданған 02.07.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-74007/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрения граждан, а также размера денежного вознаграждения, участвующих в обеспечении общественного порядка в Илийском районе Күшін жойған Қаулы ·№ 6-1111 ·02.07.2013
24.11.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и порядка поощрения граждан, а также размера денежного вознаграждения, участвующих в обеспечении общественного порядка в Илийском районе

Күшін жойған Қаулы ·№ 6-1111 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрения граждан, а также размера денежного вознаграждения, участвующих в обеспечении общественного порядка в Илийском районе
Атауы (қаз.)
Іле ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін және оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6-1111
Қабылданған күні
02.07.2013
Көрсетілген редакция
24.11.2020 74007_495535.kaz
Соңғы өзгеріс
24.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13DJ002421
ЭКБ идентификаторы
74007
Редакция идентификаторы
74007_495535
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:51

0 Іле ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін және оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1243 "Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесін бекіту туралы" Қаулысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Іле ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға ақшалай сыйақының мөлшері қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ерболат Сапарұлы Тұрымбетовке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Іле аудандық ішкі
істер басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы                                    Талғат Бақытжанұлы Беркінбаев
02 шілде 2013 жыл

4 Көтермелеудің түрлері

Іле ауданы әкімдігінің 2013
жылғы 02 шілдедегі "Іле
ауданындағы қоғамдық тәртіпке
қатысатын азаматтарды
көтермелеудің түрлері мен
тәртібін және оларға ақшалай
сыйақының мөлшерін айқындау
туралы" N 6-1111 қаулысына
қосымша
Іле ауданындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға
ақшалай сыйақының мөлшері
Көтермелеудің түрлері

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1 1) алғыс жариялау;

2 2) граммотамен марапаттау;

3 Көтермелеудің тәртібі

3) ақшалай сыйлықақы беру.
Көтермелеудің тәртібі

2 2. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Іле ауданы әкімдігімен құрылған комиссия қарайды.

3 3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртіпті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды ақшалай сыйақымен көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды комиссияның қарауына Іле аудандық ішкі істер бөлімі ұсынады.

4 Ақшалай сыйақының мөлшері

4. Комиссия қабылдаған шешім - көтермелеу үшін, ал комиссия қабылдаған шешімге сәйкес аудандық ішкі істер бөлім бастығының бұйрығы - көтермелеуге ақы төлеу үшін негіз болып табылады.
Ақшалай сыйақының мөлшері

5

5. Ақшалай сыйақының мөлшерін комиссия қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көтермеленетін адамның қосқан үлесін және ол немесе оның қатысуымен жолы кесілген құқыққа қарсы әрекеттің нәтижесінде көтерілуі залалдың көлемін ескере отырып белгілейді және ол, әдетте, 10 есе айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Қолданыстағы